Лекция7 Ясавитану. сем-7Документ Microsoft Office Word. 7 практикалы саба Таырыбы . А. Ясауиді шыармашылыы Диуани Хикмет, Мират ал улуб. Саба жоспары
Скачать 19.28 Kb.
|
№7 практикалық сабақ Тақырыбы: Қ.А.Ясауидің шығармашылығы: Диуани Хикмет, Мират ал қулуб. Сабақ жоспары: 1.Қ.А.Ясауидің шығармашылығы 2.Диуани Хикмет, Мират ал қулуб.Сабақтың мақсаты мен міндеттері: А.Ясауидің шығармашылығы туралы түсінік беру Сабақтың мазмұны: Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Ясауидіңөлеңдері қамтылған жинақтың аты. Осы есім Ахмет Ясауидің шығармасына Х‡І ғасырдан бастап Ясауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар. ¤йткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Ясауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында «Диуани Хикмет» деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді. Әйтсе де Ясауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Ясауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені, оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі. Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгiнгi күнi өзектi мәселеге айналған. Себебi, Қожа Ахметтің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - Х‡І-Х‡ІІ ғасырларға тән. Ал бұл нұсқалар Ясауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді. Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Ясауидіңөзі жазбағанға ұқсайды. Ал Қожа Ахметтіңөзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына Ясауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған тәрiздi. ¤йткені, кейбір хикметтерде Ахмет Ясауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Ясауидіңғана шығармасы емес, бүкіл Ясауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Ясауидің пікірлері деуімізге әбден болады.Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтіңөзіне үңілер болсақ 4400 хикмет орын алған. Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер Сабақтарды өткізу тәртібі: - сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау; - білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау; - оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау; - семинар – «дөңгелек стол». Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпайға дейін): 1-деңгей: 1.Ахмет Ясауи шығармалары 2. Хикметтер туралы баяндаңыз 2-деңгей: 1. Көңілдің айнасы 2. Хикметтердің жариялануы туралы айтыңыз 3- деңгей: 1. Қанша хикмет бар 2. Диуани хикметтің тілі Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар тапсырмалары (30 ұпайға дейін): Пақырнама шығармасы, Мінәжат-реферат, Ахмет Ясауи шығармаларының зерттелуі, Диуани хикметтің тәрбиелік мәні-презентация. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі: Д.Кенжетаев, Қ.А.Ясауи дүниетанымы. Түркістан, 2004 N.Tosun, Ahmet Yesevi. İstanbul 2015, s-237. К.Армстронг, Иудаим, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны. Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2018. -560 бет Ф.Көпрүлү, Түркі әдебиетіндегі алғашқы сопылар. Түркістан 2016, - 173 б. К.Қ.Тулешұлы, Қожа Ахмет Ясауи Хикметы. Түркістан 2016, 463 б. Эдуард У. Саид. Ориентализм. Астана: Ұлттық аударма бюросы.-2019. -396 б. A.Eğilmez, Divanı Hikmet. Sağlam Yayınları, Ankara 2016, -656 s H.Keleş, Hoca Ahmet Yesevi. Bilgeoğuz Yayınları, 2013, s.88 М.Мырзахметов, Иасауи тағлымы. Түркістан, 1996 М.Ф.Көпрүлү, Қ.А.Ясауи танымы және тағлымы. Шымкент, 1999 Т.Э.Фон Грюнебаум. Основные черты арабо-мусульманской культуры. М., 1981.-217. |