срсп. А азаматты авиация академиясы сож пн азастанны азіргі заман тарихы Маманды
Скачать 24.37 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АҚ «АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ» СОӨЖ Пән: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» Мамандық:6В07105 «Әуежайлардың жердегі радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету» Тақырып: «Мемлекеттік бағдарламалар-Қазақстанның болашақ дамуының кепілі» Орындаған: ОНО-20-1.2 Тексерген: оқытушы, т.ғ.к, тобының 1 курс студенті ассоц.профессор Булгауов Ш.Т Нұрмұхамбет Ділназ Жанарбекқызы Алматы 2020 Жоспар: Кіріспе І БӨЛІМ 1.1.Тарау. «Қазақстан -2030» стратегиясы – ел дамуының бір белесі 1.2.Тарау.Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту,білім және денсаулық бағытындағы бағдарламалар ІІ БӨЛІМ. 2.1.Тарау. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 2.2.Тарау. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлестері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі КІРІСПЕ Қазіргі кезде әлеуметтік сала мемлекет үшін ең маңызды мәселесі болып отыр. Елдегі экономика әлеуметтік жағдайға үлкен әсер тигізеді . Әлеуметтік жағдайды көтеру үшін көптеген мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қабылданды . Бағдарламалардың маңыздылығы- елдегі әлеуметтік жағдайды жақсарту , білім беру , жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларының сапаларын жақсарту болып табылады . Қазіргі таңда әлеуметтік аймақтық бағдарламалар барлық елдерде ең маңызды шара . Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар арқылы елде жәрдемақылар , әлеуметтік көмектер , кедейшілік мәселелері шешіледі . Сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік салалардың орындалу жүйелерімен сапасы жоғарлайды әлеуметтік бағдарламалар бүкіл әлемде әрқашан жанданып тұрады . Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады. І БӨЛІМ 1.1. Тарау. «Қазақстан -2030» стратегиясы – ел дамуының бір белесі 1997 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды, қаралған мәселелер: Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, реформаларды аяқтау, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, Қазақстан барысын қалыптастыру. Ол мемлекеттік шаралардың нақты жоспарларын әзірлеуге негіз болған ел дамуының жеті шешуші бағытын айқындап берді. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жобасы «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі болды, ол елдің дамуының он жылдық кезеңіне арналған экономикалық маңыздылығын ескеріп, қойылған міндеттердің табысты іске асырылуын қамтамасыз етті. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Аталған бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілді. Әлемдік сарапшылар қоғамдастығының адам дамуының орта мерзімдік трендтеріне қатысты байламдарын шартты түрде үш блокқа бөліп қарауға болады екен. Бірінші блокта сарапшылар айтарлықтай ілге-рілеушіліктер байқалатын салаларға назар аударады. Екіншісі – бұл белгісіздік аймағы көрінеді. Ал үшіншісі – айтарлықтай өзгерістер болжанбайтын үдерістер мен құбылыстар екен. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы шеңберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елі арасында 93- орында тұрды.[1] Қазақстан — өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайды, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіретін, өзіндік экономикалық стратегиясы бар мемлекет. «Қазақстан-2030» даму бағдарламасының басты жетістіктерінің бірі - 2008-2009 жылдардағы жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдік және өңірлік дағдарыстардың кері салдарларына ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыру жөніндегі экономикалық шараларға өзінің әсерін тигізуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған «Қазақстан 2030» стратегиясының тағы бір негізгі басымдықтарының бірі – шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейімен ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығында қаржы саласының негізгі институттары қалыптасып, осы саланың қарқынды дамуының берік негізін жасадық. 2003 жылға қарай, шетел сарапшылары экономикалық реформалардың мақсатты жүргізілуінің, қолайлы инвестициялық климаттың жасалуының, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдегі көшбасшылардың біріне айналғанын атап өтті. 2002 жылдан бастап ұлттық және шетел валютасындағы кредиттік рейтингте Қазақстанның деңгейі «тұрақтыдан» «жағымдыға» көтерілді.«Қазақстан – 2030» стратегиясының Ережелері Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы мен «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Жолдауында өз жалғасын тапты.[1] Еліміздің ендігі даму көкжиегі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, бұл- еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы серпінді дамуының кепілі. Алдағы он жылдыққа арналған, басым бағыттар белгіленген стратегиялық құжатта қазақстандық азаматтарға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Бүгінде дамыған 30 елмен тереземізді теңестіру үшін көптеген экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы кедергілерден өтуіміз қажет. Экономиканы құру, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы, сондай-ақ денсаулық және білім беру саласын дамыту – жас мемлекеттердің алдына қойылған мақсаттардың кішкене бөлігі ғана. Осыған орай, елдің дамуын сауатты стратегиялық жоспарлаудың маңызы зор. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша жастарымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы – ұлттың ұлы бағдары. Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы Стратегияны мүлтіксіз орындап, сынақтан мүдірмей өту – біз үшін ортақ парыз, абыройлы міндет.[1] 1.2.Тарау. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту,білім және денсаулық бағытындағы бағдарламалар Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.