Главная страница
Навигация по странице:

  • Ашу-ызаны білгенде не істеу керек 8 ”Ж” - сынып Өткізген:Тубекбаева Баян Мырзатаевна 2022-2023 оқу жылы

  • «Көрме» жаттығуы Мақсаты

  • Өз тәжірибеңді топпен бөліс.

  • «Бәтеңкедегі тас» ойыны Мақсаты

  • «Мазақтау» ойыны

  • «Сілкін!» сергіту ойыны

  • Сабақтың рефлекциясы

  • Сабақтың қорытындысы.

  • тәрбие сағаты. Ашу-ызаны білгенде не істеу керек. 8 Ж сынып ткізген Тубекбаева Баян Мырзатаевна


    Скачать 45 Kb.
    Название8 Ж сынып ткізген Тубекбаева Баян Мырзатаевна
    Анкортәрбие сағаты
    Дата22.09.2022
    Размер45 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАшу-ызаны білгенде не істеу керек.doc
    ТипДокументы
    #690835

    Бекітемін Келісілді

    № 52 мектеп-гимназия Тәрбие ісі-жөніндегі

    директоры орынбасары

    _______ Ұ.Б. Байтасова ______ Л.С.Аппазова

    "___"_______2022 ж. "___"_______2022 ж.




    Ашу-ызаны білгенде не істеу керек?

    8 ”Ж” - сынып
    Өткізген:Тубекбаева Баян Мырзатаевна

    2022-2023 оқу жылы

    Сабақтың тақырыбы: «Ашу-ызаны білгенде не істеу керек?»

    Сабақтың мақсаты:

    Тәлім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;

    Рефлексивті механизмді белсендіру;
    Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларымызға зиянкестік жасамай ғана ашуызаны қалай игеруге болатындығы туралы талдау жасаймыз.
    «Көрме» жаттығуы

    Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі. Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жұм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.

    Осы көрмеде жүріп, осы портреттерді жан-жағынан қара. Солардың кезкелгенінен өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет. Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ойыңа ол туралы не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.

    Сезімдеріңе бой алдырған сәтте қандай әрекетке барушы едің соны көз алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса. Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді аш.

    Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Саған не ұнады: төңірегіңнен кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің алдында тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт. Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді? Сезімің бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесің?»

    Талдау:

    Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың?

    Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе?

    Сезімді білдірудің тағы қандай амалдары бар?
    «Бәтеңкедегі тас» ойыны

    Мақсаты: жағымсыз эмоциядан қиянатсыз арылу

    Біз ашуланып, ренжи бастағанда сезіміміз алғашында бәтеңкедегі кішкентай тас сияқты болып қабылданады. Егер ол тасты алып тастамасақ, аяғыңды ауыртады, өзіңді нашар сезінесің. Сондықтан да ересек адам немесе бала болсын, өз проблемаларын сезген сәтте оны бірден айтып үйрену қажет. Саған кедергі болып тұрған нәрсені мұқият ойланып, дәл қазір айтуға тырыс, әрине іштей, ешкімге естіртпей, төмендегіше айтып көр: «Менің бәтеңкемде кішкентай тас жатыр. Мен сөйлеп тұрғанда, Айсұлудың күлгені маған ұнамайды... ».
    «Мазақтау» ойыны

    Бір-біріне ренжіген уақытта неше түрлі ауыр, реніш сөздерін айтасыңдар. Ал ренжітпейтін сөздер айтып ұрсыстыңдар ма? Қане, осылай айтысып көрейік. Бұл сөздер, мысалы, жеміс жидек, ыдыс аяқ атаулары болуы мүмкін - «Сен болсаң – сәбізсің» және т.б. Балалар бір-біріне доп лақтыру арқылы ренжітпейтін сөздермен мазақтасады. 2-3 минуттан соң бір-біріне жылы сөздер айтады. «Сен–менің күнімсің» және т.б.
    «Сілкін!» сергіту ойыны

    Үсті су болған иттің сілкінгенің көрген боларсыңдар?!. Әрқайсысың қастарына кең орын болатындай тұрыңдар. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңды да сілкі. Иттің үстінен су шашырап ұшқандай, сендерден де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз нәрселердің ұшып кететінін елестетіңдер.

    Сабақтың рефлекциясы:

    Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны... Маған ұнамағаны... Менің естігім, білгім, жасағым келгені... Жаттығулардың аяқталуы.

    Шеңбер бойынша қол алысуы.

    Сабақтың қорытындысы.


    написать администратору сайта