Главная страница

Іс қағаздарынан деңгейлік тапсырмалар. ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР. 5 жатта жазылмаан деректемені (реквизитті) тауып, оны жазылуын 10422001 р ст сйкес дрыстап, ажетті орнына орналастыру керек.


Скачать 79 Kb.
Название5 жатта жазылмаан деректемені (реквизитті) тауып, оны жазылуын 10422001 р ст сйкес дрыстап, ажетті орнына орналастыру керек.
АнкорІс қағаздарынан деңгейлік тапсырмалар
Дата30.09.2019
Размер79 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР.doc
ТипДокументы
#88058

«5» - Құжатта жазылмаған деректемені (реквизитті) тауып, оның жазылуын 1042-2001 ҚР СТ сәйкес дұрыстап, қажетті орнына орналастыру керек. Табулятордың нешінші жағдайынан жазылатынын, деректемелер мен мәтін жолдарының қандай аралықпен (интервалмен) бөлінетінін көрсету керек.
1-тапсырма
Ә.Қастеев атындағы орталық өнер мұражайы
БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ
25.12.2006 № 80
Алматы.
Мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін

қамтамасыз ету және күзетті

күшейту туралы
2006 жылғы 31 желтоқсан және 2007 жылғы 1 қаңтар мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзетті күшейту мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:
2. Мұражайдың барлық қызметкерлері 30.12.2006 күні жұмыс аяқталғаннан кейін бөлімшелердегі электр аспаптарының жағдайын жеке өздері тексерсін және бөлмелерді директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарына сағат 17.00-ге дейін тегіс өткізсін.

Мұражай директоры _________________________ Н.Т. Ыбыраев

МӨР (қолы)
Дұрыс Б.К. Үкіртаев

25.12.2006

2-тапсырма
АЛМАТЫ ОБЛЫС ӘКІМШІЛІГІ ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНЕ

Хабарлаған – Дайыров Қабылдаған – Жарасова.

Қабылдаған уақыты – 10 сағ. 30 мин.
ТЕЛЕФОНХАТ
26 қазан күні сағат 14.00-де облыстық әкімшілігінде аудандық әкімдер үшін халықтың әл-ауқатын көтеру жайлы мәжіліс болады. Соған қатысуыңызды өтінемін.

Облыс әкімі _________________________ А.Р. Иманов

МӨР (қолы)

3-тапсырма
«Мұрагер» АҚ
БҰЙРЫҚ
29.12.2006 №87
Алматы
Қызметкерлер арасында

қазақ тілін оқытуды

жетілдіру туралы
2006 жылы қазақ тілін оқып үйрену аптасына екі рет барлық тыңдаушыларға жаппай жүргізілді, енді әркімнің қазақ тілін білу деңгейін ескере отырып, оқуды әрі қарай жетілдіру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Тыңдаушылар білім деңгейіне сай үш топқа бөлінсін.

2. Сабақтар аптасына екі рет жоспарлау бөлімінде өткізілсін.

3. Сабақтардың ұйымдастырылуы тиісті жүйеде өтуін қадағалау директордың орынбасары А.Б. Әсетовке жүктелсін.

Акционерлік қоғам директоры _________________________ Р.Д. Данияров

МӨР (қолы)

4-тапсырма
Облыстық халыққа білім беру

басқармасының бастығы О.А. Айдосовқа

№4 кәсіптік лицей директоры

В.Д. Фоменкодан
БАЯНДАУ ХАТ
14.05.2006 № 64
Алматы
Хатшы-референт мамандығына арналған өндіріске оқыту шеберханаларында компьютерлер жетпейді. Компьютерлермен толық қамтамасыз ету жолдарын қарастыруды сұраймын.


Лицей директоры _________________________ В.Д. Фоменко

МӨР (қолы)


5-тапсырма
№5 кәсіптік лицей Алматы қалалық білім беру департаментіне
БАЯНДАУ ХАТ
20.08. 2006 №79
Алматы
Оқушылар қабылдау жоспарының

орындалуы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік білім беру Бас басқармасы бекіткен 2006-2007 оқу жылына оқушылар қабылдау жоспарының орындалғанын мәлімдеймін. Орта білім топтарында оқыту үшін 9 сыныпты бітірген 275 оқушы қабылданды.

Аталған жұмыстардың ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын.


Лицей директоры _________________________ А.Н. Сапарбаев

МӨР (қолы)

6-тапсырма
Мақта-мата сату бірлестігінің

директоры Н.К. Жанболысовқа

№8 мектеп директоры

Р.С. Құнанбаевадан
24.07.2006 №92
Алматы
Перделік мата сатып алу туралы
№8 мектеп кабинеттерінің терезелеріне құруға әр түрліден 40-50 метр мата сатуыңызды сұраймын.

