Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақ Кср

  • антрепренерлық

  • Гильдия жүйесінде

  • ӘСМ Өтепберген Меруерт. 7 практикалы саба тапсырмалары Таырып Саясат субъектілері Тапсырма Тмендегі сипаттамалара анытама берііз


    Скачать 92.49 Kb.
    Название7 практикалы саба тапсырмалары Таырып Саясат субъектілері Тапсырма Тмендегі сипаттамалара анытама берііз
    Дата04.04.2022
    Размер92.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘСМ Өтепберген Меруерт.docx
    ТипДокументы
    #440819

    Өтепберген Меруерт 111А

    7 практикалық сабақ тапсырмалары

    Тақырып: Саясат субъектілері

    Тапсырма 1. Төмендегі сипаттамаларға анықтама беріңіз

    1.Қазақстан Республикасы егемен –  1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. Қазақ Кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелміздігі егемемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. 
    2.Қазақстан Республикасы зайырлы –Діннің мемлекеттен бөлектігіне байланысты мемлекет дін істеріне араласпайды. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді.
    3.Қазақстан Республикасы унитарлы –себебі,мемлекет аумағында бір ата заң,бір әнұран,бір байрақ, тек бір басқару құрылымы бар. Қазақстан Республикасы осы қатарға жатады. Себебі, елде автономды мемлекеттер жоқ. Одан бөлек ел аумағында, қала, аудан, ауылдарда тек бір заңға бағынады. Бірыңғай мемлекеттік тіл бар. Біздегі мемлекеттік – қазақ тілі. 

    4Қазақстан Республикасы демократиялық –Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасыадам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды. Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.

    Тапсырма 2. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

    2.1. Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?

    Саяси элитаны тудыратын факторлар:

    1.қоғамға арнайы білімі мен тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар.

    2.адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздіктер

    3.қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланғандар

    4.бұқара халықтың қолдауына зор жеңіспен ие болғандар.

    Осы факторлар саяси элитаның негізгі қозғаушы күштері

    2.2. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі туралы сипаттаңыз

    Саясиэлиталарды қалыптастырудың ,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар:

    антрепренерлық

    гильдия жүйесі.

    1)Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.

    Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі-саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ,принципсіз,ұрыншақ,авантюрист адамдардың билікбасына келуі.Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап,пішіп болмайды.Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар,саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
    2) Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяуболса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі ,адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі,партиялық стажы және т.б жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың,топтың, тектің,партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.
    Саяси элита әр түрлі болғандықтан ол жіктеледі. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді.

    • Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие , маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады.

    • Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап,олқылықтарын тауып,қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.

    2.3. Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?

    Элитаның болуы – демекратия үшін айқын да әлеуетті қауіп төндіретіндігі туралы қағиданы теріске шығармайтын болсақ, онда демократияны сақтап қалудың шарттары элитаны халықтың ұдайы бақылауға алуы; элита халықтың бақылауынан шығып кетпеуі үшін оны өз өкілеттерін жүзеге асырауға ғана қажетті қызметтік міндеттерімен шектеу; мейлінше кең жариялылық, элитаны шектеусіз сынаудың мүмкіндігі, биліктің тармақталуы және саяси, экономикалық, ғылыми және өзге элиталалардың  бір-бірінен мейлінше оқшаулана өмір сүруі, оппозицияның, элиталар арасындағы күрес пен бәсекенің болуы (олардың төрешісі, әсіресе сайлаулар кезінде халық болады); сайып келгенде, бұлардың бәрі жинақтала келе демократиялық процесті жандандырады.Бұқараның элитаға сарабдал сенімсіздігі табиғи нәрсе әрі елеулі дәрежеде сындарлы құбылыс ретінде көрініп жүр: ол элитаның деспоттық билік тізгінін өз уысына жиып алуына бой бермейді.

    Элита мен бұқараның қарым-қатынасындағы екі ұшқарылықтың да, басқаша айтсақ, элитаның бетімен кетуіне апарып соғатын нарсе оның соңынан бұқараның көз жұмып ере беруінің де, сондай-ақ өкіметтің заңдастырылғанына нұқсан келтіретін ұшқарылық бұқараның элитаға мүлдем сенбеуінің де саяси жүйеге тигізер кесірі көп. Сондықтан, домократияны бұқараның элитаға бақылау орнатуын қамтамасыз ететін, сол арқылы элитаның бұқараны саяси субъектіліктен айыруына мүмкіндік бермейтін, керісінше оның белсенділігін арттыратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұқараның  сенгіштігі, бір жағынан, соңғысының басқару қызметін атқаруын жеңілдете түседі, екіншіден, оны билікті бір адамның қолында шоғарландыруға ынтықтырып,бұқарадан алшақтай бастауына , томаға-тұйық, деспоттық топқа айналып, сырттан “таза, жас қан” құйылып жатпағандықтан, біртіндеп азғындыққа ұшырауына итермелей түседі.

    Сондықтан элитаның экспансионизмі оның белгілі топтарының басымдыққа жетуіне жол бермейтін белгілі бір демократиялық шараларды ұсынуға тиіс. Біздіңше, оларға мынадай шарттар жатады:

    1.  Толық жариялылық, сөз бостандығы бұқаралық ақпарат құралдарына қандай да бір әлеуметтік топтың үстемдік орнатпауы, баспасөздің, теледидар мен радионың баламалық органдарының болуы, олардың көмегімен кемшіліктерді, қателіктерді ашық сынау;

    2.   Пәрменді оппозицияның, элитаның әрқилы топтарының  еркін бәсекелестігінің, саяси плюрализмінің болуы, олардың өзара сыны мен қарсылықтығы орнығып, оларға халық бұқарасы, сайлаушылар төрелік етуі, сол арқылы элитаны бақылауға алуы;

    3.   Әлеуметтік ынталылыққа элитаның ашық болуы, олардың қатарына қалың тұрғындар қауымының ең қабілетті өкілдерінің ену;

    4.  Бұқараның элитаға сайлау науқандары арқылы кері әсер етуін қуаттау;

    5.   Құқықтық мемлекетті орнықтыру үшін міндетті шарт болып табылатын демократиялық принциптер мен заңдарды бұлжытпай сақтау шарттары жатады. 




    написать администратору сайта