7 Дәріс. тбб. 7 дріс Таырыбы Медициналыбиологиялы тжірибені кезедері. Мліметтерді деуді статистикалы дісін тадау
Скачать 34.43 Kb.
|
№ 7 дәріс 1. Тақырыбы: Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау 2. Мақсаты: Студенттерді медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдерімен таныстыру, биостатистикада қолданылатын статистикалық пакеттерге шолу жасау. Дәріс жоспары: Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау. 3. Дәріс тезистері: Ғылыми медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қандай міндеттер қойылғанына қарамастан, ол белгілі реттілікпен орындалуы тиіс. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады: Зерттеудің мақсаты медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудағы тәжірибеге өзекті болуы тиіс. (зерттеулер неліктен жүргізіледі?). Зерттеудің міндеттері – бұл айқындалған, кеңейтілген анықталған мақсаттың анықтамасы (мақсатқа қалай қол жеткізуге болады?). Медициналық-биологиялық тәжірибенің негізгі кезеңдері II кезең статистикалық мағлұмат жинау I кезең жоспар және бағдарлама жасау; IV кезең алынған мәліметерге талдау жасау III кезең жиналған мағлұматты өңдеу I кезең. Жоспар және бағдарлама құру. Зерттеу жоспары: Зерттеу нысанды анықтау – сол туралы мәліметтер жиналатын статистикалық жиынтық. Зерттеу орнын анықтау - аймақ, мекеме. Зерттеу жүргізу уақытын (мерзімін) анықтау. Бақылаудың түрін (бір жолғы, ағымдық) және әдісін (тұтас, тұтас емес) анықтау. Зерттеуді орындаушылар және бастығы Зерттеудің техникалық құрал жабдықпен қамтамасыз етілуі Зерттеудің құнын бағлалау. Зерттеудің бағдарламасы: Статистикалық жиынтықты, жиынтық бірліктерін, зерттеу бірліктерін анықтау. Зерттеу бағдарламасын анықтау, яғни тіркеуге тиісті белгілер тізімі бар алғашқы статистикалық құжатты анықтау. Мәліметті өңдеу бағдарламасын анықтау, яғни мәліметті топтауды таңдау және белгілердің түрлі топтамалары жасалған өнделген кестенің үлгісін құрастыру. II кезең. Статистикалық мәліметтерді жинақтау (статистикалық бақылау). Статистикалық бақылау – бұл зерттелетін бірліктерді арнайы медициналық есеп құжатында тіркеу. Статистикалық бақылау жинақ бірліктерін қамту толықтығына, уақыт бойынша факторларды және зерттеу тәсілдерін тіркеуге жіктеледі. Статистикалық бақылаудың жіктелуі
III кезең. Жиналған мәліметтерді өңдеу: Жиналған мәліметтерді есеп құжаттарында толықтығы мен толтыру дұрыстығына тексеру, көшірме нұсқасын жою. Әрбір белгінің жанына шартты белгі қою жолымен шифрлау (кодтау). Шифрға сәйкес карталарды топ бойынша жайып салу әр топтағы картаны санау. Жалпы мәлімет құрастыру, яғни салыстырмалы және жалпылама көлемін алу үшін алдын ала макеті құрастырылған кесте үлгісіне есептеу нәтижесін енгізу. IV кезең. Алынған мәліметтерге талдау жүргізу. Талдау ретті: көрсеткіштерді есептеу (орташа және салыстырмалы шамалар); алынған мәліметтерді көрсететің графикалық бейнелерді (суреттерді) құрастыру; зерттеу нәтижелерін салыстыру; берілген зерттеу бойынша тұжырым, қортыныдыны және ұсыныстар жасау. Бұл кезеңде арнайы статистикалық әдістер қолданылады: стандартау әдісі; статистикалық болжамдарды тексеру әдісі; корреляциялық-регресиялық әдісі; дисперсиялық талдау, дискриминантты талдау және т.б. 2. Медициналық-биологиялық зерттеу үдерістерінде, өте жиі нақты мәселені шешуге қажетті статистикалық әдісті таңдау қиынға соғады. Медициналық-биологиялық есептерді шешуге қолданылатын кейбір статистикалық әдістер
4. Көрнекі материалдар: көрме, слайдтар. 5. Әдебиет: Савилов Е.Д. Эпидемиологический анализ: Методы статистической обработки материала / Е.Д. Савилов, В.А. Астафьев, C.Н. Жданова, Е.А. Заруднев. – Новосибирск: Наука-Центр, 2013.. Ивантер Э.В., Коросов А.В. Элементарная биометрия: Учеб. пособие / Э. В. Ивантер, А. В. Коросов; ПетрГУ. - Петрозаводск, 2015. Лях Ю.Е., Гурьянов В.Г., Хоменко В.Н., Панченко О.А. Основы компьютерной биостатистики: анализ информации в биологии, медицине и фармации статистическим пакетом Medstat/ - Д.: Папакица Е.К., 2016 6. Бақылау сұрақтары: Медициналық-биологиялық зерттеудің қандай негізгі кезеңдерін белесіздер? Статистикалық есептердің мысалдарын келтіріп, оларды статистикалық белгісімен салыстыру. |