Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Ішек таяқшалы тобына жататын микроорганизмдерді анықтау әдісі.

  • 3. Сальмонелларды анықтау әдісі.

  • 5.Clostridium туысына жататын спора түзуші анаэробты бактерияларды анықтау тәсілі.

  • Абдулла Ақерке тпп 20-18 тапсырма9. 9 Зертханалы саба Баылау сратары Ет, шжы жне ет таамдарын санитарлыбактериологиялы зерттеу


    Скачать 14.33 Kb.
    Название9 Зертханалы саба Баылау сратары Ет, шжы жне ет таамдарын санитарлыбактериологиялы зерттеу
    Дата12.06.2022
    Размер14.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбдулла Ақерке тпп 20-18 тапсырма9.docx
    ТипДокументы
    #587188

    9 Зертханалық сабақ

    Бақылау сұрақтары:

    1.Ет, шұжық және ет тағамдарын санитарлық-бактериологиялық

    зерттеу.

    Етті микроскопиялық зерттеу барысында 2х1,5х2,5 см көлеміндегі ет

    бөлшектерінен дайындалған

    жағындылардан бактериялардың жалпы санын анықтайды.

    Жағындыларды Грам тәсілімен бояп,

    микроскоппен тексереді.

    2. Ішек таяқшалы тобына жататын микроорганизмдерді анықтау

    әдісі.

    1 г тағамнан ішек таяқшалы бактериялар тобына жататын

    микроорганизмдерді анықтау үшін

    сынамалардың суспензиясын таңдаулы-дифференциалды қоректік орта

    болып табылатын Кода

    ортасына (қоректік сорпа, сульфанол, лактоза және бромтимол көгі) 5

    мл-ден себінді жасап, 18-20

    сағат бойы термостатта инкубациялайды. Лактозаға позитивті ішек

    таяқшалы бактериялар тобына

    жататын микроорганизмдердің өсу кезінде бастапқы көк түсі қою-жасыл

    немесе ашық-жасыл түске

    өзгереді.
    3. Сальмонелларды анықтау әдісі.

    Сальмонеллаларды анықтау үшін зерттеуге 25 г ет тағамының сынамасы

    алынады. Зерттеуге алынған

    сынамадан 100 мл арнайы қоректік орталарға (Мюллер және Кауфман

    орталары) себінді жасап, 24

    сағат бойы термостатта өсіреді. Өскен микроорганизмдерден таза

    өсінділерді бөліп алады да, оларды

    бір-бірінен ажырату жұмыстарын жүргізеді.
    4. Proteus туысының бактерияларын анықтау әдісі.

    Proteus туысының бактерияларын Шукевич әдісі бойынша анықтайды.

    Ол үшін 0,5 мл сынама суспензиясын қиғаш қатырылған қоректік агарға

    сеуіп, 24 сағат термостатта өсерді. Протейлер болған жағдайда олардың жайылып өсуі

    байқалады. Дайындалған жағындыдан

    грам-теріс бактерияларды анықтап, олардың жылжымалылығы мен

    бактерия өсінділерін идентификациялайды.

    Коагулазаға позитивті стафилококкаларды анықтау үшін 0,2 мл сынама

    суспензиясын сарыуызды-тұзды агар ортасына себеді. Себіндіні

    бастапқыда 37°С-ге реттелген термостатта, сосын бөлме

    температурасында инкубациялайды. Зерттеу барысында анықталған

    стафилококкаларды басқа бактериялардан ажыратады.
    5.Clostridium туысына жататын спора түзуші анаэробты

    бактерияларды

    анықтау тәсілі.

    Clostridium туысына жататын спора түзуші анаэробты бактерияларды

    анықтау үшін зерттеуге алынған сынаманың 1:10 қатынасындағы

    сұйылтымынан сульфитциклосерин (СЦС) және Вильсон-Блер қоректік

    орталарына себінді жасап, 46°С температурада 12 сағат бойы

    инкубациялайды. Клостридиялар болған жағдайда қоректік ортаның түсі

    қараяды. Оң нәтиже себінділер келесі реттілік бойынша бағаланады: 101

    сұйылтымдағы себіндіде – 1г тағам сынамада 10 бактерия жасушасы

    болады, ал 102 сұйылтымындағы себіндіде – 100 жасуша және т.с.

    болады.


    написать администратору сайта