Олимпиада тапсырмалары 2015-2016. 5сыныпа арналан олимпиада сратары арышты денелер дегеніміз не
Скачать 49.49 Kb.
|
5-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 1. Ғарыштық денелер дегеніміз не? а/ Жердің шегінен басқа денелерді атайды. б/ Қоршаған денелер. в/ Табиғатты оқып үйреніу. 2. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады? а/ Оқу және үйрену. б/ Табиғат және тану. в/ Жаратылыстану. 3. Жұлдыз дегеніміз не? а/ Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұратын аспанның жарық денесі. б/ Қатты денелерден тұратын өте суық шар. в/ Кометалардың бір түрі. 4. Галактика дегеніміз не? а/ Ғарыштық кеңістік. б/ Жеке жұлдыздар тобы. в/ Аспан денелері. 5. Күн дегеніміз не? а/ Балқылған ыстық газды дене. б/ Галактикалық жыл. в/ Ғарыштық кеңістік. 6. Табиғатты танудың әдісі? а/ Қарым-қатынас жасау. б/ Шыдамдылық. в/ Тәжірибе. 7. Табиғаттағы құбылыс? а/ Жанартау (вулкан) атқылауы. б/ Жылдық маусымдардың өзгеруі. в/ Күннің шығуы. 8. Жұлдызды аспанды зерттеуде үлкен үлес қосқан органикалық ғалым? а/ Ұлықбек. б/ Коперник. в/ Персей. 9. Қазіргі кезде астронамдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар бар? а/ 88 б/ 105 в/ 63 10. Ең жақын Галактика? а/ Пегас. б/ Цефрей. в/ Андронеда. 11. Жер мен Күннің орташа арақашықтығы? а/ 100 млн км. б/ 150 млн км. в/ 195 млн км. 12. Ғаламшарлардың Күнді айналып өтетін сызығын қалай атайды? а/ Сақина. б/ Орбита. в/ Шар. 13. Жер Күннен нешінші қашықтықта орналасқан ғаламшар? а/ Үшінші. б/ Екінші. в/ Алтыншы. 14.Ең алғашқы ғарыш кемесі? а/ Север. б/ Запад. в/ Восток. 15. Жер тобына жататын ғаламшар? а/ Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, б/ Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. в/ Плутон, Уран, Марс. 16. Комета дегеніміз не? а/ Атмосферадан өтіп жерге құлайтын дене. б/ Кіші планета. в/ Шаң-тозаңмен және мұздан тұратын үлкен шар. 17. Экватор дегеніміз не? а/ Жердің өз осінен айналуы. б/ Географиялық ендіктер. в/ Жердің дәл ортасынан 0 деп алып шартты түрде жүргізілген сызық. 18. Ең жарық жұлдыздың түсі? а/ Қызыл. б/ Сары. в/ Көгілдір. 19. Экатордың ұзындығы неше шақырым (км)? а/ 40 000 км. б/ 63 780 км. в/ 39 960 км. 20. Алғашқы қазақ ғарышкері? а/ Мұсабаев Т. б/ Әубәкіров Т. в/ Хаббл Э. 21. Экватор дегеніміз не? а/ Жердің өз осінен айналуы. б/ Географиялық ендіктер. в/ Жердің дәл ортасынан 0 деп алып шартты түрде жүргізілген сызық. 22. Жетінші ғаламшар? а/ Шолпан. б/ Уран. в/ Марс. 23. Күнге жақын орналасқан ғаламшар? а/ Меркурий. б/ Шолпан. в/ Нептун. 24. Күн жүйесіне неше ғаламшар кіреді? а/ 5 б/ 7 в/ 9 25. Ғарышқа алғашқы жол қай жылы ашылды? а/ 1957 ж. б/ 1958ж. в/ 1959ж. 6-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 1-тур 1. Қай жылы Х.Колумб өзінің кемесімен Испаниядан шығып Атлант мұхиты арқылы батысқа қарай жүзген? А) 1499 жылы, мамырда В) 1492 жылы, тамызда С) 1495 жылы, желтоқсанда Д) 1504 жылы, сәуірде Е) 1507 жылы, тамызда 2. Шолпан планетасындағы атмосфераның неше %-ы тіршілікке зыянды көмірқышқыл газынан тұрады? А) 97 % В) 95 % С) 93 % Д) 91 % Е) 89 % 3. