Главная страница

ОЛИМПИАДЫ. ОЛИМПИАДА Тапсырмалары. 5блім Ксіп баытты шыраы, ебек ырысты блаы

Скачать 32.31 Kb.
Название5блім Ксіп баытты шыраы, ебек ырысты блаы
АнкорОЛИМПИАДЫ
Дата24.03.2023
Размер32.31 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОЛИМПИАДА Тапсырмалары.docx
ТипДокументы
#1011631

5-бөлім: «Кəсіп – бақыттың шырағы, еңбек ырыстың бұлағы».

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп жылдан-жылға дамып келеді. Соңғы жылдары, әсіресе, Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп қанатын кеңге жайып келеді. Сондай өнеркәсіп орындарының бірі – Алматы тоқыма фабрикасы. Фабрика жаңа стильдегі жоғары сапалы жаңа киім, әртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен кәдесыйлар шығарады. Алматы тоқыма фабрикасы – сапалы өнім өндіруші кәсіпорын. Фабрикада тек қой жүнінен ғана емес, мақтадан да түрлі өнім өндіріледі. Мақта өнімдері де жақсы болады. Бұл фабриканың өнімдері тұтынушылардың сұранысына ие. Онда ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған тоқыма бұйымдар мен киім-кешектің сан алуан сәнді үлгілері өндіріледі. Сәнді бұйым адамға жақсы көңіл күй сыйлайды. Қалада Алматы тоқыма фабрикасын өнімдерін сататын дүкендер де өте көп. Бұл дүкендерге түскен тауар лезде сатылып кетіп жатады. Өйткені сапалы тауар өтімді болады әрі бұл кәсіпорынның өнімдерін тұтынатын тұрақты тұтынушылардың саны да көп болады.

Қазақстандықтар отандық өнімдерді тұтынады. Сапалы тауар арқылы тұтынушы қажеттілігн өтеуге болады. Сапалы тауарлардың иесі – отандық кәсіпкерлер. Отандық өнімді пайдалану отандық кәсіпкерлер үшін тиімді. Олар өнімдерінің өтімді болуы үшін тұтынушы көңілінен шығуды міндет санайды. Сондықтан да болар отандық өнімге деген сұраныс артып келеді.

Соңғы уақытта Қазақстанда отандық өнім өндіретін кәсіпорындардың саны артып келеді. Елімізде тұтынушы қажеттілігін отандық өнімдер өтейді.

1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. A) тұтынушы, жеңіл өнеркәсіп, түбіт шәлі B) жұмысшы, отандық өнім, қысқа күртеше C) өтімді тауар, тоқыма фабрикасы, кәдесый D) жеңіл өнеркәсіп, отандық өнім, өтімді тауар

2. Мәтінде қандай кәсіп туралы айтылған? А) балық кәсібі В) егіншілік кәсіп С) жеңіл өнеркәсіп D) мақта өсіру кәсібі

3. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. A) Мақта өнімдерінің сапасы туралы баяндалады.

B) Жеңіл өнеркәсіп орындары туралы баяндалады. C) Алматы қаласы тұтынушыларының талғамы жоғары

D) Алматы тоқыма фабрикасының өнімдері тұтынушы қажеттілігін өтейді

4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Алматы тоқыма фабрикасының басты міндеті қандай?

A) сәнді бұйымдар өндіру B) ата-анасының сенімін ақтау

C) тұтынушы қажеттілігін орындау D) дүкендердің тапсырысын орындау

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Алматы тоқыма фабрикасынң негізгі өнімі не?

А) жаңа, сәнді киімдер В) жұмыс киімдер мен кәдесыйлар С) балалар тоқыма киімі D) мақта өнімдері

6. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Неліктен фабриканың өнімдері тұтынушылардың сұранысына ие?

А) сәнді киімдері сан алуан В) дүкендері өте көп С) киімдері жаңа стильде D) тауарлары жоғары сапада

7. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. A) Қазақстандық өнеркәсіп қарқынды дамуда. B) Қойдың жүнінен қыстық киімдер тігіледі. C) Кәсіпкерлік жұмыс табандылықты қажет етеді. D) Тұтынушы сұранысын шетелдік өнімдер өтейді.

8. Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелді анықтаңыз.

А) Еңбек ет те, міндет ет. В) Ұстаны соққан пышағынан таниды. С) Шеберлікке шек жоқ. D) Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.

9. Мәтін стилін анықтаңыз. А) публицистикалық стиль В) көркем әдеби стиль С) ауызекі сөйлеу стилі D) ғылыми стиль

10. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. Адамның көңіл күйіне ....

