Главная страница
Навигация по странице:

  • Құралдар Ұлғаю формуласы Кескін түрі Қолданылуы

  • Жалпы балл: 25 8-сынып «Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 2-нұсқа

  • Жалпы балл: 25

  • 8 сынып физика тжб 4 токсан. 4ТЖБ 8 класс. 8сынып Физика пнінен 4тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары 1нса


    Скачать 249.79 Kb.
    Название8сынып Физика пнінен 4тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары 1нса
    Анкор8 сынып физика тжб 4 токсан
    Дата24.05.2023
    Размер249.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4ТЖБ 8 класс.docx
    ТипДокументы
    #1157576

    8-сынып «Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

    1-нұсқа

    1. Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңыз. [1]

    2. Кестені толтырыңыз. [4]

    Құралдар

    Ұлғаю формуласы

    Кескін түрі

    Қолданылуы

    Фотоаппарат

    -







    Телескоп










    Микроскоп










    Лупа










    Проектор

    -







    3. Тегістелген, жылтыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады. [1]

    А. Диффузиялық В. Айналық С.Шашыранды

    4. Екі түрлі ортаның шекарасына түскен кезде жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру құбылысы [1]

    А. Сыну В. Шағылу С. Түсу

    5. Өзара 50° жасай орналасқан екі жазық айнаның ортасына зат қойылды. Айналардан заттың неше кескінін көруге болады? [1]

    6. Көзілдірік линзаларының оптикалық күші сәйкесінше 1,5 дптр, 3 дптр және 5 дптрге тең. Бұл линзалардың фокус қашықтығы қандай? [3]

    7. Нәрсе жинағыш линзадан 1,8 м қашықтықта тұр. Егер кескін нәрседен 5 есе кіші болып шықса, линзаның фокус аралығы қандай? [2]

    8. Жазық айнадан 90 см қашықтықта майшам орналасқан. Оқушы майшамды айнаға қарай 25 см-ге жылжытты. Майшам пен оның кескінінің арақашықтығы қандай болады? [2]

    9. Фокус аралығы 0,4 м болатын жинағыш линзадан алынған кескін линзаның екінші жағынан 2 м қашықтықта болуы үшін, берілген дене линзадан қандай қашықтықта орналасуы керек және оның үлкеюі қанша? [3]

    10. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 2 F-тен үлкен болатындай етіп жинағыш линзаның алдында орналасқан AB кесіндісінің суретін салыңыз. Алынған кескінге сипаттама беріңіз. [3]

    5. Суретте АВ денесі жинағыш линзаның алдында орналасқан. Линзаның бас фокусы мен фокус қашықтығы берілген.



    1. Дененің кескінін салыңыз. [2]

    2. Кескінге сипаттама беріңіз. [1]

    Жалпы балл: 25

    8-сынып «Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

    2-нұсқа

    1. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңыз. [1]

    2. Кестені толтырыңыз. [4]

    Құралдар

    Ұлғаю формуласы

    Кескін түрі

    Қолданылуы

    Фотоаппарат

    -







    Телескоп










    Микроскоп










    Лупа










    Проектор

    -







    3. Кедір-бұдыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады. [1]

    А. Диффузиялық В. Айналық С. Дұрыс

    4. Түсу бұрышы шағылу бұрышы(-на,-нан) [1]

    А. Кіші В. Үлкен С.Тең

    5. Өзара 30° жасай орналасқан екі жазық айнаның ортасына зат қойылды. Айналардан заттың неше кескінін көруге болады? [1]

    6. Үш линзаның фокус аралықтары сәйкесінше 110 см, 700 мм, 30 дм – ге тең. Линзалардың оптикалық күштері неге тең? [3]

    7. Қарындаш жазық айнадан 25 см қашықтықта тұр. Егер қарындашты айнадан 10 см жылжытып қойса, қарындаш пен оның кескінінің арақашықтығы қандай болады? [2]

    8. Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 3 м-ге тең. Нәрсенің 5 есе үлкейтілген кескінін алу үшін, оптикалық күші қандай линзаны алу керек ? [2]

    9. Май шам оптикалық күші 10 Дптр-ге тең жинағыш линзадан 12,5 см қашықтықта орналасқан. Кескін линзадан қандай қашықтықта орналасады және оның үлкеюі қанша? [3]

    10. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 0,5 F болатындай етіп жинағыш линзаның алдында орналасқан AB кесіндісінің суретін салыңыз. Алынған кескінге сипаттама беріңіз. [3]

    1
    1. OX нәрсесі жинағыш линзаның алдында орналасқан. Линза IY кескінін береді. Cуретте нәрседен кескінге дейін екі сәуле көрсетілген.

    1. Линзаның бас фокусын және фокус қашықтығын мұқият белгілеңіз. [1]

    2. Үшінші тамаша сәулені сызыңыз. [1]

    3. Кескінге сипаттама беріңіз. [1]

    Жалпы балл: 25


    написать администратору сайта