6 таырып.оамны саяси жйесі
Скачать 18.47 Kb.
|
6 тақырып.Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы. Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады: Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді; Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады; Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды; Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.). саяси жүйелердің типологиясы.Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық. Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген. Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген. Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды. Саяси жүйенің тиімділігі. Саяси тұрақтылық пен саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері. Саяси тәуекелдіктің факторлары. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық. Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген. Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген. Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды. Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз. Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық. Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз. Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады. Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер. Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері: Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі; Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі; Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі; Солшыл радикалды идеялар деңгейі; Саяси плюрализм деңгейі. Зерттеуші Н.Әшкеева Қазақстандағы саяси жүйені өзіндік кезеңдерге бөліп көрсетті: Бірінші кезең (1990-1993) – «бетбұрыс кезеңі». Бұл мезгілде негізгі өзгерістер тек жаңа жүйені қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар ескі жүйені күйретуге де бағытталды. Бұл уақытта басқарудың партиялық – кеңестік жүйесі толық өзгертілді, бір партияның монополиясы жойылып, көппартиялық енгізілді. Белгілі бір дәрежеде азаматтардың құқығы мен бостандығы кеңейтілді. Елде басқарудың парламенттік-президенттік формасының қалыптасуы да осы кезеңнің еншісінде. Екінші кезең (1993-1995) – «іздеу кезеңі». Бұл кезеңде Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени психологиялық, геосаяси, этникалық және ұлттық ерекшелігін есепке алатын саяси жүйе моделін іздеу процесі жүрді. Қоғамның саяси жүйесіндегі өзгерістер 1993 жылы қабылданған бірінші Консти-туцияда бекітілді. Осы кезеңде елде заң тұрғысында билік бөлінісі мемлекеттік биліктің дербес бұтақтары ретінде негізделді. Бірінші рет елдің Парламен-тінде баламалы сайлаулар өтті, өкілетті биліктің жергілікті жаңа органдары ретінде – мәслихаттар қалыптасты. Үшінші кезең (1995-1998) – «кристалдандыру кезеңі». Бұл кезеңде елдің саяси жүйесінің стерженін құру процесі байқалды. Автордың айтқанына қосыла отырып, біз өз тарапымыздан еліміздегі саяси жүйедегі өзгерістердің жаңа қадамдарын көрсетуге тырыстық. Дәлірек айтсақ, 1998-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы саяси тұрақты-лықты сақтай отырып Конституциялық өзгерістерге сай жаңа ақпараттар базасын қалыптастырды. Ал, 2004 жылдан күні бүгінге дейінгі аралықта – сайлау жүйесіндегі жаңа өзгерістер мен президенттік-парламенттік басқарудағы жаңа демократиялық жүйенің қалыптасуына бет бұр-ғандығы белгілі. Демек, Қазақстандағы саяси жүйе әлі де өзгеріспен даму үстінде деп нық айта аламыз. Кеңестік жүйе кезінде халықта таңдау болмады, яғни, таңдау болмаған жерде еркіндіктің болмайтыны айқындалады. Қазақстан Республикасы жаңа саяси жүйені қалыптастыру үстіндегі посттоталитарлық жүйені бастан кешіріп отырған мемлекеттердің бірі екендігін жоғарыда атап өттік. Сондықтан біздегі саяси жүйе енді қалыптасу процесін бастан кешіріп жатқан «жас» саяси жүйе қатарына жатқызылады. Реформалар ғана емес, сонымен бірге саяси жүйенің тиімділігі мен нәтижелілігі үшін оларды көпшіліктің қолдауы, заңдылықтың өсуі тұрақтылықтың тиімді факторы бола алады. Саяси жүйенің компоненттері жылжымай бір орнында тұрып қалмайды, олар дамиды, түрін өзгертеді – сол арқылы даму, модерни-зация, саяси жүйенің бейімделуімен қазіргі қоғамның мүдделері мен тепе-тең қажеттіліктерін жүзеге асырады. Пайдаланған әдебиеттер: Жамбылов Д. Саясаттану. - Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 280 б. (63-70 бб). Әшкеева Н. Қазақстанның саяси жүйесінің демократиялануы //Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2006. - №1. - 61-63 б. Әділбек Қ.С. Саясаттану пәні бойынша схемалар альбомы көрнекілік-әдістемелік құрал. - Семей, 2005. – 58 б. -(16-20 бб). |