6 аналитикалык топ. 6 - аналитикалық топ катиондарын бөлшектеп талдау. 6 шы аналитикалы топ катиондарын блшектеп талдау
Скачать 14.3 Kb.
|
6- шы аналитикалық топ катиондарын бөлшектеп талдау Алтыншы топқа жататын катиондар: Сu2+, Нg2+, Сd2+, Со2+, Ni2+ ; Топ реагенті: NН4ОН 1. Сu 2+ катионын анықтау: 1) Аммиак ерітіндісімен (NН4ОН) - өзіндік (спецификалык) реакция: Зерттелетін ерітіндінің 5 тамшысына 10-15 тамшы NН4ОН ерітіндісін қосу керек. Ерітіндінің түсі әдемі көк түске боялуы керек. Басқа аналитикалық топ катиондары бар болса зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысына тұнба түзіліп болғанша 2н. КОН ерітіндісін қосу керек. Тұнбаны бөліп алып, НNОз-де ерітіп,осы ерітіндіден басқа пробиркаға 5-6 тамшы құйып алып, үстіне NН4ОН ерітіндісін қосу керек. Мыс аммиакатына тән [Сu(NН3)4]2+ әдемі көгілдір түс пайда болуы керек. 2) Калий иодиді (KI) ерітіндісімен: Зерттелетін ерітіндінің 5-6тамшысына 9-10тамшы КІ ерітіндісі қосылғанда сұрғылт (бурый) түсті тұнба түзілуі керек. 2. Нg2+ катионын анықтау: 1) Калий иодиді (KI) ерітіндісімен: 5 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы КІ ерітіндісін ( артық мөлшерде алуға болмайды , сонда Hg+ бар болса қызылсары (оранжевый) түсті тұнба түзілуі керек (қағаз бетінде жасауға да болады). 2) Қалайы (ІІ) хлориді (SnCI2) ерітіндісімен:1-нұска Фильтр қағазы бетіне 1 тамшы SпСІ2,1 тамшы анилин тамызамыз, сонда дақ қара түске боялуы керек. 2-нұсқа Фильтр қағазы бетіне 1 ташыы SnС12, 1 тамшы АgNO3, 1 тамшы Нg2+ бар ерітінді тамызғанда, дақ қара түске боялуы керек. 3) Металдық мыс (Сu°) арқылы: Мыстан жасалған пластина бетіне 1 тамшы зерттелетін ерітінді тамызғанда қара түсті дақ пайда болуы керек.Осы реакция арқылы Нg+ анықтағанда Аg+, Ві3+ , Нg22+, Sb3+ кедергі жасайды. Sb3+ мен Ві3+әсерін жою үшін анилин қосып жүргізеді (SnСI2 1- нұсқаны қара). З.Сd2+ катионын анықтау: 1) Кристалдық тиосульфат (Na2S2О3): 4 тамшы зертелетін ерітіндіге 6 тамшы Н2SО4жэне де 1-2 түйіршік Na2S2О3 салып,су моншасына қойып 5-10 минут қыздыру керек. Центрифугалап центрифугаттан 3-4 тамшы алып күкіртті сутек қосу керек. Сонда Сd+ бар болса, сары түсті тұнба түзілуі керек. 2) Күкіртті сутек (H2S) суы: (Сu2+, Нg + жоқ болса). Фильтр қағазы бетіне 1 тамшы зерттелетін ерітіндіні тамызып, күкіртті сутек құйылған шөлмектің аузына ұстағанда дақ сары түске боялады. 4.Со2+ катионын анықтау: 1) NH4SCN а) 5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіге 10 тамшы изоамил спирті жэне эфир қоспасын тамызып, пробирканы сілкігенде көк түсті сақина пайда болуы керек. б) фильтр қағазы бетіне 1 тамшы зерттелетін ертінді тамызып, қағазды аммиакпен өңдеу керек (аммиак құйылған шөлмектің аузына ұстау). Дақтың шеті көк түске боялуы керек. 5. Ni2+ катионын анықтау: 1) диметилглиоксим ( реактив Чугаева ): Орта аммиакты болуы керек. Пробиркаға 15 тамшы зеттелетін ерітінді алып, оның үстіне тұнба түзіліп болғанша NaОН ертіндісін қосып ( 8-10 тамшысы), 5-10 минут су моншасына қойып қыздыру керек. Тұнбаны бөліп алып, сумен жуып, үстіне концентрлі NH4OH қосу керек. Центрифугалап, үстіне диметилглиоксим қосып N2+ катионын анықтаймыз. Ертіндіде Ni2+ катиондары бар болса қызыл түсті дақ пайда болуы керек. а) Егер ертіндіде Сu2+, Со2+, Fе3+ жоқ болса фильтр қағазы бетіне 1 тамшы зерттелетін ертінді, 1 тамшы диметилглиоксим тамызып, аммиакпен өңдеу керек, сонда дақ қызыл түске боялуы керек. б). Егер Сu2+ ,Со2+ бар болса зерттелетін ертіндінің 10-15 тамшысына тұнба түзіліп болғанша NaОН қосып, су моншасында қыздырып, центрифугалаймыз. Түзілген тұнбаны СuONiO концентрлі NН4ОН-пен өңдеп, центрифугаттап Ni2+ ді диметилглиоксим қосу арқылы анықтыймыз. Сонда Ni 2+ бар болса қызыл түсті зат түзілуі керек. |