Главная страница

5-сынып тест. 5сынып тест арлыаш улие, арлыаш би атанан би кім


Скачать 15.51 Kb.
Название5сынып тест арлыаш улие, арлыаш би атанан би кім
Дата20.02.2023
Размер15.51 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5-сынып тест.docx
ТипДокументы
#946808

5-сынып тест

1. «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би»  атанған би кім?
А. Әйтеке би  В. Төле би С. Қазбек би  Д.Сырым батыр
2. –Су атасы-бұлақ, сөз атасы-құлақ,жол атасы-тұяқ.Бір дауды шеше алмасаң, несіне хан болып отырсың, құлаққа-құлақ, тұяққа –тұяқ емеспе, деген сөз кімнің сөзі еді?
А. Әйтеке би     В. Төле би    С. Қазбек би  Д.Сырым батыр
3. Жырды айтушы адамды қалай атайды?
А. Ақын   В. Жыршы   С. Термеші   Д.Шежіреші
4. Қазақ қызының сұлулығы суреттелген шығарманы ата.
А. Қыз Жібек                 В.Сүйінбай мен Тәті қыз    
   С.Ер Тарғын                           Д.Алпамыс батыр
5.Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты туған айтыс қайсы
А. Сүйінбай мен Тәті қыз                               В.Иесі мен сиыр айтысы  
  С.Асаубай мен Құлтума                      Д.Біржан мен қыз
6. Төмендегі жұмбақтың шешуі не?  Таңды өзі атырғандай
      Мақтанып шақырғаны-ай,
А. Сағат  В.Қоңырау  С. Қораз  Д. Торғай
7. Батырдың тұлпарын суреттеуге құрылған мәтінді ата:
А. Ер Тарғын    В. Батыр бала Бөген мен Шұбар ат
С. Алпамыс батыр   Д. Қыз Жібек
8. «Көппен көрген ұлы той» шығарманың қай түріне жатады?
А. Мақал  В.Жұмбақ  С. Аңыз  Д. Мәтел
9. Асан қайғының қиялындағы  іздеген жері қалай аталады?
А. Желмая  В. Жерұйық  С. Баянауыл  Д. Шу
10. Аңыз әңгіме деген ұғымды қалай түсінесің?
А. Аңыз-әдеби шығарма   В. Аңыз-шыншыл ертегінің бір түрі
С. Аңыз-өмірде болған адамның басына құрылған халық шығармасы
Д. Аңыз-көркем шығарма
11. «Ердің атын еңбек шығарады» шығарманың қай түріне жатады?
А. Мақал  В.Жұмбақ  С. Аңыз  Д. Мәтел
12. Түйенің пірі қалай аталады?
А. Қамбарата  В. Шопаната  С. Ойсылқара Д. Зеңгібаба
13. « ........... ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» деген жолдар кімге қатысты екенін айт.
А. Әйтеке би  В. Төле би  С. Қазбек би  Д.Сырым батыр
14. Төмендегі ертегілердің қайсысы шыншыл ертегіге жатады?
А. Түс көрген патша    В. Екі дос  
С. Ғажайып бақ                            Д. Құмырсқаның қанағаты
15.  Жау келгенін білген соң,
     Бұл әскерді көрген соң,
     Сарыала туы салбырап,
     Сауытының шашағы
     Тұс-тұсына саудырап -  қай жырдан үзінді?
А. Алпамыс батыр        В. Ер Тарғын  
        С. Қыз Жібек                 Д.Батырлар жыры
«Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі» бөлімін  қорытындылау
16.Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз?   Қай өлеңнен үзінді?
А. Оқып жүрген жастарға           В. Жаңа шыққан жастарға  
С. Ғылым таппай мақтанба             Д.  Туған жер
17. « Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес  бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін , ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді.....» қай мәтіннен үзінді?
А.  «Апамның астауы»                         В. « Әйел-Ана»  
 С. «Ана»                                              Д. «Менің анам»
18. А.Байтұрсыновтың Крылрвтан аударған мысалы қалай аталады?
А. « Бірлік түбі-бірлік »                         В. « Аққу, шортан һәм шаян»
  С. «Алтын сөз»                                    Д. «Еріншек»
19. «Компас» кімнің  әңгімесі?
А. Б.Соқпақбаев         В. С.Сейфуллин  
С. А.Байтұрсынов           Д.  Ақселеу Сейдімбек
20.Шығармадағы екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады?
А. Монолог          В. Диалог  
С.шығарма           Д.  Сөйлесу


написать администратору сайта