Абайға эссе. Абай жне ЛЕ нері
Скачать 27.5 Kb.
|
АБАЙ ЖӘНЕ ӨЛЕҢ ӨНЕРІ (эссе) №84 жалпы білім беретін мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Пазылақын Құралай Жетекшісі: Исламова Әйгерім Тоқтаржанқызы АБАЙ ЖӘНЕ ӨЛЕҢ ӨНЕРІ Абай және ақындық... Екеуі де бір-бірінен ажырағысыз, тұтастықта қарастырылатын ғажап әлем. Мұның ауқымы да, беретін тәрбиелік мәні де орасан зор. Мұнда қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармашылығының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында ойып алар орны, бағындырған белесі бар, өрісі аса биік, көркемдік әлемі айрықша аталатынын баршамыз білеміз. Абайдың ақындық әлемінің бір белесін танытатын туындысы – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Қазақ өлеңіне тән ерекшеліктерді сипаттай келіп, ұлы ақын Абай, ең алдымен, өлеңнің жүректерге жетуін көздеді. «Сөздің патшасына» теңелген өлеңнің қиыннан қиыстырылып, жіпке тізген моншақтай болып қалыптасуы жолында ақын біраз тер төгу керектігін тілге тиек еткен Абайдың ұтымдылығы да-осы. «Іші алтын, сырты күміс» сөз өн бойында мағына мен мазмұнның бірлігін жүктеп тұруын міндеттеді. Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінде өлең өнерінің қадір-қасиетін бағалап, терең мағыналы, өнегелі бағыт болуын атап көрсетті. Әдебиетке мүлде жаңа міндет жүктеді. Ол өз поэзиясының тыңнан түлегенін, «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дей отырып, оқырманның идеялық, эстетикалық түсінігі, талғамы, мәдениеті өсуін талап етті. Мұны өмірдің де, өнердің де қажеттілігі деп санады. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешекте гауһардай жарқырап, көзі ашық қалың оқырманына нұр болып құйыла берері хақ. Өз ойымды Абайға арналған мына жолдарыммен қорытқым келеді: Абайменен ұлық болып, өсеміз, Танылған ек жыраулармен кеше біз. Өлеңдерін өнеге деп бағалап, Арттырумен білімділік есе біз. №84 жалпы білім беретін мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Пазылақын Құралай Жетекшісі: Исламова Әйгерім Тоқтаржанқызы |