кмж. тест 7. 7 сынып Геометрия Тапсырмалар
Скачать 14.05 Kb.
|
7 сынып Геометрия Тапсырмалар 1) Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына қарсы жатқан бұрыштың сыртқы бұрышының биссектрисасы табанына параллель болатынын дәлелдеңдер. Бағыттаушы сұрақтар: 1. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз не? 2. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теорема 3. Түзулердің параллельдік белгісі 2) А С Табаны АС болатын теңбүйірлі үшбұрыштың В төбесіндегі бұрышын тап. Бағыттаушы сұрақтар: 1. АВС үшбұрышы қандай үшбұрыштарға бөлініп тұр 2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы белгілі болса, басқа бұрыштарын табуға бола ма? 3. Қай бұрышқа белгілеу енгізген тиімді? Тест тапсырмалары. 1) Үшбұрыштың екі бұрышы 43° және 65°. Үшінші бұрышын тап. Жауап: 1) 102°; 2) 72°; 3) 78°; 4) 108°. 2) Үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 1000. Үшінші бұрышының сыртқы бұрышын табыңдар. Жауап: 1) 100°; 2) 80°; 3) 50°; 4) 40°. 3) Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштардың бірі 25°. Төбесіндегі бұрышты тап. Жауап: 1) 25°; 2) 130°; 3) 150°; 4) 55°. 4) Үшбұрыштың бір төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасының тең ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың ... деп атайды. Жауап: 1) биіктігі; 2) биссектрисасы; 3) медианасы. 5) Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 2:3:4 қатынасындай. Үшбұрыш бұрыштарын тап. Жауап: 1) 40°, 600 және 80°; 2) 40°, 500 және 90°; 3) 30°, 700 және 80°; 4) 50°, 700 және 90°. 6) Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесінің сыртқы бұрышы 114°. Табанындағы бір бұрышының сыртқы бұрышын тап. Жауап. 1) 57°; 2) 66°; 3) 24°; 4) 123°. |