Главная страница
Навигация по странице:

  • «Кім жылдам»

  • Оқушылардан сұрау

  • Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру Қимыл-қозғалыс ойындары«Күндіз-түні доппен»

  • «Доп үшін күрес».

  • 6блім Ойын кезіндегі басып кіру дадыларын тсіну жне йрету Мектеп Конысбай ауылыны жоббм кні 09. 02. 2021ж. Сынып


    Скачать 182.82 Kb.
    Название6блім Ойын кезіндегі басып кіру дадыларын тсіну жне йрету Мектеп Конысбай ауылыны жоббм кні 09. 02. 2021ж. Сынып
    Дата19.01.2022
    Размер182.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла.docx
    ТипДокументы
    #336295

    Сабақ жоспары № 1

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету

    Мектеп: Конысбай ауылының ЖОББМ

    Күні: 09.02.2021ж.

    Сынып: 5а Мұғалімнің аты-жөні: Калиев С.Х.


    Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарын оқыту


    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



    5.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау



    Сабақ мақсаттары

    1. Жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдау және қолдану.



    Жетістік критерийлері

    • Жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдайды және қолданады;

    • Команда бойынша өзінің «күн немесе түн» екенін дұрыс анықтайды;

    • Допты бір қолымен алып жүреді.



    Тілдік мақсаттар


      • Қимыл-қозғалыс ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды неліктен сақтауымыз керек?

    Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

    • Осы ойынды бұдан да қызықтырақ ойнау үшін нені жақсартуға болады?

    • Сіз допты игеруді қалай жүзеге асырдыңыз?




    • Сіз допты ұзағырақ ұстап тұруды қалай жоспарладыңыз??



    Құндылықтарды дарыту

    Сабақ барысында оқушылардың бір- біріне деген сенімділігін арттыру және әділ ойын ойнауға бейімдеу.

    Пәнаралық байланыстар

    математика пәнімен байланыстыру.

    АКТ қолдану дағдылары

    Қимыл-қозғалыс ойындарды интернет арқылы көрсету.

    Бастапқы білім

    . Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.




    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

    Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «Кім жылдам» ойынын ойнату.

    Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы.

     бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған);

     екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар).

    Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет? (оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)

    Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

    Мұғалімге ысқырық, секундометр

    Сабақтың ортасы

    Негізгі бөлім



    Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру

    Қимыл-қозғалыс ойындары

    «Күндіз-түні доппен» ойыны
    Ойыншылар екі қатарға бір-біріне арқаларын қарата зал ішіне көлденең тұрады, олардың қолында баскетбол добы болады. «Түн» командасы берілген кезде аталған команда «өз үйлерінің сызығынан» допты алып жүріп тезірек шығып кетуге тырысады. «Күндіз» деп аталатын басқа команда допты алып жүру арқылы оларды қуып ұстауға ұмтылады. Ойыншы бос қолымен алдындағы жүгіріп бара жатқан адамға үйінің шет жағына дейін қуып, допты тигізуге тырысады. Бұдан соң барлығы ортадағы сызыққа оралады, бір-біріне қарама-қарсы 2 метрлік арақашықтықта тұрып алып, қолға түскендерді есептейді.
    Осы ретпен ойын тағы да қайталанады.
    Допты теңестірген ойыншы доп тиген болып есептелінеді. «Үйдің» шетінде допты тигізуге болмайды



    «Доп үшін күрес».

    Баскетбол алаңының жартысында бес адамнан тұратын екі команда ойнайды. Ойын айып добын лақтыру алаңынан басталады. Допты алған ойыншылар бір-біріне бере отырып ойынды бастайды, ал қарсыластар допты қағып алып, олар да бір-біріне лақтыру керек. 5,8,10 лақтыруларды қатарынан жасаған командаға ұпай беріледі. Сонан соң ойын қайта басталады. Белгіленген уақытта көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жаңа әзірде ғана допты қабылдап алған адамға қайтадан допты беруге тыйым салынады.



    Кең, таза кеңістіктер әрбір әрекет үшін. Ысқырық, секундомер мұғалім үшін. Футбол, волейбол, баскетбол доптары, шар, таяқшалар

    http://teacher-of-russia.ru


    Сабақтың соңы

    Спорт жабдықтарын орнына қою, тыныс алу жаттығулары және хронометраж.

    Көңіл аудару жаттығулары, үй тапсырмасы.

    Рефлексия

    Стикер, пламастер, ватман, қарандаш т.б

    Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Дарынды оқушыларға, қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

    Бағалау – оқушылардың тапсырманы орындау деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    • Шығармашылық тапсырмалардың нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

    • Спорттық термин сөз қорын тереңдету үшін, оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

    • Әлсіз оқушыларға көмектесу үшін арнайы тапсырмаларды беру және де, топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

    • Көру, тыңдау, сұрақ қою.

    • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатысы бар ма?

    • Оқушылар алаң мен динамикадағы өзгерістер қалай көрінеді және қалай сезілетінін біле ме?

    Топтық ойындардың сапасы талқылау.

    • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы




    Сабақ бойынша рефлексия
    Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы қойылған мақсатқа қол жеткізді ме?

    Жеткізбесе, неліктен?

    Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

    Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

    Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







    Жалпы баға

    Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    1:
    2:

    Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    1:
    2:

    Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


    написать администратору сайта