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын не деп атаймыз? А) азимут В) тұсбағар С) карта Д) план Е) масштаб 4. Картада ендік оның қай жеріне жазып қойылады? А) меридиандардың шетіне В) параллелдердің шетіне С) картаның шетіне Д) солтүстік жарты шарға Е) оңтүстік жарты шарға 5. Ең терең ұңғы қанша км тереңдікке дейін жеткен? А) 10 км В) 12 км С) 13 км Д) 14 км Е) 15 км 6. Литосфера тақталарының төмен қарай батқан жерінде не пайда болады? А) шұңғыма В) су асты тау жоталары С) шатқалдар Д) аралдар Е) жанартаулар 7. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері қандай аталады? А) эпицентр В) жер сілкіну ошағы С) жер сілкіну шкаласы Д) тау жасалу қозғалысы Е) жер қыртысының қозғалысы 8. Тау торабы дегеніміз ... А) Бір-біріне жалғасып, ондаған, жүздеген км-ге созылған таулар В) Тау жыныстарының шоғырлануы С) Бірнеше тау жоталары келіп түйісетін жер Д) Тау жоталарының бір біріне жалғасып жатуы Е) Аласа таулардың орналасуы 9. Абсолют биіктігіне қарай жазықтарды неше түрге бөлеміз? А) 3 В) 4 С) 5 Д) 6 Е) бөлінбейді 10. Мұхит түбінің 200 метрден 2800 метрге дейінгі бөлімі қандай аталады? А) ойыстар В) су асты жоталары С) шельфтер Д) материктік беткей Е) қазаншұңқырлар 11. Радиозондтардың шарықтау биіктігі неше км ге дейін барады? А) 20-30 км В) 25-30 км С) 30-35 км Д) 35-40 км Е) 30-40 км 12. Әрбір 100 метр биіктікке көтерілгенде температура қанша 0С қа төмендейді? А) 1,20С В) 0,60С С) 0,30С Д) 1,60С Е) төмендемейді 13. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда ...... А) шық түседі В) қырау түседі С) тұман түседі Д) қылау түседі Е) жауын-шашын түседі 14. Қабат бұлт қанша км биіктікке дейін түзіледі? А) 1,0 км В) 1,5 км С) 2,0 км Д) 2,5 км Е) 0,5 км 15. Жер бетіндегі ауаның горизонтал бағытта бір жерден екінші жерге ауысуына не дейміз? А) ауа массалары В) ауа фронты С) депрессия Д) циклон Е) жел 16. Жер шарындағы метеорологиялық стансалардың саны қанша? А) 5 мың В) 7 мың С) 8 мың Д) 9 мың Е) 10 мың 17. «Суб» сөзі (субэкваторлық) қай тілден алынған? А) италян В) грек С) испан Д) француз Е) латын 18. Атлант мұхиты суының орта температурасын белгілең? А) 19,40С В) 17,30С С) 16,50С Д) 17,50С Е) 14,30С 19. Теңізден 64 км жердегі қаланы белгілең? А) Шанхай В) Лондон С) С-Петербург Д) Каир Е) Рио-де-Жанейро 20. Өзеннің ағып шығатын жері оның ..... деп айтылады. А) сағасы В) атырау С) саласы Д) ағысы Е) бастауы 21. Каспий, Арал - .... А) тектоникалық көлдер В) қалдық көлдер С) бөген көлдер Д) ағын көлдер Е) ағынсыз көл 22. Мұзтаудың көлемінің қанша % ы әдетте су астында болады? А) 50-60 % В) 70-90 % С) 60-70 % Д) 100 % Е) 40-50 % 23. Өсімдікпен жануарлардың таралуы негізінен қандай затқа байланысты болып келеді? А) жер бедеріне В) климатқа С) су ресурстарына Д) географиялық қабыққа Е) топырақ қабатына 24. Табиғат зоналары ондағы басым ...... атымен айтылады? А) жануарлардың В) жер бедерінің С) өсімдіктердің Д) өзендердің Е) климат белдеулерінің 25. Қазіргі кезде Жердегі халықтың тығыздығы 1 км2 жерге .... А) 27 адам В) 33 адам С) 40 адам Д) 42 адам Е) 35 адам 6-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 2-тур 1. Мұхиттарда таралған ағыстарға сипаттама.
