Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары

  • Бұл зат туралы не айта аласыз Ол жеңіл ме Суық па және т.б. осылай түйсіктің кейбір белгілері анықталады». Әдістемелік ұсыныс

  • Тексеру сұрақтары

  • 31 қара сөзін

  • 10. Берілген мысалдардан зейін сапасын анықтаңыз. Осы балаларда зейіннің қандай қасиеттері қалыптасқан

  • «Қорыққанға қос көрінеді» деген халық мәтелі қабылдаудың қай заңдылығына негіз болады

  • Семинар №7. 7 таырып. Таным процесіні диагностикасы. Масаты


    Скачать 86.5 Kb.
    Название7 таырып. Таным процесіні диагностикасы. Масаты
    Дата24.02.2021
    Размер86.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСеминар №7.doc
    ТипДокументы
    #179209

    7 тақырып. Таным процесінің диагностикасы.
    Мақсаты: Жалпы психология бойынша өтілген танымдық процестерге сипаттама беру және олардың жас кезеңдеріне байланысты ерекшеліктеріне тоқталу. Түрлі жас кезеңдеріне орай танымдық үрдістерді анықтайтын тесттерді, әдістемелерді, жаттығуларды өткізе білу іскерлігінің болуы.

    Міндеттері:

    • жас кезеңдеріне байланысты танымдық үрдістердің ерекшеліктерін білу;

    • танымдық үрдістердің даму деңгейін анықтауға арналған әдістемелер атауларымен танысу және оларды жүргізе білу жолдарын меңгеру;

    • танымдық үрдістерді дамытуға арналған жаттығулар мен әдістемелерді жүргізу әдістемесімен танысу.


    Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары

    1. Танымдық процестерді анықтайтын әдістерді іріктеу, талдау және әдістеме атауларын жазу:

    • зейінді анықтауға арналған әдістемелер;

    • ойлау мен сөйлеуді анықтауға арналған тесттер мен әдістемелер;

    • ес, қиял, қабылдау процестерін анықтауға арналған әдістемелер.

    1. Танымдық процестерді дамытуға арналған жаттығулар және оларды өткізе білу әдістемесі:

    • зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары;

    • есті дамыту және тәрбиелеу жаттығулары;

    • ойлау белсенділігін арттыруға байланысты жаттығулар;

    • қиял мен белсенді сөйлеу қорын арттыруға арналған жаттығулар.

    Тәжірибе жүргізіңіз: «Зерттелуші кісі көзін жұмады, оның екі алақанына бір-бірден зат салынады, зерттелуші затты ұстап көрмей мына сұрақтарға жауап береді:


    • Бұл зат туралы не айта аласыз?

    • Ол жеңіл ме? Суық па? және т.б. осылай түйсіктің кейбір белгілері анықталады».


    Әдістемелік ұсыныс

    Психология ғылымындағы осы мәселеге қатысты теориялық мәліметтермен оқып танысу. Тәжірибелік сабаққа берілген тапсырмалар бойынша түрлі жас кезеңіндегі адамдармен танымдық процестерді зерттеу жұмысын жүргізе білу және қажетті құрал-жабдықтарды қолдана білу әдістемесімен танысу. Жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша төмен, өте төмен, орташа деңгей көрсеткен адамдарға танымдық процестерді дамытушы жаттығулар жүргізе білу әдістемесін білу.
    Тексеру сұрақтары

    1. Танымдық үрдістерге нелер жатады және оларға сипаттама беріңіз.

    2. Жас кезеңдеріне байланысты танымдық үрдістерде болатын өзгерістерге сипаттама беріңіз.

    3. Танымдық үрдістерді зерттеуде қолданылатын әдістемелерге шолу жасаңыз.

    4. Қабылдау заңдылығына байланысты практикалық тапсырма: «Танысыңыздың суретін бастапқыдан 10 есе кішірейтсе, не 10 есе ұлғайтса да ол кісіні бірден тануымыз неліктен? Қабылдау заңдылығына байланысты түсіндіріңіз?».

    5. Талқылауға арналған сұрақтар: «Оқушылардың оқу материалдарын қабылдағаннан кейін оларды естеріне тиянақты сақтауы үшін қандай талаптар қойылады?».

    «А.Құнанбаев естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастық себептер» деген психологиялық термин енгізген. Осыған орай айтылған 31 қара сөзін оқып, талқылаңыз».

    6. Ес процесіне байланысты жаттығу: «Көздеріңізді жұмып, айтылған бейнелерді көз алдарыңызға елестетіңіздер:

    • Жемтігіне атылған арыстан;

    • Иесін көрген ит;

    • Тамағыңызға түскен маса;

    • Тәтті тоқаш;

    • Қараңғыдағы найзағай;

    • Сіздің киіміңізге түскен дақ;

    • Күнге жарқыраған алмаз;

    • Түнгі қатты айқай;

    • Ана қуанышы;

    • Қалтаға түскен ұры.

    Енді көз алдарыңызға елестеткен бейнелерді естеріңізге түсіріп, дәптерге жазыңыз. Қандай бейнелерді дұрыс еске түсіргеніңізді тексеріңіз. Егер есіңізге түскен бейнелер 8-ден асса, онда жаттығуды сәтті орындадыңыз.

    7. Анаграмманы шешіп, мағынасы жағынан бөлек сөзді табыңыз: «кохиек, снинет, цкронет, луфобт».

    Анаграмманы шешіп, мағынасы жағынан бөлек сөзді табыңыз: «ачтпо, аидро, фагрелте, рютис».

    8. Талқылауға арналған сұрақ: «Кейде адам өзіне-өзі сөйлейді не өзге кісілермен сөйлеседі. Сөйлесудің осы 2 түрінің қайсысы сөз саны жағынан молырақ, қайсысы қысқартылып айтылады және оның себебі неліктен?».

    9. Берілген сөздерді пайдалана отырып, логикалық әңгіме құрастырыңыз: кілт, қалпақ, қайық, күзетші, бөлме, жол, жаңбыр.


    10. Берілген мысалдардан зейін сапасын анықтаңыз. Осы балаларда зейіннің қандай қасиеттері қалыптасқан?

    «Болат мұғалім сабақ түсіндіріп тұрғанда, сынып ішінде болып жатқан оқиғалардың бәрін көріп-біліп отырады».

    «Алма кітап оқып отырған кезде, оған басқа біреудің бөлмеге келуі сөйлеген сөзі, теледидар дауысы ешқандай әсер етпейді. Өйткені оның зейіні айналысып отырған ісіне ауған».

    «Бірде Еркін екеуміз қараңғыда келе жатыр едік, көшедегі электр шамы жарқ етіп жанды да қайта өшті. Мен тек бір адамның көлбеңдеген бейнесін байқап үлгердім, ал Еркін сол адамның қолындағы себетін, жанында тұрған итін де, сонымен бірге ерекше тымағын да көріп үлгеріпті».


    «Қорыққанға қос көрінеді» деген халық мәтелі қабылдаудың қай заңдылығына негіз болады?




    написать администратору сайта