А) тоқыма киім әсер етеді В) сәнді киім әсер етеді С) кәдесый әсер етеді D) жаңа киім әсер етеді

12-бөлім: «Қазақстанның айтыс өнерімен сөз мəдениеті.

Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында суырып салып айтылатын сөз сайысы.

Айтыс — тұрмыс-салт жырларынан басталып, келе-келе сөз жарыстырған ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады.

Айтыс — әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарын байқайды. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. Мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Айтыскер ақындар бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды.

1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) айтыс, қызмет, той В) тұрмыс-салт, мақсат, ақын С) ақын, айтыскер, ауыз әдебиеті D) лирика, эпика, драма

2. Айтыс өнерінің ерекшелігін анықтаңыз.

А) драмалық өнер В) суырыпсалмалық сөз өнері С) эстетикалық өнер D) дәстүрлі өнер

3. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. А) Айтыскер ақындар бірін-бірі іздеп келіп айтысқан.

В) Ертеде қазақтың тойы айтыссыз өтпеген. С) Халық айтыста төрелік еткен. D) Айтыс - прозалық жанр.

4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Ақындар қандай қырларымен танылады?

А) тапқырлығымен В) төрелігімен С) сауықшылдығымен D) өнерімен

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Айтыскерлердің негізгі міндеті қандай?

А) көпшілік алдында сөз сайысына түсу В) топ алдында суырыпсалмалық өнер көрсету

С) халықтық дәстүрді жалғастыру D) той қызығы мен мәртебесін көтеру

6. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Айтыс неден бастау алған?

А) тұрмс-салт жырларынан В) халықтық дәстүрден С) ауыз әдебиетінен D) поэзиялық жанрдан

7. Айтыс жанрына сай өнерді анықтаңыз. А) қолөнер В) шешендік өнер С) ән өнері D) саятшылық өнері

8. Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелді анықтаңыз. А) Өнер алды - қызыл тіл.

В) Мыңнан түсін танығанша, бірдің атын біл С) Орақ ауыз, от тілді. D) Қол өнері - кілемде, Сөз өнері - өлеңде.

Начало формы

Конец формы

9. Мәтін стилін анықтаңыз. А) ауызекі сөйлеу стилі В) көркем әдеби стиль С) публицистикалық стиль D) ғылыми стиль

10. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. Айтыстың өзіндік .....

А) жеңісі бар В) бағасы бар С) дәстүрі бар D) шарты бар

7-бөлім: «Тарихи тұлғалар тағылымы

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі.

Күйші 1818 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әртүрлі әңгіме тыңдаған. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты.

Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен.

Күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ұлы тұлға. Ол – әрі күйші сазгер, әрі дүлдүл домбырашы. Оның күйлерінде өз заманының болмысын сипаттайтын тарихи мазмұн да, терең ойға жетелейтін саздылық та толы.

Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешен» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар. Мысалы, «Кішкентай» атты күйлері Исатай-Махамбет көтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің өз өміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан көрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан.

А) күйші, домбыра, өнер В) құдірет, сазгер, классик С) музыка, сазгер, билік D) өнер, сайыс, домбыра

2. Мәтін не туралы? А) ұстаз туралы В) күй құдіреті С) домбырашы туралы D) күй өнерінің классигі

3. Құрманғазы кім болған? А) күйші, әнші, сатирик В) композитор, домбырашы, күйші

С) домбырашы, суретші, музыкант D) классик, күйші, қашқын

4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. А) Құрманғазы патша үкіметіне қарсы шықты.

В) Күй – қазақ халқының ұлттық өнері. С) Күй арқылы тек өз өмірі туралы жырлаған.

D) Оның күйлерінде өз заманының болмысын сипаттайтын тарихи мазмұн жоқ.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Құрманғазы күй өнерін алғаш кімнен үйренген?

А) Исатайдан В) Махамбеттен С) Ершіден D) Ұзақтан

6. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Құрманғазының күйлері несімен ерекше?

А) сатиралық сарын бар В) тарихи мазмұн мен терең ой бар С) паша өткіметі туралы D) өз өміріне қатысты күйлер бар

7. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. «Қызыл қайың» күйі қандай оқиғаға негізделген?

А) өз өмірбаянына В) әртүрлі әңгімеге С) нақты болған оқиға D) патша озбырлығына

8. Құрманғазыынң күйлерінде не көрініс тапқан?

А) нақты болған оқиғалар В) әртүрлі әңгіме С) тарихи туынды D) күй өнері

10. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. Исатай-Махамбет көтерілісіне арналған күй - ....

А) «Кісен ашқан» В) «Түрмеден қашқан» С) «Кішкентай» D) «Қызыл қайың»

написать администратору сайта