Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі түсініктер.

  • Тауарларды жіктеудің негізгі түрлері.

  • Тауар маркасы.

  • Тауарды қораптау (қаптау).

  • 7 дріс. Маркетинг жйесіндегі тауар


    Скачать 19.61 Kb.
    Название7 дріс. Маркетинг жйесіндегі тауар
    Дата11.11.2022
    Размер19.61 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7 дәріс (2).docx
    ТипДокументы
    #782491

    7 дәріс. Маркетинг жүйесіндегі тауар

    Дәріс мақсаты – тауар және қызметтер рыногындағы тұтынушылық іс-әрекет теориясының негіздері жөнінде білім алу.


    Негізгі түсініктер. Тауарлық бірлік. Тауар маркасы. Тауардың өміршендік циклы. Жаңа тауар. Ассортименттік саясат.

    Дәріс сұрақтары

    1. Тауар түсінігі және түрлері

    1. Тауардың өміршендік кезеңі қағидасы

    2. Жаңа тауар ұғымы

    3. Ассортименттік саясат

    4. Тауарды таңбалау

    5. Тауарды орау

    Тауар –бұл қажеттіктерді қанағаттандыра алатынның және рынокқа назар аударту, алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатындардың барлығы (физикалық нысандар, қызметтер, тұлғалар, ұйымдар, идеялар).

    Тауарлық бірлік - бұл ерекшеленген, мөлшері, бағасы, сыртқы пішіні және басқада атрибуттарының көрсеткіштерімен сипатталатын, бүтіндік (тұтастық), (мысалы, тіс пастасы-тауар, ал тюбик тауарлық бірлік).

    Тауарды үш деңгейлі тұрғыдан қарастыруға болады және міндетті, (әдетте бір кіндікті шеңберлер түрінде сызады):

    - ойдағы тауар (ішкі орталық шеңбер);

    - дайын тауар (ішкі екінші шеңбер);

    - толықтырылған тауар (үшінші сыртқы шеңбер).

    Тауарларды жіктеудің негізгі түрлері.

    Кең тұтылатын тауарларды мынадай топқа бөледі:

    • күнделікті сұраныс тауарлары (тұрақты сұраныс тауарлары, анда-санда (импульсная) сатып алынатын, кездейсоқ жағдайларға);

    • алдын-ала таңдауға жататын тауарлар (ұқсас және ұқсамайтындар);

    • ерекше сұраныс тауарлары (керемет сипаты барлар);

    • өнеркәсіпке арналған тауарлар мына топтарға бөлінеді:

    • материалдар және бөлшектер, шикізаттар;

    • күрделі( капиталды) мүліктер (стационарлы ғимараттар және қондырғы, көлік);

    • қосалқы материалдар және қызметтер (майлар, қағаз);

    • іскерлік қызметтер (техникалық қызметтеу, құқық пікір-кеңес).

    Тауар маркасы.

    Марка-бұл сатушының тауарларын және қызметтерін елестетіп таныту үшін және оларды бәсекелестердің тауарларынан және қызметтерін бөліп ажырату үшін арналған атау, термин, белгі, сурет немесе солардың араласпалары (сочетание).

    Марка атрибуттары: маркалық аталуы, маркалық белгі, тауарлық белгі. Маркалық белгілемелер тауардың өндірушінің иелігіне жататынын белгілеу үшін қолдалынады.

    Тауар рынокта үш тәсілмен ұсыныла алынады:

    - өндірушінің өзінің маркасы болып;

    - саудалық делдалдың маркасы болып;

    - өзініңде және делдалдың да маркасы болып.

    Маркалық атауларды тағайындаудың төрт тұғырнамасы бар:

    - жекеленген маркалық атаулар (фирманың атына байланыссыз);

    - барлық тауарларға бірегей маркалық атау;

    - барлық тауарларға ұжымдық атау;

    - фирманың саудалық атауы тауарлардың жекеленген атауларымен қосақтаулы.

    Көп маркалы тұғырнамада орын алмақ: бір тауарлық категорияда екі және одан көп маркалардың араласпалары.

    Тауарлық белгі-бұл құқықтық қорғаумен қамтамасызданған марка немесе оның бөлшегі.

    Тауарды қораптау (қаптау).

    Қораптау –тауарға сыйдырғыш қапшық немесе қабыршақ жасау және өндіру- бұл болса маркетингтің екпінді құралдарының бірі, оның себептері мына факторлар:

    -саудада өзін-өзі қызметтеу;

    -фирма образы және марка образы;

    -жаңашылдық мүмкіндігі (қораптар жасауда).

    Қораптың функциялары:

    -тауарды сақтау;

    -бөліп беру, құйу әдістерін анықтап бекіту;

    -сатып алушыға айқын ақпараттар жеткізу (арналуы, сақтау мерзімі).

    Тауар сатушылар маркировкалау құралдарын жасайды. Маркировкалау құралы этикетка, ярлыктар, бұлар тауар туралы көп ақпарат тасиды. Этикетка тауарды немесе марканы елестетіп танытады, сортын, мөлшерін көрсетеді және тауарды насихаттайды.

    Қораптау туралы шешім қабылдай отыра, мына талаптарды ескеру керек:

    -қорапта және маркировкада шындықты көрсету.

    - тауар құнының қорап құнынан тәуелділігін ескеру.

    - тапшы ресурстарды пайдалануды азайту.

    - қоршаған ортаны ластамау

    Әдебиет:

    1. Котлер Ф. Основы маркетинга. Издательство: Вильямс, 2018. – 496с.

    2. Синяева, И. М.   Маркетинг: учебник для академического бакалавриата / И. М. Синяева, О. Н. Жильцова. — 3-е изд., перераб. и доп. — М.: Издательство Юрайт, 2017. — 495 с.

    3. Маркетинг: учебник и практикум для прикладного бакалавриата / Н. М. Кондратенко [и др.]; под общ. ред. Н. М. Кондратенко. — 3-е изд., перераб. и доп. — М. : Издательство Юрайт, 2016. — 408 с.

    4. Ахметова З.Б. Ценообразование: оқу құралы / З.Б. Ахметова. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 296с


    написать администратору сайта