Маталардың қандай түрлері мен өлшемдері керектігі қосымшада берілген.
Қосымша: 5 бетте, 2 данада

Мектеп директоры _________________________ Р.С. Құнанбаева

МӨР (қолы)

7-тапсырма
Хат алушы (адресат)

Кімнен? Кімге?
ӨТІНІШ
Мені 2007 жылдың 12 наурызынан бастап өз еркіммен қазақ тілі пәнінің оқытушысы қызметінен босатуыңызды сұраймын.
12.02. 2007 қолы

8-тапсырма
Алматы қалалық №135 қазақ орта

мектебінің директоры

А.Асылбеков мырзаға

физика пәнінің мұғалімі

Қадырова Самалдан
ӨТІНІШ
Сізден отбасы жағдайыма байланысты мерзімі – қашаннан қашанға дейін (2007 жылғы 15 қаңтардан бастап 15 күнге) демалыс түрі (кезектен тыс, ақысыз) демалыс беруіңізді сұраймын.
Күні (мәтіндегі күнге сәйкес болуы керек) қолы

9-тапсырма
№12 орта мектеп
ХАТТАМА
17.10. 2006 № 00
Алматы
№12 орта мектебінің

9 «А» сынып жиналысы
Төрағасы – Г.Ж. Рысқұлова

Хатшы – А.М. Асылбекова

Қатысты – 26 адам (тізімі қоса беріледі).
КҮН ТӘРТІБІ:

1. Е.Н. Амановтың жеке басының мәселесі.

2. Республика күніне байланысты өтетін кештің жоспарын жасау.
2-ТЫҢДАЛДЫ:

Г.Ж. Рысқұлова Респулика күніне байланысты кештің жоспары бойынша сынып оқушыларының пікірлерін айтуын сұрады.
ШЫҒЫП СӨЙЛЕУШІЛЕР:

А.М. Жұмақынова, Ж.С. Алипова, А.А. Асанова мынадай жоспар ұсынды:

1. Баяндама

2. Әдеби-музыкалық қойылым

3. Би
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

2.1. Ұсынылған жоспар өзгеріссіз қабылдансын.

2.2. Кештің жоспарға сәйкес өткізілуі сынып белсенділеріне тапсырылсын.

2.3. Кештің өту кезіндегі тәртіпке жауап беру М.Р. Төлегенова мен А.Д. Каримовке тапсырылсын.

Төрағасы қолы Г.Ж. Рысқұлова

Хатшы қолы А.М. Асылбекова
Дұрыс Хатшы А.М. Асылбекова
№17 Іске 18.10.2006

«4» - Құжат деректемелерін (реквизиттерді) 1042-2001 ҚР СТ сәйкес дұрыстап, қажетті орнына орналастыру керек. Табулятордың нешінші жағдайынан жазылатынын, деректемелер мен мәтін жолдарының қандай аралықпен (интервалмен) бөлінетінін көрсету керек.
1-тапсырма
№4 Кәсіптік лицей

директоры В.Д. Фоменкоға

№2 Педагогикалық колледж

директоры Л.А. Проскуринадан
12.05.2006 №17/12-186
Алматы
Орындықтар мен столдар тапсыру туралы
№2 Педагогикалық колледж әкімшілігі компьютерлік кабинеттерді жабдықтау үшін арнайы компьютерлік столдар және орындықтар жасап беруді өтінеді. Стол өлшемдері мен сызбалары қосымшада берілген.
Қосымша: 2 бетте, 2 данада.

Колледж директоры _________________________ Л.А. Проскурина

МӨР (қолы)

2-тапсырма
«Адал» фирмасының директоры

О.Жұбанов мырзаға

Алматы қаласы Әуезов көшесі,

15-үй, 45-пәтерде тұратын

Досанова Сәуледен

тел. 2242526
ӨТІНІШ
Мені 2006 жылдың 1 қазанынан бастап хатшы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

24.09. 2006 қолы

3-тапсырма
«Арай» АҚ
БҰЙРЫҚ
19.02.2007 №2
Астана
Жұмыстан босату туралы
ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ Айман осы жылдың 20 ақпанынан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде 1 апталық сынақ мерзімімен хатшы-референт қызметіне ҚАБЫЛДАНСЫН.
Негізі: Айман Жақсылыққызының өтініші.

«Арай» АҚ директоры _________________________ А.Д. Сапаров

МӨР (қолы)

4-тапсырма
№4 КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ №128 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫНА
Хабарлаған – Бек Ақерке Қабылдаған – Қонақбаева Анар Қабылдаған уақыты – 14 сағ. 15 мин.
ТЕЛЕФОНХАТ
14.04.2006 №18
Алматы
15 сәуірде сағат 9.00-де лицейдің акт залында кәсіптік бағдарлауға арналған мәжіліс болады. Соған барлық 9 сынып оқушыларын шақырамыз.

Лицейдің мекенжайы: Жандосов көшесі, 63-үй.


Лицей директоры _________________________ В.Д. Фоменко

МӨР (қолы)

5-тапсырма
«Үміт» ЖШС
БҰЙРЫҚ
15.02.2007 №7
Алматы
Іс жүргізу бойынша

нұсқаулықты енгізу туралы
Кәсіпорындарда құжаттармен жұмыс жасау ісін дамыту және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:



  1. Кәсіпорында іс жүргізу бойынша Нұсқаулық бекітілсін.

  2. Іс жүргізу бойынша Нұсқаулық 2007 жылдың 15 ақпанынан бастап енгізілсін.

  3. Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері 2007 жылдың 15 ақпанынан бастап Іс жүргізу бойынша Нұсқаулықты, құжаттармен жұмыс жөніндегі Ережені басшылыққа алсын.

  4. Хатшы А. Бақытова Іс жүргізу Нұсқаулығын көбейтіп, оны құрылымдық бөлімшелерге 2007 жылдың 18 ақпанына дейін жеткізсін.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары Д. Омаровқа жүктелсін.


«Үміт» ЖШС директоры _________________________ Б. Серікбаев

МӨР (қолы)

6-тапсырма
Аудандық білім бөлімінің меңгерушілеріне

Мектеп, кәсіптік мектеп, лицей,

колледж басшыларына
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің арасында «Оқушылардың ауызекі сөйлеу барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында панорамалық сабақтар конкурсының өткізілуі туралы хабарлайды.

Қалалық конкурсқа аудандық деңгейдегі байқау жеңімпаздарын жіберулеріңізді сұраймыз.
Қосымша: панорамалық сабақтар конкурсы туралы Ереже
Қалалық білім департаменті

бастығының орынбасары ____________ И.М. Жүнісов

МӨР (қолы)

7-тапсырма
№2 Құрылыс басқармасы
БҰЙРЫҚ
16.02.2007 №55-ж.қ.
Қарағанды
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы
АСҚАРОВА Айгерім Талғатқызы іс жүргізуші қызметінен кадрлар бөлімінің бастығы қызметіне 17.02. 2007 бастап айына 35 000 (отыз бес мың) теңге жалақымен

АУЫСТЫРЫЛСЫН.

Бастықтың орынбасары ________________ Н.С. Сабыров

МӨР (қолы)

Визалар:

Кадрлар бөлімі

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Бухгалтерия


9-тапсырма
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыс филологиясы факультетінің

деканы проф. А. Оспанов мырзаға

оқытушы М. Берікұлынан
ӨТІНІШ
Сізден денсаулық жағдайыма байланысты 2004 жылғы 15 қаңтардан бастап 15 күнге кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.

11.01. 2007 қолы

8-тапсырма
№15 орта мектеп
ХАТТАМАНЫҢ КӨШІРМЕСІ
23.04.2006 №24
Алматы
№15 орта мектебінің

кәсіподақ комитетінің мәжілісі
Төрағасы – Б.Н. Балғымбаева

Хатшы - А.Қ. Байжұмаева

Қатысты – А.Ө. Смағұлова, Н.Д. Аманбаева, Н.А. Мұхаметжанова, А.Е. Абишева, К.А. Асанова.
КҮН ТӘРТІБІ:

1. Р.Г Нұрбековаға материалдық көмек көрсету туралы.
1-ТЫҢДАЛДЫ:

Б.Н. Балғымбаева кәсіподақ комитетіне А.Е. Абишеваның материалдық көмек көрсету туралы өтінішімен таныстырды.
ШЫҒЫП СӨЙЛЕУШІЛЕР:

Н.Д. Аманбаева А.Е. Абишеваның өтініші орынды екенін айтты. Басқа да қатысушылар оны қолдады.
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

1.1. А.Е. Абишеваға 5000 (бес мың) теңге материалдық көмек көрсету ұйғарылды.


Төрағасы қолы Б.Н. Балғымбаева

Хатшы қолы А.Қ. Байжұмаева
Дұрыс Хатшы А.Қ. Байжұмаева

25.04.2006
№ 24-3 Іске

25.04.2006


написать администратору сайта