Әр бір дұрыс жауап үшін 2 ұпай. Жалпы 26 ұпай. 2. Шөгінді, магмалық және метаморфикалық жыныстар. Жалпы 14 ұпай. 3. Таудың беткейіндегі температура +220С, тау шыңының биіктігі 3000 метр. Тау шыңындағы температураны есептең? Жалпы 10 ұпай. 7-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 1-тур 1. Терминдерге сипаттама беріңіздер: Гаруа, Биоценоз, Тропик сызығы, Хамада, Рифт; Әр бір дұрыс жауап үшін 4 ұпай. Жалпы 20 ұпай. 2. Тест сұрақтары. 1. 1 м3 ауадағы су буының нақты граммен есептелетін мөлшері? А) су буымен қанықпаған ауа В) су буымен қаныққан ауа С) абсолют ылғалдық Д) салыстырмалы ылғалдық Е) судың булануы 2. Қандай проекция қолданылған карталардан материктермен елдердің, мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады? А) еркін В) тең бұрышты С) тең аралықты Д) тең ауданды Е) цилиндрлі 3. Координата сөзі қай тілден алынған? А) орыс В) латын С) грек Д) неміс Е) ағылшын 4. Үлкен Каньон қай өзеннің бойында орналасқан? А) Колорадо В) Колумбия С) Миссури Д) Рио-Гранде Е) Потомак 5. Теңіз суының тұздылығы 33 ‰ (промилле) ге тең. 2 тонна теңіз суынан қанша кг тұз алу мүмкін? А) 33 кг В) 66 кг С) 6600 кг Д) 330 кг Е) 3 кг 6. Нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы А) географиялық ендік В) географиялық бойлық С) географиялық координата Д) солтүстік ендік Е) оңтүстік ендік 7. Жер бетінің қанша % ы құрлықтың үлесіне тиеді? А) 30,3 % В) 29,2 % С) 70,8 % Д) 21,9 % Е) 61,2 % 8. Латынша «суб» сөзі қандай мағынаны білдіреді? А) өтпелі В) тайыз С) үлкен Д) орта Е) кіші 9. Ниагара сарқырамасы қай көлдердің аралығында орналасқан? А) Жоғары мен Эри В) Эри мен Онтарио С) Мичиган мен Гурон Д) Гурон мен Эри Е) Жоғары мен Гурон 10. Маорилер Жаңа Зеландия халқының қанша % ын құрайды? А) 2 % В) 4 % С) 6 % Д) 8 % Е) 10 % 11. Ф.Магеллан қай жылдары тұңғыш рет дүние жүзін айналып шығу саяхатын жасаған? А) 1499-1507 ж.ж. В) 1507-1511 ж.ж. С) 1519-1522 ж.ж. Д) 1503-1511 ж.ж. Е) 1525-1528 ж.ж. 12. Оңтүстік полюста орналасқан ғылыми-зерттеу станциясын белгілең? А) Восток В) Саипл С) Скотт Д) Мирный Е) Амундсен-Скотт 13. белгісі қандай мағынаны білдіреді? А) қала В) шырша С) аралас орман Д) кең жапыракты орман Е) кесілген ағаш 14. Еуропалықтар+үндістер= …… А) монголоид В) метис С) мулат Д) самбо Е) ацтек 15. Африканың экваторлық ормандарындағы аласа адамдар А) тутсилер В) бушмендер С) зулустар Д) пигмейлер Е) готтенготтар 16. Қазақтың тұңғыш-географ ғалымын белгілең? А) П.П.Семенов В) Ы.Алтынсарин С) Ш.Уәлиханов Д) Қ.Сәтпаев Е) А.