Абайдың мұрасы. Абайды мрасы
Скачать 15.39 Kb.
|
Абайдың мұрасы Абай Құнанбаев — қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманист, сазгер, зергер. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей облысында Шыңғыстау тауының баурайында, Қасқабұлақ қайнарынан алыс емес жерде дүниеге келген. Алғашында ақынның аты Ибраһим болған. Әжесі Зере сүйікті немересіне Абай деген ат қойды, бұл «ұқыпты, сүйкімді» деген мағынаны білдірді. «… Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..» Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді. Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді. Дана Абай туылғанына 175 жыл толғалы отырған тұсында да, қанша уақыт өтіп, адамзат баласы жаңа формацияға, жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, рухани суаты, сарқылмас қазынасы болып отыр. Шындығында, ұлылардың мұрасы заман мен уақыт төрелігіне бағынбайды. Өз шығармалығын адамзат болмысына қатысты мәңгілік тақырыптарға арқау ете білген ғұламалар уақыт өткен сайын түрленіп, толығып, құндылығы арта түсетіні тағы бар. Ойымды қорыта келе, Абай атамыз бізге үлкен мұра қалдырды.Осы мұра 1 ғасыр бойы сақталып келе жатыр.Абай атамыздың даналығы – халыққа арналған мұрасы. Оның ішкі әлемінің көрінісі ретіндегі ойшылдың мұрасы – халық даналығы мен санасының таусылмас қайнар көзі |