Пікір Ұлбосын. Абай атындаы орта мектеп музыка пніні малімі Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнаа пікір
Скачать 23.45 Kb.
|
Абай атындағы орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнаға ПІКІР Сортабаева Улбосын Нурдуллаевна 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы орта мектепке музыка пәнінің мұғалімі болып,бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқаруда. Улбосын Нурдуллаевна - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген шебер ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. 2017 жылы «Тиімді оқыту»білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. 2018 жылы «Ғұмырдария» халықаралық байқауынан оқушысы Ділдабеков Ғани 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылы «Жеті өнер» халықаралық байқаудан оқушысы Адилбеков Бақдәулет жүлделі ІІ орын иеленді. 2020 жылы «Өз Елім» Республикалық байқауынан оқушысы Ділдабеков Ғани 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2021 жылы «Самға Қазақстан» Республикалық байқауынан Букенбай Дінмұхаммет І орын иеленді. 2021 жылы «Желдірме» халықаралық байқауынан Шади Ақжүніс І орын иеленді. 2022 жылы «Музыка пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» курсынан өтті. Педагог –сарапшы санаты 2018 жылы берілді. Улбосын Нурдуллаевна білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз. Мектеп директоры: Ж.А.Тургумбаев Абай атындағы орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнаға ПІКІР Сортабаева Улбосын Нурдуллаевна 2016 жылдан бастап қазіргі 11 «а» сыныбында сынып жетекшілік қызметін атқарды. Осы аралықта ол өзінің білімділігі мен шеберлігін көрсетті. Себебі әрбір оқушы жеке тұлға, оның жүрегіне жол таба білу өте қиын. Ол мұғалім оқушының әр пікірімен санасып, оқушының өз ойын бағалау арқылы оқушының жүрегіне жол тапты. Ата-аналармен жүргізген сынып сағаттарының өзі де ерекше өтетін. Ондағы ойын түрлері, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, ситуациялық тапсырмаларды орындату арқылы әрбір ата-ана өзіміздің баламыздың жан-жақты қырын ашуға көмектесті. Білім мен тәрбие егіз демекші, тәрбиесі жақсы сыныптың білімі де жоғары. Мен ата-ана ретінде айтарым, әрбір мұғалім дәл Улбосын Нурдуллаевна секілді оқушысын өз баласындай көріп оның жан дүниесіне жол тауып дұрыс бағыт-бағдар берсе, ертеңгі ұрпағымыз білімі мен тәрбиесі ұштасқан жан-жақты дамыған, өмірге құштар жеке тұлға болып қалыптасар еді деп ойлаймын. Ата-ана: Сағынтаева А.К Абай атындағы орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнаға ПІКІР Ұлбосын Нурдуллақызы біздің мектепте музыка пәнінен сабақ береді.Бұл мұғалім сабақты түсінікті,әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізеді.Сабақты әр түрлі ойындар,машықтық, әдіс-тәсілдер,көрнекіліктер арқылы өткізеді.Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтеді.Ол кісі жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін,басқа оңай жолдар,амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі ерекше байқалады.Музыка сабағын өте қызықты өтетіндіктен оқушылар келесі сабақты тағатсыздана күтеді. Ұлбосын Нурдуллақызы сабақтан тыс уақыттарда қажымай жұмыстануының арқасында музыка пәнінің маңыздылығын оқушыларға түсіндіріп келеді.Сонымен бірге бұл мұғалім оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысуына ерекше көңіл бөледі. Ұлбосын Нурдуллақызы -мінезі ақжарқын,ісіне адал,ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім.Ол педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым,шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. ДОІЖО: Тоқбергенов Қ.А Абай атындағы орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнаға ПІКІР Улбосын Нурдуллаевна 2017 жылдан бері қызым Нұрланқызы Қарақаттың сынып жетекшісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді. Ұқыптылық пен тазалық Ұлбосынның басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады. Бұл мұғалім тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді. Ұлбосынның өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашық та, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады. Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін. Ұлбосын еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспін. Ата-ана: Құлжабаева Л.С Абай атындағы орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнаға ПІКІР 2005-2006 оқу жылынан бастап Сортабаева Улбосын Нурдуллаевнамен қызметтес -әріптес болып келемін. Тарих және даму пәндері әдістемелік пән бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Сөзімнің дәлелі: пән айлығында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени – көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы. Сынып жетекші ретінде де атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Үнемі ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды. Улбосын Нурдуллаевна өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Бес баланың анасы, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде. Әріптесі,тарих пәнінің мұғалімі: В.С.Абылхасова №3 орта мектебінің физика пәнінің мұғалім Жаксылыкова Эльмира Шакмерденовнаға ПІКІР Жаксылыкова Эльмира Шакмерденовна1994 жылы Жамбыл Педагогтік Институтынфизика және математика мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мектебімізде физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. Жоғары білімді, Педагог-сарапшы2022 жылы «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті» «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» «Alpha Academy» ұйымдастырған физика пәні шығармашылық байқауынан 4 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол ана тілімен қоса орысжәнеағылшын меңгерген ұлағатты ұстаз. 2022-2023 оқу жылында ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында «МИФ» пәндер бірлестігінің айлығында ашық сабағы мен сыныптан тыс сайыс-сабағын өте жақсыұйымдастырып, өткізе білді. Сонымен қатар аудан көлемінде «Физика пәнін оқытуда оқыту платформаларын сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында семинар өткізді. Айдандық семинар мен айлық барысында «Kahoot.it», «Learningapps», «Wordwall», «Phetcolorado», «Socrative», QR-code платформаларын қолдануды және т.б. жаңашыл тың идеялармен мұғалімдерді таныстырды. 2022-2023 оқу жылында «Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетісіктерін бағалау бойынша ) білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтап сертификатталған ұлағатты ұстаз. Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады. 2022-2023 оқу жылында мектепішілік «Шығармашылық топтың» мүшесі ретінде мектептегі сабақтарды зерттеу, талдау және әдістемелік көмек көрсетуші мұғалім. Жаксылыкова Эльмира Шакмерденовнаны мектебіміздегі білім беру үдерісіне үлкен қозғалтқыш күш болып табылатын, болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Баймамырова А.А. |