Главная страница
Навигация по странице:

  • Жазба жұмысты бағалау тәртібі

  • Эссе тақырыптары

  • Ауызша жұмыс түрлері. Берілген жауаптарды бағалау тәртібі

  • 1-тапсырма. Үзінді қай өлеңнен келтірілген Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.

  • 2-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

  • 3-тапсырма. Жауап беріңіз.

  • 5-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

  • Олимпиада тапсырмалары. Олимпиада тапсырмалары 9 сынып. 9сынып (аза тілі мен дебиеті) і тур Жазбаша жмыс трі. Эссе жазу. Жазба жмысты баалау тртібі


    Скачать 20.07 Kb.
    Название9сынып (аза тілі мен дебиеті) і тур Жазбаша жмыс трі. Эссе жазу. Жазба жмысты баалау тртібі
    АнкорОлимпиада тапсырмалары
    Дата29.11.2021
    Размер20.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОлимпиада тапсырмалары 9 сынып.docx
    ТипДокументы
    #285619

    Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу

    9-сынып

    (Қазақ тілі мен әдебиеті)

    І тур
    Жазбаша жұмыс түрі. Эссе жазу.

    Жазба жұмысты бағалау тәртібі:

    1. Эссенің құрылымы және тұтастығы -10 ұпай

    2. Тақырыптың ашылуы және өзіндік пайымы – 10 ұпай

    3. Деректер мен сілтемелер келтіру деңгейі – 10 ұпай

    4. Әдеби тіл нормасы және шығарманың стилі – 10 ұпай

    5. Емле және тыныс белгілер – 10 ұпай


    Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы -50. Оқушы бір тақырыпты таңдайды.

    Эссе тақырыптары

    1. Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні.

    2. Қыз Жібек жыры – ұлттық салт-дәстүрдің көркем көрінісі.

    3. Шешеннің сөзі - шамшырақ.

    Ауызша жұмыс түрлері.

    Берілген жауаптарды бағалау тәртібі:

    Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

    9-10 ұпай - жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;

    7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

    5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

    3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;

    1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

    Ауызша жұмыс түрлерінен оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы - 50. Оқушының олимпиаданың ауызша және жазбаша жұмыс түрлерінен 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.
    1-тапсырма. Үзінді қай өлеңнен келтірілген? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.

    Еділ мен Жайық, жер еді-ау

    Мекен еткен шаруаға.

    Жағасы қорған жай еді-ау!

    Жай қоныстан айырылып.
    2-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

    Көлде жүрген қоңыр қаз

    Қыр қадірін не білсін?

    Қырда жүрген дуадақ,

    Су қадірін не білсін?
    1. Шешендік сөздің қай түріне жатады?

    2. Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?
    3-тапсырма. Жауап беріңіз.

    1.Құрмалас сөйлемнің қалыптасып, дамуы.

    2.Ыңғайлас салаластың мағыналық белгісі мен жасалу жолдары.
    4-тапсырма. Берілген сөйлемдердің құрылымдық-мағыналық түрлерін ажыратып, байланысу тәсілін түсіндіріңіз.

    а) Жанына батыра бірдеңе айтып салғысы келіп еді, қапелімде аузына ондай ызғарлы сөз де түсе қоймады.

    ә)Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, бала менің қолымда қалды.

    б)Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат.
    5-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

    «Оғыз-қаған» дастаны – түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Бұл дастан ауыз әдебиеті үлгісімен әуелде ауызша жасалып, бертін келе қағазға түсірілген сияқты. Бір қызығы – дастанда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, ғұндар дәуірінде, тіпті орта ғасырда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара үйлесіп жалғасып жатады.

    Алдымен «оғыз» сөзінің мән-мағынасын айқындап алайық. Бұл сөзді Еуропа және орыс ғалымдары «огуз» десе, араб-парсы тілдерінде – «гузз», әзірбайжан тілінде – «оғуз», ал қазақша – «оғыз» деп жазылып жүр. Көне түркі тілінде «оғуз» сөзі – уыз, уыздас, сүттес деген мағынаны берген.

    Оғыз қаған – ғұндардың көсемі Мөденің әдеби бейнесі деуге болады. Сол себепті Мөденің тарихи тұлғасы туралы бірер сөз айта кетейік. Мөде – ғұндардың атақты билеушісі, патшасы, тәңірқұты. Әкесі Тұман б.з.б. 206 жылы қайтыс болғаннан кейін патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Бұл кезде ғұндар Хань (Қытай) әскерін күйрете жеңіп, оларды «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр етеді.

    Н.Келімбетов

    1. «Уәде», «сүттес» сөздерінің мағынасын ашыңыз.

    2. Кесте бойынша мәтіннің стильдік белгілеріне талдау жасаңыз.


    Стилі

    Қолданылу аясы

    Стильдік сипаты

    Тілдік белгілері













    написать администратору сайта