Үйкеліс күші. 8.Үйкеліс күші. 8.йкеліс кші Бір денені екінші денені бетімен озалан кезде пайда болатын кш йкеліс кші
Скачать 2.24 Mb.
|
8.Үйкеліс күші Бір дененің екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк әрпімен белгіленеді. Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына қарай үйкеліс сырғынау үйкелісі, домалау үйкелісі және тыныштық үйкелісі болып бөлінеді. Үйкеліс күшінің түрлері Тыныштық үйкелісі Домалау үйкелісі Сырғанау үйкелісі Үйкеліс күші жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғанына және бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді болады. Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды және оны N әрпімен белгілейді.Дене горизонталь бетте жатқан жағдайда нормаль қысым күші денеге әрекет ететін ауырлық күшіне тең: Жүргізілген тәжірбиелер үйкеліс күші қысым күшіне пропорционал екенін көрсетеді: мұндағы – үйкеліс күші, ал – үйкеліс коэффициенті деп аталатын шама. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттердің күйіне және үйкелетін материалдар тегіне байланысты болады. Жаттығу есептер А - тобы Жүгі бар арбаша горизонталь орналасқан үстел бетімен қозғалып келеді. а) Үстел мен доңғалақтар; ә) жүк пен арбашаның үстіңгі беті арасында үйкелістің қандай түрі пайда болады? Жәшікті еденмен бірқалыпты қозғалтқанда 4Н күш түсірілді. Жәшіктің қозғалысына кедергі болатын кедергі күш неге тең? Неліктен шананы жермен сүйрегенге қарағанда қар бетімен сүйреу жеңілірек? Егер дене мен горизонталь жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, массасы 3 кг денеге горизонталь бағытта 5 Н күш әрекет еткен кездегі үйкеліс күші қандай? Егер массасы 800 г білеушені тыныштық күйінен шығару үшін 2 Н күш түсіру қажет болса, білеуше мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең? Егер шананың салмағы 5кН және үйкеліс күші шананың салмағының 0,04-не тең болса, мұздың бетінен біркелкі қозғалту үшін қандай күш керек? Горизонтальды еденмен жәшікті қозғалтса 40 Н үйкеліс күші туындайды. Егер үйкеліс күші жәшіктің салмағының 0,5 бөлігін құрайтын болса, жәшіктің салмағын анықтаңыз. Массасы 3 кг білеушені столдың бетімен біркелкі қозғалтқанда динамометр 6 Н көрсетті. Егер білеушенің үстіне 4 кг жүк қойса, үйкеліс күші қандай болады? Горизонтальды бағытта 60 Н күш әсер етсе, шана орнынан қозғалады. Егер үйкеліс күші шананың салмағының 0,03-не тең болса, шананың массасы қандай? Қардың үстімен шананың біркелкі қозғалуы үшін 40 Н күш түсіру керек. Егер үйкеліс күші шананың салмағының 0,04-не тең болса, шананың массасы қандай? B - тобы Егер динамометр 200 Н күшті көрсетсе, есектің тұяқтары мен жолдың арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең? Есектің массасы 32 кг. Массасы 300 г білеушені горизонталь жазықтық бойымен бірқалыпты қозғалтқанда оған бекітілген динамометр серіппесі 2 см-ге ұзарса, динамометр серіппесінің қатаңдығы қандай? Білеуше мен бет арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,3. Көлденең тұрған шанаға 90Н күш жұмсап, орнынан жылжытты, үйкеліс күші шана салмағының 0,045 бөлігіне тең ( ). Шананың массасы неге тең? Горизонталь қозғалып келе жатқан машинаға двигательдің 1,25 кН тарту күші, 600Н үйкеліс күші, ауаның 450Н кедергі күші әсер етеді. Осы күштердің тең әсерлі күштері неге тең? Кеме бір-біріне тіркелген үш баржаны сүйреп келеді. Су бірінші баржаға 9000Н, екіншісіне - 7000Н, үшіншісіне - 6000Н кедергі күшін түсіреді. Кеменің өзіне түсіретін судың кедергі күші 11кН. Баржалар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, осы баржаларды тартқанда, кеменің өндіретін тарту күшін анықта. Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді? Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін 220Н күш жұмсау керек болса, үйкеліс күшін табыңыз.Үйкеліс коэффициенті µ=0,3. Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең? Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруы қандай? Бірдей жүктерді үстелдің бетіне 2 түрлі әдіспен орналастырды. Оларды үстел бетімен қозғалту үшін бірдей күш жұмсау керек пе? Егер шананың салмағы 4 кН, шана мен мұздың үйкеліс коэффиценті 0,03-ке тең болса, шананы мұздың бетімен біркелкі қозғалту үшін қандай горизонтальді күш жұмсау керек? Шананың қардың бетімен біркелкі қозғалу үшін 25 Н күш қажет болса, шананың массасын анықтаңыз? Шана мен қардың үйкеліс коэффиценті 0,05-ке тең. Массасы 10 кг білеуше 15 Н горизонталь күштің әсер етуінен горизонтальді беткеймен тұрақты жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Білеуше мен беткейдің арасында үйкеліс коэффиценті қандай? Үстелдің бетімен горизонталь бағытта 5 Н күшпен тартқан кезде білеуше бір түзу бойымен, біркелкі қозғалып келе жатыр. Осы кезде білеушеге әсер ететін үйкеліс күші неге тең? Егер тыныш жатқан білеушеге а) 3 Н; б) 10 Н горизонтальді күшпен әсер етсе, үйкеліс күші қандай болады? Массасы 2 кг білеуше үстелдің бетінде жатыр, білеуше мен үстелдің арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,3-ке тең. Егер а) 4 Н; б) 8 Н; в) 12 Н болатын горизонтальді күш түсірсе, қандай үйкеліс күші әсер етеді? Зертханалық жұмыс кезінде оқушы динанометрмен жалпы массасы 300 г болатын жүгі бар білеушені үстел үстімен біркелкі тартып жатыр. Егер динанометр 1 Н көрсетсе, үстел мен білеушенің арасындағы үйкеліс коэффиценті неге тең? Вертикальді қабырғаға массасы 1,5 кг болатын ағаш білеушені қысып ұстап тұр. Білеуше мен қабырғаның арасындағы үйкеліс коэффицентті 0,3. Білеуше төмен қарай сырғып кетпес үшін, оны қандай ең аз күшпен қысып ұстап тұру керек? Білеушеге жіп байланып, екінші ұшына жүк ілініп тұр. Жүк төмен қарай біркелкі түсіп бара жатыр. Бұл қандай жағдайда болуы мүмкін? Егер жүктің массасы 100 г болса, үйкеліс күші нешеге тең? С - тобы Горизонталь үстел үстімен массасы 500 г ағаш білеушені бір түзу бойымен, біркелкі серіппемен тартты. Егер білеуше мен үстелдің бетінің үйкеліс күші 0,2-ге тең, ал серіппенің қатаңдығы 50 Н/м-ге тең болса, серіппе қаншаға ұзарады? Қозғалыс кезінде серіппе горизонтальді орналасқан. Массасы 80 г магнит вертикальді темір тақтаға жабысып қалды. Темір тақтаға F1=10 Н күшпен тартылып тұр. Магнит пен тақта арасында үйкеліс күші 0,3-ке тең. Магнитті төмен қарай қозғалту үшін қандай вертикальді F2 күш түсіру керек? Жоғары қарай қозғалту үшін қандай вертикальді F3 күш түсіру керек? Суретте еден мен жәшіктің арасындағы үйкеліс күші мен жәшіктің құрамымен бірге массасының тәуелділік графигі берілген. График бойынша үйкеліс коэффицентін анықтаңыз. Егер жәшікке оқушы 150 Н-ға тең күшпен әсер ете алатын болса, массасы 60 кг жәшікті оқушы орнынан қозғалта алады ма? Горизонталь бағытта әсер ете отырып, оқушы қандай массалы жәшікті орнынан қозғалта алады? Суретте екі түрлі беткейге арналған дененің массасы мен үйкеліс күшінің тәуелділік графигі берілген. 1 және 2 беткейге тән үйкеліс коэффицентін график бойынша анықтаңыз. Қозғалыс кезінде екі беткейде де бірдей үйкеліс күші тууы мүмкін бе? Болуы мүмкін болса, қандай жағдайда?
|