Құнанбаев 17. Каңтар өзенін белгілең? А) Ла Плата В) Ресифи С) Ориноко Д) Сальвадор Е) Рио де Жанейро 18. Дүниежүзлік мұхиттың қанша % ы Атлант мұхитының үлесіне тиеді? А) 27,3 % В) 24,6 % С) 25,8 % Д) 26,1 % Е) 26,8 % 19. Муссон сөзі қай тілден алынған? А) ағылшын В) испан С) қытай Д) үнді Е) араб 20. Таудың биіктігі 4200 м, жер бетіндегі температура +80С, қысым 760 мм тең. Таудың шыңындағы температура және қысым қаншаға тең болады? А) температура – 18,60С, қысым 760 мм В) температура – 10,50С, қысым 460 мм С) температура – 17,20С, қысым 340 мм Д) температура – 17,20С, қысым 440 мм Е) температура – 12,20С, қысым 340 мм 21. Оңтүстік-бағыт азимуты неше градусқа тең? А) 1350 В) 2250 С) 1800 Д) 900 Е) 2700 22. Сөнбеген жанартаулары және мұз басу іздері жоқ материк А) Аустралия В) Антарктида С) Африка Д) Солтүстік Америка Е) Оңтүстік Америка 23. Канаданың мемлекеттік туында бейнеленген ағаш А) қайың В) үйеңкі С) қарағай Д) шырша Е) емен 24. Қай белдеуде жылдың 4 мезгілі айқын көрінеді? А) экваторлық В) тропиктік С) қоңыржай Д) полярлык Е) субэкваторлық 25. Африкада кездесетін кеуіп қалған арналар А) самум В) даман С) гамада Д) крик Е) уәд 26. Сьерра ...... тілінен аударғанда ара деген мағынаны білдіреді. А) испан В) үндіс С) ағылшын Д) француз Е) португал 27. Қалыпты атмосфералық қысым қаншаға тең? А) 740 мм В) 750 мм С) 760 мм Д) 770 мм Е) 680 мм 28. Жер шарындағы ең ұзын үңгір А) Оптимист В) Джевал С) Гринбрайер Д) Озерная Е) Флинт-Мамонт 29. Ең кең (950 км) және терең (5248 м) бұғазды белгілең? А) Мозамбик В) Карпентария С) Гренландия Д) Беринг Е) Дрейк 30. Солтүстік Американың дала зонасының қасқыры А) койот В) скунс С) опоссум Д) бизон Е) даман Әр бір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Жалпы 30 ұпай. 1-тур бойынша жалпы 50 ұпай. 7-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 2-тур 1. Антарктида материгінде орналасқан ғылыми станциялардың қайсы елге тиесілі екендігін анықтау. 1) Жапония А) Халли 2) Ресей Федерациясы Б) Домон-Д’ Юрвилл 3) Ұлыбритания С) Восток 4) Франция Д) Сёва Әр бір дұрыс жауап үшін 2,5 ұпай. Жалпы 10 ұпай. 2. Елдердің қай материкте орналасқанын және астанасын табу
Әр бір дұрыс жауап үшін 2 ұпай. Жалпы 10 ұпай. 3. Бұл өзен өзі орналасқан материктің ең ұзын өзені. Ұзындығы 6671 км болған өзен көптеген елдердің аумағынан ағып өтіп теңізге құяды. Теңізге құяр жерінде үлкен атырау жасайды. А) Өзеннің аты _________________________________ Ә) Қай материкте орналасқан _________________________________ Б) Қай елдердің аумағынан өтеді _________________________________ В) Қайсы теңізге құяды _________________________________ Әр бір дұрыс жауап үшін 2,5 ұпай. Жалпы 10 ұпай. 4. Аустралия материгінің табиғат зоналарына сипаттама. Дұрыс жауап үшін 8 ұпай. 5. Жылдық орташа температураны және жылдық амплитуданы табу