[2] Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету. Бағдарламаның негізгі міндеттері: экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту ; индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру ; экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру; экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.[2]Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс : 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды ; ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру ; экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру ; өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру ; өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.[2] Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған « Балапан » бағдарламасы кіріктірілді ) [2]Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс : жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 49%, 2020 жылға қарай - 54%; 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды ұлғайту, 2015 жылға қарай - 77,7%, 2020 жылға қарай - 100%; Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 80%; мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылуын ұлғайту және тағы басқа мақсаттар алға қойылған.[2] Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған « Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен қабылданды.[2] Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту. Бағдарламаның міндеттері болып саналады : Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту ; аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру ; денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру ; ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру. Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай мақсатты индикаторға қол жеткізуге тиіс : 2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді ; 2020 жылға қарай халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді ; 2020 жылға қарай халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі.[2] ІІ БӨЛІМ. 2.1. Тарау. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын бірнеше жыл бұрын жариялаған болатын. Қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен бұл бағдарламалық мақала тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды және терең мағыналы бағдарға айналды. 2017 жылдан бастап еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені белгілі. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалар саяси және экономиканы жетілдіруге бағытталса, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Бес әлеуметтік бастамасы» тұтас бір қоғамның жаңғыруы мен әлеуметтік әлеуетінің өркендеуіне жол ашпақ. Мемлекет басшысы рухани жаңғыру мен бес әлеуметтік бастамасын жариялау арқылы елдегі жүргізіліп отырған реформалардың қоғамымыздың рухани әлеуетін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге бағытталғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Жиырмасыншы ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды» деп атап өтті Елбасы, себебі «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».[3] Елбасы бағдарламалық мақаласында ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуының екі қырын атап көрсетті: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, таяу жылдарда нақты жобаларды жүзеге асыру. Осы тұрғыда, Мемлекет басшысы өмір өзектілігін заман талабымен ұштастыра отырып айқындап берген жалпыұлттық алты жоба қоғамдық сананың жаңғыруында маңызды орын алады. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» біртұтас ақпараттық порталы іске қосылды, «100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталып, көпшіліктің дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары бойынша 400-ден астам мәдени нысан қалпына келтірілді.[3] «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болып, республикалық және өңірлік деңгейде көптеген нәтижелі іс-шараларға ұласты. Сондай іс-шараның бірегейі – Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дайындалған кітаптарды таныстыру рәсімі. Іс-шарада Елбасының бағдарламалық мақаласындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында қазақ тіліне түпнұсқадан аударылған 18 оқулық таныстырылды. Бұл оқулықтар – еліміздің кітап қорын сапалы әлемдік ғылыми еңбектермен толықтыратын эксклюзивті гуманитарлық кітапхана қалыптастырудың алғашқы нәтижелері. «Туған жер» жобасы – әр қазақстандықтың бойында патриотизмді, жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бірегей жоба. [3] Бір жылда «Туған жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік 1500 нысан іске қосылып, әлі де жалғасын таба бермек. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Отандық төл мәдениеттің заманауи жетістіктерімен тек қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауымдастықты да таныстыру мүмкіндігі туды. Қоғамда Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жобасы кең талқыға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.[3] 2018 жылдың 20 ақпанында аталмыш Жарлыққа Мемлекет басшысы тарапынан өзгерістер енгізу арқылы латын графикасының тиімді нұсқасы қабылданды. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан реформалардың қоғамда кең қолдау табуы елдің одан әрі дамуына аралық баға берумен қатар дамудың жаңа ұсыныстарын күн тәртібіне шығарады. Мәселен, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС жүргізген екі ірі әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жеке тұлғасы мен беделі бастау алған реформалардың басты кепілі болып табылады. [3] 2.2.Тарау. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлестері Зерттеулердің нәтижелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» және «Қазақстан Республикасының коммуникативтік саясаты: қазіргі жағдайы және перспективалары» атты көлемді екі ұжымдық монографияның шығарылуына негіз болды. Зерттеулер барысында тұрғындардың 90%-ы мен сарапшылардың 96%-ы «жаңғыру процестері мен этносаралық тұрақтылық пен келісімнің сәтті жүргізілуінің басты кепілі – Нұрсұлтан Назарбаев» деген пікірге тоқталады.