негізгі құралдар есебі. 2020-2021_ҚЕ (қаржы)__9 АПТА___7 такырып__ДӘРІС__Дебиторлык кары. 7 таырып Дебиторлы берешектер есебі
Скачать 28.4 Kb.
|
7 тақырып: Дебиторлық берешектер есебі 7.1. Дебиторлық берешектер түсінігі, олардың танылуы және бағалану Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып-өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық берешектер болып табылады. Дебиторлық берешектердің құрамында кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады: сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі; алынған вексельдер; кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының берешегі; еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі; басқадай дебиторлық берешектер. Саудалық дебиторлық берешек – бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық берешек болып танылады. Төлем мерзіміне байланысты дебиторлық берешек: қалыпты - келісім-шарт бойынша төлем мерзімі әлі жетпеген; кешіктірілген - келісім-шарт бойынша төлем мерзімі жеткен, төлем болмаған, бірақ іздену мерзімі өтпеген; үмітсіз - іздену мерзімі өтіп кеткен болып жіктеледі. Әдетте, төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық берешек төлеу мерзімінен кешіктірілген болып есептелінеді. Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық берешек те танылады. Дебиторлық берешек, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзетулерді, берілген жеңілдіктерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдетті мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды. 7.2. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешектерінің есебі Алынуға тиісті шоттар - кәсіпорынның сатып-өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін сатып алушылар мен тапсырысшылардан қайтарылып алынуға тиісті борыштары. Алынуға тиісті шоттар шот-фактуралармен расталады. Бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар 1210 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында көрсетіледі. Ал, бір жылдан асатын мерзімде сатылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар 2110 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шотында көрсетіледі. Жоғарыда дебиторлық берешек күмәнді борыштарға жүргізілген түзетулерді, жеңілдіктерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады дедік. Осыған орай аталған операцияларға тоқталып өтелік. Кәсіпорындар сатып алушыларды ертерек борышын өтеуге ынталандыру үшін көп жағдайда оларға бағадан жеңілдіктер ұсынады. Яғни, белгілі бір мерзім ішінде сатып алушы төлемін өтесе - шот – фактурада көрсетілген жалпы сома белгілі бір мөлшерге азайтылады. Мұндай шараларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорындар сату көлемін ұлғайту мүмкіндігіне де ие болады. Көтерме сауда каталогтарында әдетте бір ғана шот-фактуралық баға көрсетіледі. Бірақ сатып алушыға сатып алуға берілген тапсырыс көлеміне қарай жеңілдіктер қаралуы мүмкін. Мұндай жеңілдіктер сату жеңілдіктері деп аталады. Олар сатылатын өнімнің әр данасының бағасын кемітеді. Мысалы, 1 данасы 50 теңге тұратын тауар 1000 данадан астам көлемде сатып алынған жағдайда 30% жеңілдік жарияланды делік. Демек, 1 дана тауардың бағасы 35 теңге (50*0,7) болады. Яғни, тапсырыс берілетін таур көлеміне байланысты баға денгейі өзгергенмен, оның негізі өзгермейді. Баға және сату жеңілдіктерімен байланысты операцияларды есепке алу үшін 6030 – «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер» шоты қолданылады. Сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар 6020 – «Сатылған өнімді қайтару» шотында көрініс табады. Дебиторлық берешекті жабу үшін сатып алушылар вексельдер беруі мүмкін. Алынған вексель сатып алушының белгілі бір соманы белгілі кезең ішінде төлеу жөнінідегі жазбаша міндеттемесі. Әдетте вексельдердің қолданылу себебі олардың шот-фактура немесе басқа коммерциялық құжаттардан гөрі негізделген дәлелділігінде. Сонымен қатар, оны процент алуға ресми негіз ретінде қолдануға және айналымға жіберуге болады. Алынған вексельдер бойынша операцияларды есепке алу үшін олардың берілген мерзіміне байланысты 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шоттары қолданылады. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық борыштарының есебі бойынша шоттар корреспонденциясы 7.1 кестеде келтірілген. Кесте 7.1 - Сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық борыштарының есебі
Сатып алушылардың келісім шартта белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді берешектер» деп аталады. Халықаралық тәжірибеде күмәнді берешектерді есептен шығарудың тікелей және резервтеу әдістері қолданылады. Тікелей есептен шығару әдісіне сәйкес нақты дебиторлық берешек үмітсіз деп танылғаннан кейін ғана шығындарға апарылады. Яғни, күмәнді берешектер өнім жөнелтілген, жұмыстар орындалған немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қарыз үмітсіз деп анықталған мерзімде шығындарға жатқызылады. Сондықтан аталған әдіс табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Резервтеу әдісі қайтарылмайтын берешектерді алдын-ала қарастырады. Резерв сомасын анықтау үшін екі әдісті пайдалануға болады: өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатып-өткізу көлемінен есептелінетін процеттік әдіс; төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі. Күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғаласына байланысты операцияларды көрсету үшін 1290 – «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты қолданылады. Резерв құрылғанда келесі шоттар корреспонденциясы беріледі: 7440- «Резерв құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар» 1290 – «Күмәнді талаптар бойынша резерв» Анықталған үмітсіз берешек резерв есебінен жабылғанда: 1290 – «Күмәнді талаптар бойынша резерв» 1210 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», немесе 2110 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» 7.3. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі Басқадай дебиторлық борыштардың есебін қарастырайық. Жұмыскерлердің және басқадай тұлғалардың дебиторлық берешектері жайлы ақпараттар 1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2150 - «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында жинақталады. Аталған шоттарда жұмыскерлер мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде қызметтегі іссапарлары үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді. Іс-сапарға жіберілетін адамға тиесілі сома оның бару және қайту жолын төлеу, тәуліктік шығындардың және іссапар мерзімінде қонақ үй жалдауға т.б. шығарылатын шығындардың көлемінде кассадан беріледі. Бұл шығындарға бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарєа баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар; бронь үшін шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар; Қазақстан Республикасының шегiнде iс-сапарда болған уақытында тәулігiне алты айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iс-сапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы; салық төлеушi кiру визасын ресiмдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң құны, мiндеттi медициналық сақтандыру) кіреді. Қызметтік іс-сапарлар және жалпы әкімшілік қажеттіліктер үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға: 1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1010 - «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» бухгалтерлік жазуы орындалады. Есеп берілетін сома тиісті құжаттармен айғақталып, белгіленген мерзімде, бухгалтерияға өткізілетін есеп беруге тиісті тұлғаның Аванстық есебімен расталады. Аванстық есеп ұйым басшысымен бекітілгеннен кейін есеп беруге тиісті тұлғалар өздерінің берешектерін өтеді деп есептеледі. Аванстың пайдалану бағытына қарай осы уақытта: 1310 - «Шикізат және материалдар», 1330 - «Тауарлар» , 1350 - «Өзге қорлар», 2410 - «Негізгі құралдар» т.с.с. шоттардың тиістілері дебеттелініп 1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты кредиттелінеді. Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмыскерлердің алған қарыз сомаларының қайтарылуы ұйымға кіріске алынғанда: 1010 - «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» 1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» бухгалтерлік жазуы орындалады. Қосылған құн салығы барлық сатып - өткізілетін өнім, тауар, жұмыс пен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керсінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленілетін қосылған құн салығы сатылған өнім (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Сондықтан есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операцияларды есепке алу қажеттілігі туындайды. Аталған операциялар 1420 – «Қосылған құн салығы» активті шотында көрініс табады. Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына: 1420 – «Қосылған құн салығы» 3310 - «Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» 3390 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 4110 - «Берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек» 4170 - «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» Ірі компанялар салық төлеуде тиімді экономикалық жағдайға ие болу үшін немесе басқа мақсаттармен еншілес, қауымдастырылған ұйымдар құрады, біріккен қызметке қатысады, филиалдар мен өкілдіктерін ашады. Аталған нысандардың сипаттмасы Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында, ҚР Азаматтық Кодексінде берілген. 27 «Шоғырландырылған қаржы есептілігі және еншілес кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес еншілес кәсіпорын – басқа кәсіпорын (бас кәсіпорын ретінде белгілі) бақылайтын кәсіпорын. 28 «Қауымдастырылған компанияларға салынған инвестициялардың есебі» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында қауымдастырылған компания – бұл инвестордың басым бақылауында болатын, бірақ оның не еншілес компаниясы, не бірлескен қызметі болып табылмайтын компания деп сипатталады. 31 «Бірлескен кызметке қатысу жөніндегі қаржылық есеп» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бірлескен қызмет - екі немесе бірнеше жақ бірлесіп бақылауға жататын экономикалық қызметті келісім-шарт негізінде жүзеге асыруы. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бірiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi. Яғни, филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Жоғарыда аталған нысандармен есеп айырысу үшін келесі шоттар қолданылады: 1220 – «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 2120 – «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі. 1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 2130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі; 1240 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 2140 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады. Кесте 7.2 - Еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешектерінің есебі
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі барысында өндірістің өзіндік құнына есепті мерзімде немесе келесі есепті мерзімдерде апарылуға тиісті шығындар орын алған болса, ондай шығындардың есебі сәйкестік принципіне сай жүргізілуі тиіс. Мұндай шығындардың қатарына келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны, алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы және тағы да басқалар жатады. Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жана өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады. Аталған шығындар есебін жүргізуге «1620 - Алдағы кезеңдердің шығыстары» кіші бөлім шоттары арналған. Оларда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар есепке алынады Дебиторлық борыштар қатарында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, сыйақылар да есептеледі. Аталған операцияларды есепке алу үшін келесі шоттар қолданылады: 1260 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады; 2160 – «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады; 1270 – «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар: акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 2170 – «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі. |