Температураны дұрыс есептегені үшін 8 ұпай, амплитуданы дұрыс есептегені үшін 4 ұпай. Жалпы 12 ұпай. 2-тур бойынша жалпы 50 ұпай. 8-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 1-тур 1. Терминдерге сипаттама беріңіздер: Гуано, Геохронология, Трансформация, Платформа, Вегетациялық кезең; Әр бір дұрыс жауап үшін 4 ұпай. Жалпы 20 ұпай. 2. Тест сұрақтары. 1. Әр бір 10 метр биіктікте атмосфералық қысым қаншаға төмендейді? А) 1 мм В) 10 мм С) 5 мм Д) 25 мм Е) төмендемейді 2. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке қарай қанша км ге созылған? А) 1200 км В) 1100 км С) 1000 км Д) 900 км Е) 1300 км 3. Эль-Ниньо ағысының әсері қанша айға дейін байқалады? А) 12 ай В) 24 ай С) 18 ай Д) 30 ай Е) 6 ай 4. Қазақстан аумағы үлкендігі жөнінен Еуразияда нешінші орында А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5 5. Балқаш көліне құятын өзен А) Үржар В) Қатынсу С) Емек Д) Базар Е) Аягөз 6. Аустралияда болатын шаңды дауылдар мен құйындар А) Налларбор В) Торнадо С) Тайфун Д) Вилли-вилли Е) Гармсел 7. Литосфера тақталары жылына неше см ығысады? А) 6-10 см В) 1-5 см С) 2-5 см Д) 5-10 см Е) 10-12 см 8. Арал теңізі (1908 ж) монографиясының авторы А) И.В.Мушкетов В) Н.А.Северцов С) В.А.Обручев Д) Л.С.Берг Е) С.С.Неструев 9. Таудың биіктігі 4200 м, жер бетіндегі температура +80С, қысым 760 мм тең. Таудың шыңындағы температура және қысым қаншаға тең болады? А) температура – 18,60С, қысым 760 мм В) температура – 10,50С, қысым 460 мм С) температура – 17,20С, қысым 340 мм Д) температура – 17,20С, қысым 440 мм Е) температура – 12,20С, қысым 340 мм 10. Жергілікті халықтар тілінде «гүрілдеуік су» деген мағынаны білдіретін сарқырама А) Анхель В) Ниагара С) Виктория Д) Мараньон Е) Колумбия 11. Табиғат зоналары ондағы басым ...... атымен айтылады? А) жануарлардың В) жер бедерінің С) өсімдіктердің Д) өзендердің Е) климат белдеулерінің 12. Дүниежүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде не өндіріледі? А) темір В) көмір С) алтын Д) полиметалл Е) мыс 13. Еуропалықтар+негрлер = ……. А) негроид В) монголоид С) мулат Д) самбо Е) метис 14. Атмосфера көлемінің қанша % ын азот алып жатыр? А) 77 % В) 78 % С) 79 % Д) 21 % Е) 22 % 15. Жоңғария очерктері еңбегінің авторы А) Ш.Уәлиханов В) П.П.Семенов С) В.В.Пржевальский Д) И.В.Мушкетов Е) А.Н.Краснов 16. Оймякон елді мекенінде тіркелген температура А) – 710С В) – 890С С) – 670С Д) – 810С Е) – 840С 17. - мағынасын табың? А) қар В) қиыршық С) бұршақ Д) қырау Е) шық 18. Республика аумағының 34 % ын алып жатқан топырақ А) қара топырақ В) қара қоңыр топырақ С) ашық қоңыр топырақ Д) сұр қоңыр топырақ Е) күлгін топырақ 19. Креолдар - …… А) Оңтүстік Америкадағы Испаниямен Португалиядан келгендердің ұрпақтары В) Оңтүстік Америкадағы Африкадан көшіп келгендердің ұрпақтары С) Оңтүстік Америкадағы үндістердің ұрпақтары Д) Инктердің ұрпақтары