Главная страница

абылдаан Калменова Г. М. Дайындаан Шартаков Ш


Скачать 5.65 Mb.
Названиеабылдаан Калменова Г. М. Дайындаан Шартаков Ш
Дата20.01.2020
Размер5.65 Mb.
Формат файлаppt
Имя файла262768.ppt
ТипДокументы
#105026

Қабылдаған: Калменова Г.М.


Дайындаған: Шартаков Ш


Тобы: ЖТД-708


Активті иммунизация.Егу кабинеті,егу тәртібі.Егу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.Егуден кейінгі асқынулар.Жеке егу тәртібі


Активті иммунизация
Бұл агрессивті емес иммуногенді мөлшерлі түрде енгізу болып табылады.Оның мақсаты қоздырғышқа қарсы біріншілік иммундық реакцияны күшейту және иммундық есте сақтауды түзу.Негізгі қалаушысы Луи Пастер.Қазіргі кезде пассивті вакцинопрофилактика яғни,құрамында белгіліантигендерге қарсы антиденелер болатын спецификалық сары суды енгізу қолданылады.
Пассивті иммунизация- тез әсер береді.Сондықтан ол терапиялық жағдайда қолданылады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің №2295
қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі:
1.БЦЖ
2.ОПВ,ИПВ(полиомиелитке қарсы 2 вакцина)
3.ВГВ(вирусты гепатит В)
4.АКДС(көкжөтелге қарсы)
5.АДС
6.АД-М
7.АДС-М(дифтерия-сіреспелік)
8.Акт-ХИБ(гемофильді инфекция)
9.ҚҚП(қызылша,эпидемиялық паротит,қызамық)
10.Превенар 13 ПКВ 13(пневмококк)


ҚР Үкіметінің №2295 қаулысы бойынша,вакцинация амбулаториялық және аралас типті емханаларда жүргізіледі.Онда егу техникасын және екпеден кейінгі асқынулар кезінде жедел көмек көрсету жолдарын толық меңгерген мейірбике жұмыс жасауы тиіс.


Егу кабинетінде болуы керек:
-Вакцина сақталатын стол;
-Дәрілік заттар мен құралдарға арналған шкаф;
-Залалсыздандырылған материалдар салатын бикс;
-Баланы орайтын стол;
-Кушетка;
-Вакцина дайындауға арналған стол;
-Құжаттарды сақтауға арналған шкаф;
-Залалсыздандыратын сұйық қойылған ыдыс;
-Әрбір екпені жүргізуге арналған нұсқаулықтар
-Жедел және шокқа қарсы терапия жиынтығы,оларды қолдануға нұсқаулықтар.
-Құжаттар


Кабинетте келесі құжаттар болуы керек:
1.Балаларды есепке алу журналы.Бөлімше бойынша балалар тізімі 0-18 жас.
2.Екпенің жылдық журналы
3.Ерекше есепке алу журналы.
4.Вакциналардың қозғалысы бойынша 064-2/у журналы.
5.Инфекциялық аурулар,жедел тағаммен улану туралы құжат 058/у.
6.Профилактикалық егулер 063/у,жаңа туған балаға толтырылады.


Егу жасамас бұрын баланы мұқият қарап аламыз.міндетті түрде дене температурасы өлшенеді.Анамнез жинау барысында баланы қарау кезінде ауру белгісінің бар-жоғына назар аударамыз.бұрын жүргізілген екпелерді қалай көтергендігі,аллергиялық реакциялардың болуы ескеріледі.Алдын алу екпесін жүргізуге берілген рұқсат бала дамуының тарихына 112/у формасы жазылады.
Алдын алу екпелері парентеральді және пероральді жүргізіледі.
Екпе алған бала екпеден кейінгі реакцияларын қадағалау мақсатында 30 мин бойы сол медициналық ұйымда бақылауда болуы керек.


Жүргізілген егу туралы мәліметтер келесі есепке алу формаларында тіркеледі:
1.Профилактикалық егу картасына форма 063/у
2.Баланың даму тарихына 112/у
3.Баланың медициналық картасына 026/у
4.Егу паспортына
5.Вакцина қозғалыс журналына 064-2/у

Поствакцинациялық реакциялар


Бұл вакцинаға қарсы организмнің қалыпты реакциялары.Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды(бірнеше сағаттан тәулікке дейін).Тірі емес вакциналарды енгізгеннен кейін 3 күнге дейін,ал тірі вакцина қолданғанда орташа 3-5 күнге созылады.
-балада температурасының жоғарылауы,әлсіздік,ұйқысыздық,тәбет болмауы,құсу сияқты симптомдар болуы мүмкін

Егуден кейінгі асқынулар


Вакцинациямен байланысты патологиялық өзгерістер қатарындағы организмдегі өзгерістер,сәйкес вакцинаның болашақтағы қарсы көрсеткіштері.Оның пайда болу себептері:
-вакцина тасымалдауы мен сақталу шартының бұзылысы;
-вакцина сапасының сай болмауы;
-енгізу техникасы дұрыс болмауы;
-ағзаның жеке ерекшеліктері.

Асқынулар:


1.Күшті реакциялар:дене қызуының 40С көтерілуі,дірілдер,естен тану
2.Аллергиялық реакциялар:анафилактикалық шок,есекжем,Квинке ісігі.
3.Энцефалит немесе менингит дамуы.

Вакциналардың барлық түрлеріне қарсы көрсеткіш:


-Вакцинаны енгізгеннен 48 сағат өткеннен кейін күшті реакция,фебрильді және афебрильді тырысулар
-Алдыңғы осы вакцинаны енгізгеннен кейінгі асқынулар.Олар:екпе енгізгеннен кейінгі 24 сағат ішіндегі дамыған анафилактикалық шок,жедел аллергиялық реакциялар.
-ОЖЖ жедел аурулары.



написать администратору сайта