Главная страница
Навигация по странице:

  • Бөлім V Бөлім Python программалау тілінде 2D ойынын құру Педагогтың аты-жөні

  • Сабақтың тақырыбы: §26. PyGame кітапханасы. Кітапхананы қосу О

  • Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар

  • Кейбір оқушылар

  • Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау

  • Үй тапсырмасы. «Серпілген сауалдар» әдісі.

  • Сабақтың ортасы Жаңа ақпаратпен танысу. PyGame кітапханасы

  • Сабақтың соңы Сабақты қорытындылау

  • 5 ббмо кмм саба жоспары немесе ыса мерзімді жоспар Пн Информатика


    Скачать 0.59 Mb.
    Название5 ббмо кмм саба жоспары немесе ыса мерзімді жоспар Пн Информатика
    Дата09.04.2023
    Размер0.59 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла27.docx
    ТипПрограмма
    #1049258

    5 ҚББМО КММ___________________

    Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

    Пән – «Информатика»


    Бөлім

    V Бөлім Python программалау тілінде 2D ойынын құру

    Педагогтың аты-жөні

    Бердиходжаева Маншук Сайлауовна

    Күні

    27.03.2023

    Сынып 9

    Қатысушылар саны




    Қатыспағандар саны




    Сабақтың тақырыбы:

    §26. PyGame кітапханасы. Кітапхананы қосу

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    9.3.3.3 PyGame; кітапханасын қосу

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар: PyGame модулімен танысу.

    Көптеген оқушылар: PyGame кітапханасының геометриялық фигуралар салатын командаларын анықтау.

    Кейбір оқушылар: PyGame командаларының көмегімен фигураларды салуды программалау.

    Бағалау критерийлері

    PyGame модулімен танысады.

    PyGame кітапханасының геометриялық фигуралар салатын командаларын анықтайды

    PyGame командаларының көмегімен фигураларды салуды программалайды

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезені/ уақыт

    Педагогтың әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Ұйымдастыру.

    «Сәлемдесу» әдісі. Оқушылар бір-бірімен әртүрлі елдің салтымен

    сәлемдеседі.

    Үй тапсырмасы. «Серпілген сауалдар» әдісі. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Допты лақтыру арқылы өткен тарау бойынша сұрақтар қояды.

    Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс істеу:

     Қандай компьютерлік ойындарды ойнауды жақсы көресің?

     Бұл ойындардың қандай программа көмегімен жасалғанын білесің бе?

     Компьютерде өз сценарийіңмен ойын жасағың келе ме?

     Компьютерде ойын жасау үшін қандай білімдер қажет деп ойласың?

    Мұғаліммен амандасады. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсаттарымен танысады.

    Үй тапсырмасын талқылайды

    Сұрақтарға жауап береді


    Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша

    мадақтау, қолдау көрсету.

    Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша

    мадақтау, қолдау көрсету.


    Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері
    Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері


    Сабақтың ортасы

    Жаңа ақпаратпен танысу.

    PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көп теген платформалар мен операциялық жүйелерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды. PyGame – Python программалаушыларына осы қуатты кітапхананы пайдалануға мүмкіндік беретін SDL байланысы.

    PyGame өте ыңғайлы болғанымен Python-ның стандартты кітапханасына кірмейді, яғни ол орнату бумасымен бірге жеткізілмейді, оны бөлек орнату қажет. Ол үшін өзіміз қолданып отырған Python 3.4. нұсқасына сәйкес PyGame кітапханасын www.pygame.org сайтынан жүктей аламыз немесе Пуск-Программы- Стандартные-Командный строка командасын орындап, командалықжолға төмендегі команданы жазып, Enter пернесін басамыз.

    Рython – m pip install – U pygame – user немесе Python –mpip install pygame командасын орындаймыз.


    https://www.youtube.com/watch?v=k7r6lqI3Lew сілтемесі арқылы PyGame кітапханасын орнатуды көруге болады.

    Ойын әзірлеу кезінде бірінші қадам – терезені құру, яғни ойын алаңы болып табылады. PyGame кітапханасында дисплей терезесі мен экранды басқаруға арналған дайын pygame.



    Компьютермен жұмыс. Шеңбер, тіктөртбұрыш, түзу салу командасын

    компьютерде орындаңдар.

    3-код

    import pygame

    pygame.init()

    screen = pygame.display.set_mode([360, 320])

    screen.fill([255,255,255])

    pygame.draw.circle(screen, [93,68,255],[170,60], 50,

    0)

    pygame.draw.rect(screen, [255,0,0], [80, 130, 180,

    180], 0)

    pygame.draw.line (screen, [0,255,33], [50, 100], [50,

    300],5)

    pygame.display.flip()

    running = True

    while running:

    for event in pygame.event.get():

    if event.type == pygame.QUIT:

    running = False

    pygame.quit()
    Топтық жұмыс. Геомериялық фигуралар салатын командалардың

    қызметін талдаңдар. Геометрияда шеңбер, түзу және тіктөртұрыш сияқты фигуралардың формулаларымен салыстырыңдар.
    Жұптық жұмыс. Суретте берілген фигураларды pygame.draw командалары көмегімен салудың программасын ұсыныңдар



    Мұғалімді тыңдайды

    Кестені толтырады

    Дескриптор

    -шеңбер салу командасын анықтайды;

    -тіктөртбұрыш салу командасын анықтайды;

    -түзу салу командасын анықтайды

    Компьютермен жұмыс жасайды
    Дескриптор:

    • Pygame командаларын программалауда қолданады.


    Топтық жұмысты орындайды


    Жұптық жұмысты орындайды


    Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша

    мадақтау, қолдау көрсету.

    ФБ (1-10 ұпай)

    Топпен бағаланады


    Оқушылардың жауаптарын бағалау парағына

    балл қою арқылы бағалау



    Интербелсенді тақта

    Интербелсенді тақта, жұмс дәптері


    Компьютер

    Интербелсенді тақта, жұмс дәптері
    Интербелсенді тақта, жұмс дәптері, компьютер


    Сабақтың соңы

    Сабақты қорытындылау

    1. Pygame модулінің қызметі қандай?

    2. Pygame модулін қалай іске қосуға болады?

    3. Геометриялық фигураларды салуға қандай

    командамен таныстың?

    4. Pygame-де түстер қалай таңдалады?
    Кері байланыс:




    Сұрақтарға жауап береді
    Кері байланыс жасайды


    Өзін-өзі бағалайды


    А4


    Үй тапсырмасы

    Қосымша ғаламтордан ақпарат іздеу

    Күнделікке жазады




    күнделік


    написать администратору сайта