Главная страница
Навигация по странице:

  • Қағаздың шығу тарихы

  • Қағаз пластикасы. Aаз пластикасы


    Скачать 21.57 Kb.
    НазваниеAаз пластикасы
    Дата09.10.2022
    Размер21.57 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚағаз пластикасы.docx
    ТипДокументы
    #723714

    ҚAҒАЗ ПЛАСТИКАСЫ

    Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл- сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылының қалай кіретін жолын іздеу керек, баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болуы керек. Ахмет Байтұрсынұлы.
    Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Осы орайда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына баса назар аудардым. Мақаланың басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы - келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән - маңызы ешқашан кемімек емес. Керісінше, уақыт өтіп, заман өзгерген сайын халық нақылының құндылығы артып келе жатыр. Өйткені алдағы дәуір - нағыз білімділердің дәуірі болмақ!

    Елбасы жолдауына мен де, тәрбиеші, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру - тәрбиешінің алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке, Ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан бастау алуы қажет.

    Елбасымыздың жолдауындағы 4К моделін негізге ала отырып, балалардың сыни ойлауын, команда да жұмыс жасауын, креативті ойлауын, коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында өз вариативтік компонент тақырыбын «Шебер қолдар» деп алдым. Мақсатым қағаз пластикасын қолдана отырып, балалардың шығармашылық білімдерін ғана дамытып қоймай сонымен қатар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге үлкен мүмкіндіктер бар екенін түсіндім. Жаңа технология ғасырында туылған балалардың санасына ұлттық тәрбиені сіңіре білу отбасы мүшелерімен қатар тәрбиешініңде міндеті деп білемін. Қағаз пластикасын білу үшін ең алдымен қағаз туралы барлық деректерді білген жөн. Балаларға қағаздың шығу тарихын түсіндіре отырып қана, онымен жұмыс жасауға қызығушылығын таныта аламыз. Осы орайда қағаз туралы мынадай деректер жинадым.

    Қағаздың шығу тарихы:

    Қағаз (парсы: كاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал болып саналады. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді. Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады.Қағаз тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:

    баспалық қағаз, жазбалық қағаз, сызба және сурет салу қағазы, сіңіргіш қағаз, аппараттық қағаз, көшірмелік қағаз, орамдық қағаз, өнеркәсіптік-техникалық қағаз.

    Қызық деректер:

    Негізі бір парақ қағазды өз заңдылығы бойынша жеті рет қана бүктеуге болады дейді сарапшылар, одан ары бүктеу өте күрделі. Алайда жуырда бұл қисынды америкалық бір оқушы бұзды. Ақ қағазды 12 рет бүктеп, ол рекорд жасаған көрінеді. Бұл нәтижені осы уақытқа дейін ешкім түзей алған жоқ. Осы деректерді зерттеу барысында түйгенім қағаз технологиясы балалардың ұсақ моторикасын дамыту мен қатар, оларды креативті ойлауға, зейінін шоғырландыра білуге, өз ойымен бөлісуге, команда да жұмыс жасау қабілетін дамытады, қауіпсіздік техникасын меңгеруге үлкен үлес қосады. Алдағы уақытта балалармен көптеген жұмыстар жасауды алдыма мақсат етіп койдым.

    Қағаз технологиясын барлық білім беру саласында қолданып, балалармен жұмыс жасап жатырмын. Айта кететін болсам, қағаз технологиясының оригами түрін пайдаланып балалармен күптеген жұмыстар жасадық. Оригами – қағазды бүктеу арқылы әртүрлі моделдер аңдарды, құстарды, гүлдерді жасауға мүмкіндік беретін жапон өнері.

    Ең негізгі жұмыс құралы – қағаз болып табылады. Ең негізгі жұмысты атқаратын – ол қол.

    Бұл қолмен қағазды бүктеу арқылы әдемі ойыншықтар мен геометриялық фигуралар жасауға арналған сабақ түрі. Жасаған дайын фигураларды сыйға тартуға және қағаздан жасалған ертегі кейіпкерлерімен көрініс көрсетуге болады. Алғашқы қағаз фабрикасы 1870 жылы Токиода жасалынды.

    Қағаз технологиясын қолданып шығармашылық білім беру саласында балалармен көптеген жұмыстар жасалды, солардың бірі жапсыру ұйымдастырылған оқу қызметінде қағаздан түрлі – түсті көбелектер, кірпілер, кемелер жасадық.

    Қатынас білім беру саласында, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларға ‘Ұлы даланың жеті қыры’ – ұрпаққа ұлағат тақырыбында ұлттық құндылықтарымызды түсіндірумен қатар, қағаздан қызғалдақ жасап, балалардың креативті қырларын дамыта түстім.

    Таным білім беру саласында жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар әртүрлі жануарлардың бейнесін қағаздан жасауды үйренді. Қағаз технологиясын барлық жас ерекшелігіне қарай бейімдеп күнделікті оқу қызметінде пайдаланып жатырмын. Сонымен қатар, балаларда интернет- тәуелділік қалыптасуының алдын алу мақсатында ата - аналармен «Өз балаңа үлгі бол» атты жарыс ұйымдастырдым. Жарыс мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделді. Баланың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтарды отбасында нығайту үшін « Ұлыстың Ұлы күні» атты көрме ұйымдастырдым. Ата- аналармен балалар белсенді қатысып, өз қызығушылықтарын танытты.

    Сөзімді қорытындылай келе, мен өз балабақшамда ізденімпаз тәрбиеші ретінде балабақша бүлдіршіндерін білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келемін. Мен өз кәсібімнің, еңбек етіп жүрген білім ошағының беделін арттыру мақсатында өзіндік қадамдарымды жасап келемін. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі жан - жақты болуы шарт деп есептеймін. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балабақшадағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.Педагог баланы жетектеуші деген атқа лайық болу жолында аянбай еңбектенемін.

    Дереккөздер:

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

    “Балалар Энциклопедиясы”, V-том

    Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

    www.matematik.kz


    написать администратору сайта