психология. 5 кейс Адам міріндегі зейінні, тйсікті, абылдауды алатын орны жне оны дамыту жолдары. 6 кезе
Скачать 17.91 Kb.
|
5 кейс: Адам өміріндегі зейіннің, түйсіктің, қабылдаудың алатын орны және оны дамыту жолдары. 6 кезең - Адам кез-келген фигураны қабылдай алады, мысалы, квадрат ақ қағазда қара түспен сызылса да, қара қағазда ақ түспен сызылса да, қағаз бетінде вертикалды немесе параллель орналасса да, тіпті, қиғаш қағазда сызылса да оны квадрат ретінде қабылдайды. Бұл жерде қабылдаудың қай заңдылығы орын алады? 6 кейс: Ес, ойлау процесінің басқа танымдық процестермен байланысы. 6 кезең - Әр сынып оқушыларының мақал-мәтелдерінің нақтылы мағынасын қалайша ұғына алатынын тәжірибе арқылы байқап көріңіздер. Қазыбек биге Әнет баба «Әкім» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің деп сұрақ қояды. Сонда атақты би осы сөздегі әрбір әріптің мәнін «Ә» дегені әділ бол, «К» дегені күңшіл болма, көпшіл бол «І» дегені ілтипатты бол, «М» дегені менмен болма, мейірбан бол деп шешіпті. Осы келтірілген түйіндер ақылдың қандай сапасын сипаттайтынын анықтаңыздар. 7 кейс: Сезім, ерік, эмоцияның адамның практикалық іс-әрекетінде атқаратын рөлі 6 кезең - Көптеген адамдарда зейнеткерлікке шықққаннан кейін депрессиялық жағдай туындайды, кейде өз-өзін сезінуі төмендейді деп көрсетіледі. Мұның себебін анықтаңыз. 8 кейс: Темперамент типтері мен мінез бітістерінің адам жеке басының қалыптасуына әсері. 6 кезең - Бір оқушының мінез ерекшеліктеріне психологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз. Егер оның мінезінде жағымсыз көріністер кездесетін болса, мұны қандай жолмен түзетуге болатындығы жайлы ұсыныстар әзірлеңіз. 5 кейс: Адам өміріндегі зейіннің, түйсіктің, қабылдаудың алатын орны және оны дамыту жолдары. 5 кезең - «Түйсік пен қабылдау нәзік болған сайын адамның рухани мәдениетін сипаттайтын эмоциялық диапазоны кеңейе бермек». В.А.Сухомлинский ойының психологиялық мәнін ашыңыз. 6 кейс: Ес, ойлау процесінің басқа танымдық процестермен байланысы. 5 кезең - Ой тәсілдері түрлерінің сипаттамасын арнайы құрастырылған жіктемеге сүйене отырып, дәлелдеңіз. (Жарықбаев Қ. Жантану оқулығы. Алматы, 2008. Б.398.). 7 кейс: Сезім, ерік, эмоцияның адамның практикалық іс-әрекетінде атқаратын рөлі 5 кезең - Эмоция теорияларына салыстырмалы таблица құрастырыңыз. 8 кейс: Темперамент типтері мен мінез бітістерінің адам жеке басының қалыптасуына әсері. 5 кезең - Э.Фромм, А.Е.Личко, К.Леонгард бойынша мінез-құлық типологиясына таблица жасаңыз |