5- сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) 4- тоқсан. 2019-2020 оқу жылы
| Оқу мақсаттары:
5.3.1.1 мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау;
5.5.2.1 жазба жұмыстарында бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру
| 12-тарау: Ер есімі ел есінде
| Тақырып: Ер есімі ел есінде
| Бағалау критериилер:
-Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
-Жазба жұмысында бұйрықты сөйлемдерді орынды қолданады.
| Күні
| Әрекет түрі
| Сейсенбі
| 1-Тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Ол 1941 жылы 22 маусымда басталып, 1945 жылы 9 мамырда аяқталды. Ұлы Отан соғысы 4 жыл, 1418 күн мен түн бойы болды. Кеңес армиясында орыстар, қазақтар, тәжіктер, украиндер, белорустар, армяндар, грузиндер болды. Олар Отан үшін, бейбіт өмір үшін соғысты.
Сол ауыр күндерде Кеңес армиясы қатарында қазақтар да болды. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Олар Сталинград, Днепр, Москва, Ленинград, Прибалтика, Украина жерлерін қорғады. Кеңес армиясы Украинаны, Қырымды, Прибалтиканы, Белоруссияны, Кавказды, Польшаны, Болгарияны, Румынияны, Венгрияны, Чехославакияны, Германияны жаудан азат етті. Москваны қорғауда 28 панфиловшылар дивизиясы ерлік көрсетті. Бұл дивизия – Қазақстанда жасалған әскери күш. Олардың ерлігі бүгінгі күні аңызға айналды.
Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бер.
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Кеңес армиясы қатарында қандай ұлт өкілдері болды?
Кеңес жауынгерлері не үшін соғысты?
Қазақстандық атақты дивизия қалай аталады? 28 панфиловшылар дивизиясы қай қаланы қорғады? 2-тапсырма. Жаңа сөздер мен тірек сөздерді қолданып «Біздің батырлар» тақырыбы бойынша диалог құрастырып жаз. Тыныс белгілерін дұрыс қолдан.
ТІРЕК СӨЗДЕР:
орналасқан, ескерткіш, жанып тұрады, батырлардың ерлігіне арналған, Ұлы Отан соғысы жылдары, ерлік көрсеткен, Отанын қорғаған, құрметтейді, қояды, ер есімі ел есінде, тағзым етеміз
|
| Дескриптор
-Тірек сөздерді қолданып 4-5 сұрақ құрастырады.
-Жаңа сөздерді сөйлемдерде қолданады.
-бұйрықты сөйлемдерді орынды қолданады.
| |