9 саны. 9 санын азайту. 9 санын осу жне азайту
Скачать 19.47 Kb.
|
9 санын қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып, есептер шығара білуге үйрету. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту. Сабақтың коррек.мақсаты: Сөйлеу тілін қалыптастыру, дыбыстарды, сандарды дұрыс айтуын талап ету. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: таза, ұқыпты жазуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сандар, плакат Сабақтың барысы. I Ұйымдастыру қабылдағышты ки сен қалай естисің? оқушылардың назарын сабаққа аудару II Психологиялық дайындық Бес болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз. Өнер, білім көп оқып, Өсе берсін санамыз. III Тіл бұрышымен жұмыс «Б» дыбысы IV Күнделікті сөздер Қазір қандай мезгіл? Бір жылда неше мезгіл бар? Бір жылда неше ай бар? Бір айда неше күн бар? Бір аптада неше күн бар? Қазір нешінші сабақ? Қазір қандай сабақ? V Үй тапсырмасын тексеру. үйге не берілді? дәптерден оқу Балалар өткен сабақта біз қандай санмен таныстық? 8 санының көршілерін ата. Алдыңғы сан 7, кейінгі сан 9. Сандарды тура және кері санау. 8 санын қосу және азайту амалдары бойынша білімімізді пысықтау үшін кішкене ауызша есептер шығарайық. Ойын «Алма теру» VI Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық. Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық. Енді жаңа сабаққа көшеміз, жаңа сабақты бастамас бұрын, сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтарымыздың тақырыбын біліп алайық. Ендеше мен сендерге бірнеше өрнектер оқиын сендер жауабын тауып, сөзжұмбақты толтырайық. 8 – 4=4 айырмасы 5 + 5=10 қосындысы 10 – 1=9 айырмасы 3 + 3=6 қосындысы 5 + 3=8 қосындысы Балалар, ерекше торкөзде қандай сөз шықты? Хормен: тоғыз Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « 9 санын қосу және азайту». дәптермен жұмыс. Балалар 9 санының көршілерін атаңдаршы. Алдыңғы сан 8, кейінгі сан 10. Олай болса кәне бәріміз бірге санайық 8, 9, 10. Енді, 9 санының құрамын білу үшін мына бос торкөздерді толтырайық. 9 9 9 9 9 9 9 9 1 2 3 4 5 6 7 + + + + + + + - Енді оқулықпен жұмыс. 2 есепті ауызша. - Тақтада жұмыс. 4 – мысал. - Дәптермен жұмыс. - Карточкалармен жұмыс. 3 + 4 Ойын: «Бағытын тап» 9 - 1 9 1 + 1 8 3 + 3 5 5 + 4 6 7 - 2 7 2 + 2 4 2 Қорытынды бағалау. Балалар бүгін сабақта не істедік? Есептер мен мысалдар шығардық Суретпен жұмыс жасадық. Сөзжұмбақ шештік. Бәріңе рахмет, сабаққа өте жақсы қатысып отырдыңыздар. Қош сау болыңыздар. |