Главная страница
Навигация по странице:

  • 14. Эвфемизм сөздерді белгілеңіз

  • 17.Әбу Насыр Әл Фараби трактат жазған салаларды табыңыз

  • 19 . Алып Ер Тоңа жырының негізгі идеясы не

  • 21-25 әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі Достық

  • 21. Нағыз достық не береді А)Сенім береді В)Шабыт береді С)Құндылық береді Д)Шынайылық береді Е) Адалдық 22.Достыққа не кедергі бола алмайды

  • 25.Достықты берік ететін не

  • тест 6-сынып. 6сынып тест аза тілі


    Скачать 19.3 Kb.
    Название6сынып тест аза тілі
    Дата16.11.2022
    Размер19.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатест 6-сынып.docx
    ТипДокументы
    #792065

    6-сынып ТЕст Қазақ тілі

    1. Тұлғасы өзгертіліп біріккен сөзді т абыңыз?

    А)Жарғанат В) өнеркәсіп С)темірқазық Д) аққұтан Е) жолсерік


    2. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз?

    А) еш кім, кей бір, бір келкі В) кей кезде, әр уақытта, еш адам С) әл ауқат, салт сана , тұрмыс салт Д)оқу жылы, қысы жазы, оқу құрал Е) әр зат, туған жер, кей адам

    3. Дефис арқылы жазылатын сөздер

    А) Ел –орда В) Х-том С) Болыпты –мыс Д) 2021 –жыл Е) Әйтеке – би

    4. Дефис арқылы қате жазылған сөздер

    А) алай-дүлей В) Жиырма –төрт С) Әл-Фараби Д) Ыдыс-аяқ Е)Сап-сары

    5.Әрбір сөзі бөлек жазылатын күрделі атауларды табыңыз

    А) Ақ шабдар , жирен В)елу , алпыс С) тоқсан тоғыз, жүз

    Д) қара ала, құла қасқа Е) ала, жирен

    6.Екпінге тән қатар

    А) буын үндестігі В)тіркес С) буын Д)дыбыс үндестігі Е) Сингорманизм

    7. Көнерген сөзді табыңыздар

    А) Үнтаспа В) Күпі С) Әуежай Д) дарабоз Е)Кереует

    8. Термин сөзді табыңыздар

    А) Бағдаршам В) жарық С) қызыл Д) пәрбі Е) дисфемизм

    9. Ауыспалы сөз тіркесін табыңыздар

    А) жүректің кілті В) ақ орамал С)тәтті тоқаш Д) қызыл гүл Е) қалың кітап

    10. Диалект сөзді табыңыз

    А) нағашы В) жиен С) әуе Д) құдағи Е) абысын

    11.кәсіби сөз түрлерін көрсетіңіздер

    А) білімге байланысты В) қолөнерге байланысты С) ғылымға байланысты

    Д) әдебиетке байланысты Е) ауыл шаруашылыққа байланысты

    12. Жаңа сөздерді табыңыз

    А) жолсерік В) ана тілі С) бау бақша Д) теңіз Е) жеделхат

    13. Тарихи сөздер қатарын табыңыз

    А) тиын, қызылотау В) Дәрмен, дулыға С) аға сұлтан, қызыл әскер

    Д)ауыл маңы, барлаушы Е)жорға , жоқшылық
    14. Эвфемизм сөздерді белгілеңіз

    А) мылжың, жылампаз В) өсекші , сөзуар С) қор болды, қол салды

    Д) ұрланды, ақсаусақ Е)боқмұрын, қортық

    15.Ойды орығытып, тұспалдап айту

    А) Аллегория В)антитез С) гипербола Д) пейжаз Е) арнау

    16. Абайдың поэмаларына тән қатарды белгілеңіз

    А) Ақын өлімі туралы аңыз В) Ескендір С) Біздің дастан Д) Дала Е)Күй


    17.Әбу Насыр Әл Фараби трактат жазған салаларды табыңыз?

    А) Математика В) Өнер С) Химия Д) технология Е) Тарих

    18.Асыл сөзді іздесең


    Абайды оқы, ерінбе- деген үзінді кімнің шығармасынан алынған?

    А)М: Әуезов В) С. Торайғыров С)А. Байтұрсынов Д) Ш. Уалиханов Е) Дулат


    19 . Алып Ер Тоңа жырының негізгі идеясы не?

    А)Батырлықты дәріптеу В) Тұран елін сыртқы жаудан қорғау

    С) Адамгершілікті , адалдыққа дәріптеу Д) Жас ұрпақты білімге, өнерге шақыру

    Е) туған елді сүю, қастерлеу

    20.Аяз биге тән қатар

    А) Тарихта болған адам В) Хан С) ақын Д) жыршы Е) болыс
    21-25 әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі

    • Достық — адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.


    21. Нағыз достық не береді?

    А)Сенім береді В)Шабыт береді С)Құндылық береді Д)Шынайылық береді Е) Адалдық


    22.Достыққа не кедергі бола алмайды?

    А)Сатқындық В) Шынайылық С) Сыйластық Д) Адалдық Е)Мінез

    23.Өмірлік мақсаттардың бірі

    А)Дос таңдай білу В) Достықты таңдай білу С) Еңбекті таңдай білу

    Д) Арманға қол жеткізу Е) бақытты болу

    24.Сілтеу есімдігі қатысқан сөзді табыңыз

    А) Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек.

    В) Досы жақсының, өзі де жақсы С) Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі Д) Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық Е) Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік


    25.Достықты берік ететін не?

    А)Сенім, жарқын өмір В)Татулық С)Саяси тұрақтылық Д) Ынтымақтастық Е) Шыдамдылық


    написать администратору сайта