тест жұмысы. 7сынып бойынша аза тілі пнінен аза тілінде неше септік бар
Скачать 20.37 Kb.
|
7-сынып бойынша қазақ тілі пәнінен 1.Қазақ тілінде неше септік бар? А) 7 В) 6 С)4 Д)5 2. Көсемше жұрнақтарының қатарын тап. А) –ған,-ген,-қан,-кен В) –а,-ып,-ғалы,-й С) –атын,-етін,-р Д) –е,-іп,-ар,-ер Е) –с,-атын,-гелі,-п 3. Күрделі нақ осы шақты тап. А) айтып тұрды В) алып жүрген С) бара жатыр еді Д) оқымай жүр Е) Сурет салып отырмақшы 4. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын тап. А) Ел арасына сыйлы В) Ұлттық ойын ойнайды С) Ақылды сөз айтылды. Д) Жыл сайын толықты Е) Өмірдің мәнін түсінді. 5. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады? А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу 6. Сөздердің жалғау арқылы байланысын тап. А) Ерекше мінез В) Ол сұрасын С) Әзер жетті Д) Әлді адам Е) Отан үшін аянба. 7. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін тап. А) Бұлардың жағдайлары В) Балуанмен күресті С) Ғалымды көрсеңіз Д) Ғалымнан басқа Е) Асығып сөйледі 8.Есімшенің тәуелденген түрін көрсет. А) аяқта,ұқ В) бұзар,шабар С) егер,ендеше Д) көргенің,айтарым Е) жазым,басылым 9. Синонимді тап. А) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты. В) Ол жазушылық өнерді өте жас кезінен бастады. С) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі. Д) Қауіп бар жерде қатер бар. Е) Дауылдан кейін тыныштық орнаған. 10. Болымсыздық есімдігін көрсет А) барша,барлық,бәрі В) ешкім,ештеңе, ешнәрсе С) біреу, кейбіреу, әлдене Д) мен, сен, сіз Е) менің ,біздің, сендердің 11. Мақсатты келер шақ жұрнағы А) -мақ,-мек В) -ған,ген С) -атын,-етін Д) - ар,-ер Е) –ып,іп 12. Сөз тіркесі дегеніміз не? А)Тұтас бір ойды білдіретін сөздер тобы В) Сөйлемді құрауға қатысқан төлеу мағыналы,белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. С) Кем дегенде толық мағыналы екі сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегі Д) сөз және оның түрленуі туралы Е) сөз тіркесі мен сөйлем туралы 13. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөздер. А) Көрікті мекен В) Абай – ұлы ақын С) Мен оқушымын Д) Менің әпкем Е) Бұл – кітап 14. Ол шошып оянды.Көсемшенің сөйлемдегі қызметі А) баяндауыш В) пысықтауыш С) толықтауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш 15. Сөздердің байланысу тәсілдері А) 5 В) 4 С) 3 Д) 7 Е) 9 16. Шылау арқылы байланысқан сөздер. А) Отан үшін отқа түс В) Асанға берді С) Шалғай жер Д) Айтып беру Е) Алтын сақина 17. Сөз тіркесін тап. А) Айтып беру. В) Ит арқасы қиянға апару. С) Ит пен мысықтай. Д) Бала отыр. Е) Ол келді. 18. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді тап. А) жұлын В) құман С) құмұрсқа Д) бұрыс Е) Гүлнұр 19. Сөйлемдегі диалект сөздерді тап. А) Табалдырықта отырма. В) Бидайға орақ түскелі тұр. С) Бау-бақшадан жеміс тердік Д) Бүгін азанда ерте ояндым. Е) Оның нағашысы әскерден келді. 20. Қалау райдың қосымша жасалу жолын тап. А) –ғай,-қай В) –мақ,-бақ С) –са,-се Д) –сын,сін Е) –ған,қан 21. Мекен үстеуін тап. А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген. Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды. 22. Етістікті тіркесті тап. А) Өнерлінің ырысы В) Іске шебер С) Асқарда бесеу Д) Елді қорғау Е) Ізгі сөз 23. Қазақ тіл білімінің неше саласы бар? А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е)6 24. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды. А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е)анықтауыш 25. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті тап. А) Шарықтап тұр. В) Балаға қара С) Оқушының жабдығы Д) Тоқымы белбеу Е) Қызық кітап Қазақ тілі пәнінен тест тапсырманың жауаптары 7-сынып С В А Д А Е А Д Д В А В В А В А В С Д В А Д С С С |