СРС 6. 6 Иілу кезінде беріктікке есептеу (жобалау есебі)
Скачать 320.43 Kb.
|
6 Иілу кезінде беріктікке есептеу (жобалау есебі) Берілген арқалықтың сұлбасы үшін (13–сурет): а) әрбір аралықта пайда болатын көлденең күш Q және июші момент М өрнектерін жалпы түрде жазу қажет; б) Q және М эпюрлерін тұрғызу қажет; в) қауіпсіз кернеу []=10 МПа деп ағаштан жасалган көлденең қимасы дөңгелек арқалықтың диаметрін анықтау қажет. Берілгендері 7–кестеден алынады. 7-кесте
Ескерту: Арқалықтың = 10а деп қабылдау қажет. Нұсқау. Бұл есеп жоғарыда қарастырылған есеп «Иілу» тақырыбына жатады. Бұл сұлбаларда арқалықтың бір шеті қатаң бекітілген, сондықтан реакция күштерін анықтамай, эпюрлерді біліктің бекітілмеген шетінен бастап бірден тұрғыза беруге болады. Эпюрлерді тұрғызу кезінде алдыңғы есепке қатысты ережелерді пайдалану керек. Есеп жобалау есебі болғандықтан, иілу кезіндегі беріктік шартынан арқалық қимасының геометриялық факторын анықтау керек, яғни x өсіне қатысты иілуге қарсыласу моменті Wx-тың мәнін табу керек. Содан кейін Wx шамасы бойынша қимасы дөңгелек ағаш біліктің диаметрі анықталады. |