Главная страница
Навигация по странице:

  • 4К моделіне

  • иоироо чааврапат авапр. 4К моделіне_ креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті д. 4К моделіне креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуа жне командада жмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бгінгі кнні мектепке дейінгі педагогына ойылып отыран талап, 4К моделіне


    Скачать 22.62 Kb.
    Название4К моделіне креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуа жне командада жмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бгінгі кнні мектепке дейінгі педагогына ойылып отыран талап, 4К моделіне
    Анкориоироо чааврапат авапр
    Дата06.02.2023
    Размер22.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4К моделіне_ креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті д.docx
    ТипДокументы
    #922653

    Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деген болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Қазіргі бүлдіршіндерді жаңаша бағытта оқыту мен дамыту мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына байланысты.

    Бүгінгі күннің педагогі білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бүгінгі күннің мектепке дейінгі педагогына қойылып отырған талап, 4К моделіне сәйкес жұмыс істей алу қабілетін жүзеге асыру.

    Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.

    Кәсіби құзыреттілікті дамытатын заманауи инновациялық технологиялардың ең тиімдісі әдістемелік жобалар.

    Әдістемелік жобалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыру, қабілеттерін дамыту және оларды инновациялық ортада жұмыс жасауға әзірлеу масатында шығармашылық ізденістерін жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдайларды жасауға бағытталған әдістемелік жұмыстың формасы.

    Әдістемелік жұмыспен педагогтың шығармашылығы ең алдымен ғылыми – әдістемелік өзекті тақырып бойынша ұжыммен, топта немесе жеке айналысқан шығармашылық ізденісте, зерттеу жұмыстарында, модельдеуде, көрініс табады. Шығармашылық топтық жұмыс жоспарының негізін жобалау немесе мектеп жасына дейінгі балалармен жобалау жұмысын дайындаудың барлығын жобалық іс – әрекет қарастырады.

    Топтық әдістемелік жоба – бұл нәтижесінде нақты мақсаттарға жететін және оқыту мен тәрбиелеудің маңызды мәселелерін шешетін жалпы жұмыстың құрамдасы ретінде әр қатысушының белсенділік әрекетін 5 қамтитын,белгіленген шектеулі уақыт шамасында орындалатын тізбектелген, өзара байланысқан іс– әрекеттер.

    Жоба–(латын сөзінен аударғанда «алға лақтыру»)-бұл түп тұлғасы, армандағы (идеальный) жорамалдаған бейне немесе мүмкін объект, жай – күйі, кей жағдайда – жоспар, қайсы бір әрекеттің түпкі ойы. Жобалар нақты мақсаттарға жетуге бағытталған, өзара байланысқан әрекеттерді үйлестіріп орындауын да қосады. Олар уақыт шеңберінде шектеулі анықталған, басы ен соңы болады.

    Жобалар әдісі негізінде оқу-танымдық қызметтің тәжірибелік және теориялық немесе басқа маңызды мәселені шешкенде пайда болатын нәтижеге бағытталғаны туралы ой салынған.

    Сыртқы нәтижені көруге ұғынуға, шынайы практикалық қызметте қолдануға болады.

    Ішкі нәтиже – қызметтің тәжірибесі – білім мен білікті, құзыреттілікті және құндылықты өзіне байланыстыра отырып, жоба әр қатысушының игілігі болып қалады.

    Жобалық іс-әрекеттің өнімдері: көрме, бизнес-жоспар, жол көрсеткіш картасы, ертегі, драмалық көрністер, анықтама т.с.с. болуы мүмкін.

    Жобаның кезеңдері:

    •Жобаға ену;

    •Іс-әрекетті ұйымдастыру;

    •Іс – әрекетті жүзеге асыру;

    •Нәтижелерін жариялау;

    Жобалық қызметті ұйымдастыру іс - әрекеттер құрылымына кіреді: себеп, мәселені қою, мақсат, міндеттер, болжамдарды ұсыныу, мәселені шешу жолдары, әдіс-тәсілдер, жобаны жүзеге асыру бойынша әрекеттерді жоспарлау, ақпараттарды жинақтау, ақпараттарды құрылымдау, өнімді дайындау, өнімді рәсімдеу, тұсаукесерге дайындық, тұсаукесер, рефлексия, өзіндік бағалау және өзіндік талдау.

    Жобалық технологияның функционалдық санаттары: интегративті, мақсатты-бағдарламалық, әрекеттік, креативті, ынталанушылық, коммуникативті, құндылық-бағдарлық, зияткерлік.

    Жобалау технологиялар әдістемелік жұмыста педагогикалық кеңестер, семинар–пркатикумдар және де басқалай әдістемелік шаралар жүргізу барысында қолданылады.

    Жобаны іске асыруда мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын қатыстыру маңызды, өйткені осындай тізбекте бірізділікке, мақсатқа бағытталған– олар ең бастыны кіріктіреді, құрылымдайды, дамытады, өзін оқытады және жаңа жеке тұлғалық сапаға ие болады, сонымен бірге, топтың басқа мүшелерінің өзіндік шығармашылықтарын жүзеге асыру жағдайын жақсартады.


    написать администратору сайта