[4] Осы орайда, мемлекет саясатын жаңғырту бастамаларының Бірінші және Екінші толқыны сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,6%-ның оң бағасын алды.[4] Сауалнама барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған рухани жаңғыру тұжырымын қазақстандықтардың түсіну деңгейін бағалау маңызды болды. Респонденттердің негізгі бөлігі бұл бағдарламадан ұлттық адами капиталдың сапалық кемелденуінің мүмкіндігін көреді. Оның ішінде, респонденттердің 27%-ы қоғамдық сананы жаңғыртуды азаматтардың ойлау жүйесін жаңа дәуірдің талаптарына сай өзгерту ретінде, 27%-ы адамдардың, әсіресе жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру факторы ретінде, 18% – азаматтардың білім алу сапасын арттырудың арқауы ретінде түсінеді. Тағы 15%-ы қоғамдық сананы жаңғыртуды Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы өз білімін кеңейту үшін мүмкіндік ретінде қарастырады. [4] Әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық қоғам, тұтастай алғанда, жаңғыру курсын белсенді қолдайды: үштен бір бөлігі оны елдің дамуы үшін қажетті деп санайды (31,8%); төрттен бір бөлігі Үшінші жаңғыртудың жүзеге асырылуынан қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі жақсаратынына сенеді. Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың көпшілігі (57,1%) қоғамдық сананы жаңғырту идеясын қолдайды, оны еліміздің дамуы үшін қажетті деп санайды.[4] Респонденттердің үштен бір бөлігі (34,7%) жаңғырту қажет, бірақ халықтың өзекті мәселелері шешілген жағдайда ғана деп санайды. Сарапшылардың 43%-ы жаңғырудың қозғаушы күші ретінде – ақпараттық элитаны, 39%-ы – қоғам қайраткерлері мен құқық қорғаушыларды, 33%-ы – шығармашылық интеллигенцияны атады.[4] Рухани жаңғыруға қуатты серпін берген бағдарламалық мақаланың стратегиялық маңыздылығы мен бағдары болашаққа бағытталғандығы сөзсіз. Осылайша, қазақстандық ұлттың қозғалысының жаңа векторы алдағы бірнеше жылға айқындалды, себебі аталған жаңғырту ең алдымен, сананың және ойлаудың жаңа моделін қалыптастыруға байланысты мәселелерді қамтиды. Қазіргі таңда, жаңғыру бағдарламасының мақсатты міндеттерінің орындалуы мен жетістіктерінің қарқынын сақтай отырып, атқарылатын нақты іс-қимылдарды және перспективалардың тиімділігін анықтап, жүйелілігі мен кезеңділігін сақтау маңызды болып табылады. 2017 жылы 17 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылған болатын.[4] 2018 жылғы ақпан айындағы Ұлттық комиссияның кеңейтілген кезекті отырысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының сапа параметрлері мен индикаторларын әзірлеу мақсатында Еуразиялық интеграция институтының құрылымында Интеграциялық және жаңғыру процестерін зерттеу орталығы (ИЖЗО) құрылмақ. Сонымен қатар, ИЖЗО жүргізетін зерттеулер аясында жалпы алғанда және еліміздің өңірлерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және оның жалпыұлттық алты жобасының іске асырылуы мен нысаналы міндеттерін бағалау индикаторлары мен сапалық көрсеткіштерін әзірлеу жоспарланып отыр. Қоғам өмірінде орын алып отырған өзгерістерді әрбір қазақстандыққа жеткізу мақсатында Институт тарапынан тұрақты түрде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізіліп келеді және алдағы уақытта да бұл заңды үрдіс өз жалғасын таба бермек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Институт еліміздің өңірлерімен, яғни, жергілікті жерлермен тәжірибе алмасу бағытындағы шараларды қолға алды. Атап айтар болсақ, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Орал қалаларында өткен әсерлі кездесулер екі жаққа да тиімділігімен ерекшеленеді. Тәжірибе нәтижелерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ғылыми-сарапшылық талқылау мен зерделеу сатысында да, бағдарлама мен оның жекелеген жобаларын тікелей іске асыру сатысында да кеңінен қолдануға болатындығы сөзсіз.[4] ҚОРЫТЫНДЫ Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік - экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты бағыттарының бірі . Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтік топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау , әл - ауқатын жақсарту , Қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшін олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады . Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сыйпаттайды . Мұның өзі - әлеуметтік үндерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаган тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс - қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөз . Сондықтан , Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта - ықылас туғызады . Өйткені , бұл мәселе саясатқа ғана емес , қоғам дамуының экономика , тарих , заңнама сияқты басқа да салаларының бір қыдыру мәселерін қамтиды . Әлеуметтік саясат пен жалпы әлеуметтік дамудың түпкі мақсаты – қай елде болсын , қоғамның әл ауқатын барынша жақсартуға қол жеткізу . Қазақстан мемлекеті әлеуметтік саясатының арналы мақсаты халықтың өмір самасы және әлеуметтік қорғалуы тәрізді ұғымдарды білдіреді . Халық өмірі сапасының жоғары стандартына қол жеткізу және тиімді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттының мақсаты ғана емес , сонымен бірге оның тиімділігін шешуші шара да . Өмір сапасы деген мәселенің ауқымында басты орында жалпы азықтанудың тиімділігі , айналадағы ортаның жағдайы , денсаулықты , білім мен мәдениет - тұтас алғанда адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттер тұрады . Пайдалынылған әдебиеттер тізімі 1. https://engime.org/9-srs-azastan-respublikasini-eleumettik-bafdarlamalarin-iske-a.html?page=5 2. https://stud.kz/referat/show/102772 3.https://slide-share.ru/memleket-ik-baghdarlamalar-qr-bolashaq-damuininh-kepiliqapashov-musaghali-294066 4. https://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs |