6 Дріс Табии орлар жне табиатты тиімді пайдалану
Скачать 46.38 Kb.
|
№6 Дәріс Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану Қарастырылатын сұрақтар 1. Табиғи қорлар және олардың маңызы 2. Табиғи қорлардың жіктелуі 3. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология 1. Табиғи қорлар және олардың маңызы Биосфераның және қоғамның дамуының негізгі қажеттіліктері болып табылатын табиғи қорлар мен байлықтар. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді тіршілік етуінің негізгі кепілі табиғи ресурстарды тиімді аз қалдықты етіп пайдалану болып табылады. Табиғи қорлар адам еңбегінсіз бірақ адамның қолданысы үшін жасалған табиғи объектілер. Табиғи ресурстар деп материялды өндірістің барлық сұраныстарын (минералдық, жерлік, ормандық, сулық ресурстар) қанағаттандыруға болатын барлық табиғи байлықтарды айтамыз. Оған табиғи ресурстармен қатар, табиғи жағдайларды да қосамыз. Адамзаттың күнкөрісі мен тіршілік етуге қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері табиғи қорлар деп аталады. Табиғи қорларға су, жер, өсімдік, жан-жануарлар, тау, тас, қазба байлықтары және өзге де тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниелердің барлығы жатады. Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде адамзат, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс қажетін өтеуге арналған заттар, жанар-жағар май, өнеркәсіпке қажетті шикізатты алады. Адамның шаруашылық іс-әрекетіне қолданылатын жер мен оған жақын космос аймағы табиғи-ресурсты потенциал деп аталады. Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін жаратылыста кездесетін табиғи қорларды, шикізатты өңдеп, олардан әртүрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды олардағы шикізат көздерін зат айналым цикліне қатыстырады. Адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе бірнеше түрін өзінің өңдеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, оларды өзгеріске ұшыратуы қордың айналымы болып табылады. Табиғитта зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Табиғи-ресурстық потенциалды анықтауда табиғи қорлары пайдалануды шектеу қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасайды, сондықтан да табиғи қорларды жіктеудің маңызы зор. Қоғамның тұрақты даму мүмкіндігін сақтай отырып, табиғи ресурстарды адам қажеттілігіне сай, аз мөлшерде пайдалану, табиғи – ресурсты потенциялды анықтау кезіндегі негізгі ой болып табылады. Ерте заманнан бастап-ақ адам қоршаған ортадан пайдалы қазбаларды өндіре бастады. Оның уақыт өткен сайын көлемі ұлғая берді. 2. Табиғи қорлардың жіктелуі Табиғи қорлар олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Жаратылыстың құрамында болуына қарай олар жер, су, орман, кен қазбалары деп жіктеледі. Сонымен қатар мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын деп топтастырылады. Таусылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп жіктейміз. Жаңғырмайтын қорларға адамзаттың пайдалану барысында қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын жаратылыс заттары тән. Салыстырмалы жаңғыратын қорларға жаңғырмайтын қорларға қарағанда өзінің бастапқы күйін қайта қалпына келтіріп алатын (бастапқы) түрі жатады. Табиғи қорлар Адамның қатысына қарай Үнемдеуіне қарай Қолданылуына қарай Тиімді пайдаланылуына қарай Нағыз қор Сарқылатын Өндірістік Алмастырылатын Потенциалды қор Сарқылмайтын Денсаулық сақтау Алмастырылмайтын Күрделі қор Эстетикалық Элементарлық қор Ғылыми Дақылдар егіліп, өнім алынатын жер қыртысының беткі бөлігі топырақ салыстырмалы жаңғыратын қорға жатады. Жаңғыратын қорларға өсімдіктер мен жануарлар жатады. Сарқылмайтын қорларға ғарыш, ауа, су көздері жатады. Ғарыштық қорларға күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Ауа-райы қорларына атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады. 3.Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология Қазіргі кезде Менделеев таблицасындағы жүзден астам элементтің барлығы да жерден шығарылады. Қазақстан әлем бойынша қазба байлықтарды өндіруден алдыңғы қатарлы орындарда. Бұл минералды ресурстарды ауқамды түрде пайдалану қоршаған ортаның жаппай микроэлементтермен ластануға әкеп соқтырады. Элементер қоршаған ортада жинақталып, қоректік тізбек арқылы организмге түсіп, қауіптілікті тек қана қазіргі адамдарға ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпаққа да тигізеді. Қоршаған ортаға тигізілетін күш белгілі бір экологиялық шектен аспауы керек. Табиғи ресурстарды пайдалану биосфераның өзгерісіне әкелуде. Орнына қайтып келмейтін ресурстарды тауысу қоршаған ортада, ландшафттардың өзгеруіне, табиғи экожүйелердің аймақтарын құртуға, топырақтың тозуына т.б. себеп болады. Ресурстарды қолдану тағы бір экологиялық мәселе – қалдықтар мәселесін ушықтырады. Қалдықтарға әр түрлі өнімдерді өндіру немесе қолдану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қолдануға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады: тұрмыстық, өнеркәсіптік, өндіріс өнімдерінің қалдықтары, қауіпті қалдықтар, радиоактивті қалдықтар. Табиғи ресурстарды қолдану барысында олардың көп бөлігі ресурстық цикл деп аталатын күрделі айналымға түседі. Ресурсты цикл дегеніміз адамның қорларды пайдалануының барлық кезеңдерінде белгілі бір заттың немесе бір топтың бір түрден екінші түрге ауысуының және кеңістіктегі орын алмасулары. Қазіргі кезде барлық елдерде ең негізгі сұрақтың бірі – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары: - пайдалы қазбаларды өндіру технологияларын жетілдіру - пайдалы қазбалары бар өңірлерді тиімді үнемді пайдалану - дефицитті ресурстарды кең тараған қоры көп ресурстармен ауыстырып пайдалану - өндіру жұмыстары жүргізілген таулы аймақтарда жер рекультивациясын кеңінен жүргізу. Адамның биологиялық түр ретінде оның тіршілігінің шектеуші факторы ол қажетті табиғи ресурстарының тауысылуы. Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР халқаралық ынтымақтастықтар іске асырылады. Болып жатқан әр түрлі экологиялық мәселелер жаһандық сипат ала бастады. Осы жаһандық экологиялық мәселелерді болдырмау мақсатында әр түрлі табиғат қорғау қызметтері іске асырылуда. Қазіргі кезде экологиялық мәселелермен айналысатын 100-ден астам халқаралық ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы, БДҰ, БАҰ, ЮНЕП, ЮНЕСКО және т.б өзге елдер сияқты Қазақстан республикасы да қоршаған ортамен табиғи ресурстарды қорғау заңнамасына сүйенеді. ҚР Экологиялық кодексі, жарлықтар, нормативтік актілер т.б. жатады. Табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі аспектілері Есептеу және бағалау Дамудың болжамы Басқару және пайдалану жүйелерін жасау Ресурстарды зерттеу Дұрыс мәліметтерді алу Бақылау сұрақтары: 1. Табиғи қор дегеніміз не? 2. Табиғи қорлардың жіктелу принциптері 3. Табиғи-ресурстық потенциал дегеніміз не? 4. Табиғи қорларды тиімді пайдалану жолдары 5. Қалдықсыз технологияның маңызы |