Ана біздің жанымыз. «Ана біздің-жанымыз!». 8 наурыз мерекесіне арналан Ана біздіжанымыз! Аяжан
Скачать 21.85 Kb.
|
8 наурыз мерекесіне арналған «Ана біздің-жанымыз!» Аяжан: Армысыздар, аяулы аналар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Шыңғыс: Ана, ол- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандар! Бүгінгі аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі Құтты болсын! Аяжан: Құрметті аяулы аналар! Жүздеріңізден күлкі кетпей, тек қана жайдарлы көңіл күй мен ақ жарқын өмір тілейміз. Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің арнайы дайындалған «Ана біздің-жанымыз!» атты мерекелік кешімізді тарту етеміз. Шыңғыс: Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана, сені құттықтап Әндетеміз бәріміз! -дей отырып 8 сынып ұлдары атынан «Ханшайымым-ау» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар Аяжан: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар! Шыңғыс: Ана десем шешек ашып жанары. Өмірімнің бастау алар ажары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзің .......................................................................................... береміз. Аяжан: Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз, дей отырып, 8 сынып оқушыларының мереке құрметіне дайындаған ойынына кезек береміз. (Ойынды жүргізуші: Динара) Шыңғыс: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Максим Горький Аяжан: Белгілі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Адамдар әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», деген. Алдарыңызда Әділбай Шыңғыстың « ............................................» деген әнін қабыл алыңыздар Аяжан: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт аналардың аяғының астында» деп. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі дейді. Шыңғыс: Келесі кезекті оқушылар дайындаған сұрақ-жауапқа кезек берейік Аяжан: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы Шыңғыс: Уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Ұл-қыздарыңыз шын жүректен тебіреніп, Өнерін аналарға бағыштайды,- деп отырып 5 сынып оқушысы Әбілмәжін Қарақаттың орындауында «Қызбала гүл» әнін қабыл алыңыздар Аяжан: Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Шыңғыс: «Анаға арналған монолог» Экраннан тамашалаңыздар Аяжан: Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені , Ана дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, баланың жылауын қойғызатын ана. Шыңғыс:_Кезекте_оқушылар_дайындаған_шағын_слайд.Аяжан'>Шыңғыс: Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін қандай болса да бәрібір шексіз сүйеді. Бірақ, өмірімізде келеңсіз жағдайлар кездесе береді. Аяжан: Қысқаша қойылымға кезек берейік (Жұмасейіт, Мамед, Камила, Альбина) Бүлдіршін: Біздер бақыттымыз. (залға шығып гүлдерін таратады) Ана, Сен бақыттысың! Жыламағың. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын! Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын! Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа, Өзім кепіл тот басып тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап, «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазам сенің есіміңді!!! Ана! Сен бақыттысың, Тербете бер, Құба талдаи иілген бесігімді. Шыңғыс: Кезекте оқушылар дайындаған шағын слайд. Аяжан: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды. Шыңғыс: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! |