Главная страница
Навигация по странице:

  • Электринженериясы кафедрасы

  • Кентау-2020 Жоспар

  • 2.2 Озық технологияларды еңгізу заводтың ең басты мақсаты

  • 2.3 Кентау трансформатор заводының өнімдерін экспорттау

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • өндірістік практика 1. 5В070200 автоматтандыру жне басару


    Скачать 0.77 Mb.
    Название5В070200 автоматтандыру жне басару
    Дата03.12.2020
    Размер0.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаөндірістік практика 1.docx
    ТипДокументы
    #156351


    қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

    инженерия факультеті

    Электринженериясы кафедрасы

    5В070200- автоматтандыру және басқару
    БӨЖ
    Тақырыбы: Өндіріс «Кентау трансформатор зауыты» АҚ кәсіпорынның құрылымымен және жұмысшыларымен, приборларымен нормативті құжаттарымен танысу.
    Тобы: АБА-811

    Орындаған: Инирбаев Әлімбек

    Қабылдаған: Бабахан Шахрух


    Кентау-2020

    Жоспар

    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім

      1. Кентау трансформатор заводының өнімдері

      2. Озық технологияларды еңгізу заводтың ең басты мақсаты

      3. Кентау трансформатор заводының өнімдерін экспорттау

    3. Қорытынды

    4. Пайдаланылған әдебиеттер



    Кіріспе
    Кеңес одағы кезінде Қазақстанда салынған зауыттардың жанынан аймақтарда шағын қалалардың құрылысы қарқын алды. Бұл жергілікті халықтың күнделікті өміріне оң өзгеріс алып келді. Соның бірі, 1959 жылы бой көтерген "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ.

    Бұл зауыт бүгінде Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтып қана қоймай, жоғары жалақы ұсынып отыр.

    "Кентау трансфарматор зауыты" АҚ тарихына былтыр 60 жыл толды. Биыл 61 жыл болған зауыт 1997 жылы банкротқа ұшырап, жабылып қалған екен. Көп ұзамастан осы жылы зауытқа екінші өмір берген басшы келеді. Ол – Сайдулла Қожабаев.



    Кезінде Кентау қаласында Казполиметалл деген комбинатта электрқозғалтқыштарды жөндейтін қойма ашылады. Сол шеберханада машина жөндейтін 45 адам жұмыс істейді. Украинаның Запорожье қаласында одақтың трансфарматор құрылысы институты болған. Сол институттың филиалы есебінде әрі сол оқу орнының жобасы бойынша Кентауға зауыт салу жоспарланған. Мамандардың бәрі Украина, Белоруссия, Ресейден алынып, олар осында көшіп келген. Уақыт өте келе қойманың жұмысы ұлғайып, зауыттағы жұмысшылар саны 700-ге жеткен. Қазіргі таңда зауытта 1252 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы – 180 мың теңгені құрайды. Жиырмадан астам ұлт өкілдері кәсіпорында тату-тәтті, өзара бірлесіп жұмыс істеп келеді.

    Одақ кезінде зауыт аймағы бар-жоғы 7 гектар жер болса, қазіргі таңда 20 гектар жерді алып жатыр. Өндірісі көлемі 16 мың шаршы метр болса, қазір 85 мың шаршы метр. Сондай-ақ, өткен жылы дайын болған өнімдерді тасымалдайтын жеті жаңа жүк көлігі сатып алыныпты.




    Негізгі бөлім
    2.1 Кентау трансформатор заводының өнімдері
    Бүгінгі күні" Кентау трансформатор зауыты " АҚ өнеркәсіп кәсіпорындарында энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа жоғары өнімді жабдықтарды дайындайды.
    Вв-АЕ-12 12кв-25 (50) кА-630-400а/У2 сериялы вакуумдық ажыратқыштар.

    35-110 кВ кернеуге РМК үлгісіндегі сыртқы қондырғының айнымалы ток ажыратқыштары.

    РЛК типті айнымалы ток ажыратқыштар-1-10/400-630, РДЗ-35-110/1000.

    КРУ к-07М АЕ 20 кВ сериялы ішкі қондырғының жиынтық тарату құрылғылары.

    КСО-366м сериялы құрама камералар, Жакно, КС-02-20 (6) типті жоғары вольтты ұяшықтар.

    Мтпо, МТПЖ, МТП-25-100/10 үлгісіндегі діңгекті трансформаторлық қосалқы станциялар (6).

    Май оқшаулағышы бар үш фазалы күштік трансформаторлар.

    ОНДЦЭ-43250/25к-У2 типті тартқыш трансформаторлар.

    Май және шойын оқшаулағышы бар ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары.

    Кернеуі 20 кВ "НОМЕКС" 250-2500 кВА құйылған оқшаулағышы бар құрғақ трансформаторлар

    Сонымен, зауыт бір айда қанша өнім шығарады деген мәліметке келсек, мыңнан аса дайын өнім өндіріледі.

