Главная страница

«Lets speak English» үйірмесі-анализ. Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебікмм ні Lets speak English йірмесінде жргізілген жмыстарды есебі р жыл сайын Lets speak English


Скачать 14.52 Kb.
НазваниеАбыралы жалпы негізгі білім беретін мектебікмм ні Lets speak English йірмесінде жргізілген жмыстарды есебі р жыл сайын Lets speak English
Дата25.05.2023
Размер14.52 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла«Lets speak English» үйірмесі-анализ.docx
ТипДокументы
#1158170

«Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі»КММ –нің «Lets speak English» үйірмесінде жүргізілген жүмыстардың

ЕСЕБІ

Әр жыл сайын «Lets speak English» үйірмесінің жұмыс жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Үйірмеге 5,6,7 сынып оқушылары қатысты, барлығы 19 оқушы. Үйірме старостасы Қапезов Бекасыл болып тағайындалды. Үйірме отырысы аптасына 1 рет әр бейсенбі сайын ұйымдастырылады. Үйірме ұжымы әр түрлі сынып оқушыларының достығына және оқушының өзін-өзі ұстау қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына серпіліс береді.

Үйірмеге қатысатын оқушылар үйірменің құрылымы, жүргізілу барысы, мақсат-міндеттерімен таныстырылды. Үйірмеде мынадай жұмыстаорды жүгізіп отырдым. Оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыру.

Ағылшын тілінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар және мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың шетел халықтарының өмірімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру. Ағылшын халықтарының тұрмыс-тіршілігімен, олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен, алынған деректерімен, бұл халықың көрнекті жерлерімен танысу. Оқушыларды қарапайым, қысқа нұсқаулар сияқты материалдар оқи алу және аудара алу біліктерімен қаруландыру.

Бұл бағдарламаның мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2 қалыптасу алдыңдағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Қазіргі кезде Республикамыздың басқа шет елдермен қарым-қатынастары артып отырғандықтан, елімізге шет тілінде еркін сөйлей және түсіне алатын жастар қажет. Олар мектепті бітіргеннен кейін өз білімдерін одан әрі дамыту үшін түрлі салаларда қолдана алады.

Үйірме мүшелері әрдайым олимпиада, конкурстарға қатысып отырады. Жүлделі орындарға ие болып отырды.




Жылы

Оқушының аты-жөні

Конкурс атауы

Деңгейі

Орыны

1

2020

Қапезов Бекасыл

British Buldog

Халықаралық

ІІІ

2

2020

Маратов Айбек

«Өрлеу» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы


Республикалық


І

3

2021

Садуов Қанат

«Өрлеу» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы


Республикалық


І

4

2022

Айдынова Гүлсезім

«Өрлеу» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы


Республикалық


І


Шет тілі сабақтарының ең басты мақсаты-оқушыларға тек қана сол елдің тілін ғана емес, онымен қоса шетел тыныс- тіршілігінен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектеседі. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, өз пікірлері қалыптасады, сол елдердің мәдениетімен танысады.

Бұл бағдарламаны орындау үшін келесідей міндеттер қойылады:

1. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру.

2. Коммуникативтік біліктіліктерді сөз әрекетінің төрт түрінде – тыңдалым, сөйлеу, оқу, жазу – шет тілінде қарым-қатынаста жүзеге асыру;

3. Оқушыларға үйреніп отырған тілі негізінде сол елдің мәдени нормаларын, салт-дәстүрлерін оқып үйрету;

4. Шеттілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу іскерлігін қалыптастыру;

5. Алынған жалпы оқыту іскерліктерін, дағдылар және біліктерін оқу-танымдық құзыреттіліктерді дамытуға ықпалдасатын оқу және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында қолдану;

6. Ұлттық өзіндік сана сезімді, әртүрлі қауымдастық адамдарының арасындағы өзара түсіністікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілеріне толеранттық қарым-қатынасты дамыту.


написать администратору сайта