Е) Амазонияда өмір сүрген халықтардың ұрпақтары 20. Мариана шұңғымасының тереңдігін белгілең? А) 8742 м В) 11022 м С) 10887 м Д) 10047 м Е) 9834 м 21. Ылғалдылық коэффициенті 0,3 ке тең? А) шөл В) шөлейт С) дала Д) орманды дала Е) тайга 22. «Географика» деп аталатын еңбектің авторын белгілең? А) Страбон В) Эратосфен С) Птоломей Д) Аристотель Е) Геродот 23. Аумағы жөнінен әлемнің 7 үлкен елін ретімен көрсетің? А) Ресей, Канада, Бразилия, Судан, Қазақстан, Аустралия, АҚШ В) Ресей, Канада, Үндістан, Аустралия, Аргентина, С.Аравиясы, АҚШ С) Ресей, Канада, Қытай, Қазақстан, Моңғолия, Үндістан, АҚШ Д) Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Үндістан, С.Аравия, Қазақстан Е) Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан 24. Су шошқаны белгілең? А) пекари В) тапир С) дикобраз Д) тукан Е) капибара 25. Әрбір сағаттық белдеу қанша градустан тұралы? А) 110 В) 120 С) 130 Д) 140 Е) 150 26. «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» еңбегінің авторы? А) Марко Поло В) Вильгельм Рубрук С) Васко да Гама Д) Херман Вамбери Е) Афанасий Никитин 27. Атлант мұхитының ең таяз жерін белгілең? А) Ютландия түбегінің маңы В) Бермуд аралдарының маңы С) Баренц теңізі Д) Доггер-Банка қайраңы Е) Бискай шығанағы 28. Геохронологиялық кесте қашан және қай жерде бекітілді? А) 1892 ж, Лондон география қоғамында В) 1900 ж, Дүниежүзілік геологиялық конгрессте С) 1900 ж, Лондон география қоғамында Д) 1895 ж, Дүниежүзілік геологиялық конгрессте Е) 1907 ж, Ресей география қоғамында 29. Ғылым мен бейбітшілік материгін белгілең? А) Еуразия В) Аустралия С) Антарктида Д) Оңтүстік Америка Е) Солтүстік Америка 30. Мұнай елімізде бірінші рет қашан және қай жерде атқылады? А) 1889 жылы Ембіде В) 1899 жылы Қарашүңгілде С) 1911 жылы Мақатта Д) 1902 жылы Доссорда Е) 1905 жылы Ембіде Әр бір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Жалпы 30 ұпай. 1-тур бойынша жалпы 50 ұпай. 8-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары 2-тур 1. Елдердің қай материкте орналасқанын және астанасын табу
Әр бір дұрыс жауап үшін 2 ұпай. Жалпы 10 ұпай. 2. Қазақстанның табиғат зоналарына сипаттама. Дұрыс жауап үшін 8 ұпай. 3. Қазақстан өзендерінің қайсы ішкі алапқа тиесілі екендігін анықтау. 1) Каспий А) Сағыз 2) Арал В) Ақсу 3) Балқаш-Алакөл С) Шу Д) Ырғыз Е) Ойыл Әр бір дұрыс жауап үшін 2 ұпай. Жалпы 10 ұпай. 4. Жылдық орташа температураны және жылдық амплитуданы табу
Температураны дұрыс есептегені үшін 8 ұпай, амплитуданы дұрыс есептегені үшін 4 ұпай. Жалпы 12 ұпай. 5. Сәйкестендіріңдер. Қазақстанның кен орындары 1. Біршоғыр алтын 2. Қарашығанақ полиметалл 3. Текелі мұнай 4. Құмкөл газ 5. Васильков көмір Әр бір дұрыс жауап үшін 2 ұпай. Жалпы 10 ұпай. 2-тур бойынша жалпы 50 ұпай. |