5-ші-апта-ЖалпыПА. 5ші практикалы саба Таырып Протеиногендік жне липидогендік пигменттер алмасуыны бзылуы. Таырыпты негізгі сратары
Скачать 18.46 Kb.
|
№5-ші ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ Тақырып: Протеиногендік және липидогендік пигменттер алмасуының бұзылуы. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Меланин алмасуының бұзылуы. Түрлері, морфологиясы, нәтижелері. Липофусциноз - себептері, морфологиясы, нәтижелері. Макропрепарттарды сипаттау: 1) Миокардтың қоңыр атрофиясы. Анықтау керек: жүректің кішіреюін, салмағының азаюын, тәждік артериялапдың иреленген болуын, миокардың түсін; пигментті атау. 2) Тері меланомасы. Анықтау керек: терідегі құрылымның өлшемдері мен пішінін, оның беткейін және түсін. Микропрепараттарды қарап, суретін салу: 1) Миокард липофусцинозы (Г-Э бояуы). Анықтау керек: кардиомиоцит цитоплазмасында ядроларды қоршай орналасқан липофусцин пигментінің гранулаларының болуы. Себептері мен нәтижелерін анықтау. 2) Аддисон ауру кезіндегі тері меланозы (Г-Э бояуы). Анықтау керек: эпидермистің базальді қабатында көп мөлшерде меланин дәндері бар меланоциттердің көбеюі. Себептері мен нәтижелерін анықтау. Дайындыққа арналған негізгі материал: Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014. Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014. https://drive.google.com/file/d/10ZTexA4FsRCAWPH5U7KbgsTE1CkW1pgk/view https://drive.google.com/file/d/1IpDWETWQdZa9TlVkVGHOWtPshy1YvEkR/view №5-ші БОӨЖ Тақырып: Некроз. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Некроздың себептері мен клиникалық-морфологиялық түрлері. Некроздың морфологиялық белгілері, асқынулары, нәтижелері. Макропрепараттарды талдау: Көкбауыр инфаркты. Анықтау керек: пішінінің ушбұрышты болуына назар аударып оның негізінің қай жаққа бағытталғанын көрсетіп, себептері мен салдарын атау. Аяқ басының құрғақ гангренасы. Анықтау керек: аяқтардың көлемінің, түсінің өзгеруі, консистенциясы, демаркациялық аймақтың болуы. Себептерін атау. Микропрепаратды қарап суретін салу: Туберкулез кезіндегі лимфа түйінінің толық некрозға ұшырауы (Г-Э). Анықтау керек: лимфа түйінінің құрылымының гомогенді қызғылт масса түрінде болуы және лимфоидты тіннің капсула астында сақталуы. Өкпе инфаркты (Г-Э). Анықтау керек: инфаркттың 2 аймағы: біріншісі өкпе тінінің құрылымы сақталған қызғылт түсті некроз аймағы, екіншісі тамырлардың толыққандығы және лейкоциттердің шоғырлануы байқалатын демаркация аймағы. Дайындыққа арналған негізгі материал: Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014. Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014. https://drive.google.com/file/d/1SsQiirTJkW8Hkx0cmVHpmlUf-l11ZzST/view https://view.genial.ly/63187b6fa41971001b95b711/presentation-basic-presentation |