    Ол трансфарматордың күшіне байланысты. Мысалы, 6-10 КВТ трансфарматорларды дайындап шығаруға біздің Ресейдегі, Еуропада, Қытайдағы әріптестеріміз 45-60 күн уақыт жібереді. Ал біз алты күнде өте жылдам шығарамыз. Тез болатын себебі, ол жұмыстың жүйесіне байланысты. Бізде зауытта жүйе жақсы қарастырылған. Сапаны жоғары деңгейге көтеріп тастағанбыз. Жұмыс барысы Кайдзен деген жапондық әдіспен жүргізіледі. Біз кез келген проблеманы "бұл мүмкіндік", "жақсы" деп қарастырамыз, солай қабылдаймыз. Неге десеңіз, өнімнің шығарылу циклі болады. Материал келеді, оны өңдейді, өңдегеннен кейін оны жинайды, жинағаннан кейін сапасын тексереді, сынақтан өткізеді. Яғни қарап тұрсаңыз, жұмыс этаппен жүреді. Соның бәрінің тез жүруі дұрыс жоспарға байланысты. Әр материалдың уақытында келуі, уақытында детальдардың жетуі, мамандардың өз деңгейінде болуы, станоктардың жұмыс істеп тұруы тұтас тізбек сияқты. Қысқасы, айына бізде 1200 дана трансфарматор шығарылады, - деді Хайрулла Қожабаев.

    Өндіріс ошағында жастардың үлесі 60% құрайды. Кәсіпорында "Жас лидерлер клубы" жұмыс істейді. Мақсаты – жас мамандарды қолдау. Клуб мүшелері зауытқа пайда әкелетін, дамытатын жобалар дайындайды. Белсенді жастардан жетекші маман дайындайды әрі жұмыс бірге істейді. Үздік жоба ұсынған жастарға ақшалай сыйақы беріледі. Ал ерекше идея ұсынса оны зауыттың өндірістік жүйесіне енгізуге дайын. Бұдан бөлек, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Футболдан зауытта 14 команда бар. Мұның бәрі де болашақ мамандарды білімді және ынталандыру үшін жасалып отырған дүниелер.
    2.2 Озық технологияларды еңгізу заводтың ең басты мақсаты
    Осыдан он жыл бұрын зауытты толығымен жабдықтап шықтық. Жабдықтау жұмыстары 2011 жылға дейін жалғасты. ТМД және Германия, Италия, Австрия, Бельгия, Қытайдан 12 млрд теңгеден астам қаржыға жаңа техникалар сатып алдық. Осылайша кәсіпорнымызды 93 пайызға дейін жаңарттық. Цехтар мен бөлімдер де ұмыт қалмады. Сізге айтайын, зауытымызда қазіргі заманға сай 500-ден астам бұйым түрі бар. Жұмыс үш ауысымда жүреді. "Кайдзен" басқару жүйесін қолданамыз, - деді зауыт басшысы Хайрулла Байділдаұлы

    "КТЗ" АҚ-ның негізгі стратегиясы нарыққа сапасы, бағасы, жеткізу шарттары және ұсынылатын сервис бойынша тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін үздік электр техникалық өнімді жеткізу болып табылады.

    Өнімнің жоғары сапасы мен сенімділігіне жетекші батыс және еуропалық фирмалардың заманауи, жоғары технологиялық жабдықтарын қолдану арқылы қол жеткізіледі:

    LAE (Италия)                          CRM (Италия)                         KNUTH (Германия)                    

    TEKNO (Италия)                      EUROMAC (Италия)              GASPARINI (Италия)                             

    STOLBERG (Германия)           TUBOLY (Швейцария)           SOENEN (Бельгия)                   

    TAISS (Италия)                        BISTRONIC (Швейцария)      VICTOR TAICHUNG (Тайвань)  
    2.3 Кентау трансформатор заводының өнімдерін экспорттау
    Кентау трансфарматор зауытының өткен жылғы өндіріс көлемі – 28 млрд теңгеге жеткен. Басқарма төрағасының сөзінше, былтыр бірінші рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Дайын болған өнімнің 40%-ын 14 елге яғни Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Монғолияға экспорттайды. Сонымен қатар, жыл сайын трансфарматорлардың 40-тан аса жаңа түрін өндіріске енгізіп отырады.

    Кентау трансфарматор зауытының өткен жылғы өндіріс көлемі – 28 млрд теңгеге жеткен. Басқарма төрағасының сөзінше, былтыр бірінші рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Дайын болған өнімнің 40%-ын 14 елге яғни Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Монғолияға экспорттайды. Сонымен қатар, жыл сайын трансфарматорлардың 40-тан аса жаңа түрін өндіріске енгізіп отырады.

    Қорытынды
    КТЗ бұл үлкен өндіріс . Оның басты мақсаты сапалы өнім шығару.

    Ол мамандарға көп мән береді. Сол үшін 2018 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Инженерия" факультеті Түркістан қаласынан Кентау қаласына көшірілді. Себебі, зауытқа болашақта сапалы мамандар керек. Факультетте 400-ге жуық студент дуальді жүйемен білім алуда. Онда зауыт тарапынан 42 млн теңге тұратын екі арнайы зертхана және құны 10 млн теңге тұратын үлкен LED экран алынған.

    Түркістан облысы өз алдына бөлек шыққалы екі жыл болып қалды. Өңірдің перспективасы күннен күнге дами түспек. Түркістан мен Кентау аумағында еркін экономикалық аймақ құрылды. Зауыт қожайының айтуынша, осы экономикалық аймаққа ұсынатын он шақты жобаны дайындап қойған.
    Біздің КТЗ компаниясына әлі де 2000-дай білікті маман қажет. Оларды біз шетелден тасымаймыз ғой. Осы өңірден дайындап, жұмысқа алуымыз керек. Сол арқылы экономикаға сүбелі үлес қосамыз деген ойдамын, - деді ол.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. https://baq.kz/news/othernews/kentau-transfarmator-zauyty-dayyn-nimderdi-14-elge-eksporttaydy/

    2. http://aektz.kz/about/?lang=ru


    написать администратору сайта