Главная страница
Навигация по странице:

  • Мектепалды даярлық тобы

  • 1-4-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады

  • 5-9-сыныптарда білім беру процесі

  • 10-11 сыныптарда білім беру процесі

  • түсінік хат. Түсінік хат күнтізбелік жоспарларға 2021 түзетілгені. Абла мектеп ббекжай балабаша кешеніні 20212022 оу жылыны оу жмыс жоспарына тсінік хат


    Скачать 46 Kb.
    НазваниеАбла мектеп ббекжай балабаша кешеніні 20212022 оу жылыны оу жмыс жоспарына тсінік хат
    Анкортүсінік хат
    Дата25.05.2023
    Размер46 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаТүсінік хат күнтізбелік жоспарларға 2021 түзетілгені.doc
    ТипДокументы
    #1158284

    Ақбұлақ мектеп- бөбекжай- балабақша кешенінің 2021-2022 оқу жылының оқу жұмыс жоспарына түсінік хат

    Ақбұлақ мектеп- бөбекжай- балабақша кешенінің мектепалды даярлық тобына, 1-11 сыныптарға арналған оқу жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатымен жүзеге асырылады.

    2021 – 2022 оқу жылында мектепте 1 (бір) сынып комплект МАД тобында - 12 оқушы, 12 (он екі) сынып комплект 1-11 сыныптарда - 105 оқушы бар.

    Педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 11-сыныптар үшін 22-қосымша ЖМБ, 1-10 сыныптар үшін (2020 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыруларымен) 1-4 сыныптар үшін 1-қосымша, орыс сыныбы үшін 2- қосымша, 5-9 сыныптар үшін 6-қосымша, 10-сыныптар үшін 31-қосымша ЖМБ сәйкес алынды.

    Мектепалды даярлық тобы

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
    31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен
    оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

    -ҚР БҒМ 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

    -ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары;

    1-4-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
    31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен
    оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығымен (1 және 2 қосымша) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы
    білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 27
    қарашадағы №496 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
    31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқыту жүктемесі өзгерген жоқ. Пәнді оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген №496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілді).

    5-9-сыныптарда білім беру процесі:

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
    31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен
    оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығымен (6 қосымша) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы
    білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылы 25 қазандағы №545, 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №496 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы
    білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

    9-сыныптарға оқытуға аптасына 1 сағат вариативті компоненттен бөлінді.

    «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен жүзеге асырады.

    10-11 сыныптарда білім беру процесі:

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
    31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен
    оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығымен 10-сыныптар үшін 31- қосымша ЖМБ, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен 11-сыныптар үшін 22-қосымша ЖМБ)

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы
    білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 14
    желтоқсандағы №496 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы
    білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7
    наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

    -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндері бойынша негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 21 сәуірдегі №154 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша енгізілген өзгерістермен»);

    Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат, 2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат.

    «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық» оқу курсының аясында 10-сыныптарда 12 сағаттық, 11-сыныптарда 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады.

    Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады. 2021-2022 оқу жылында 10 сыныптарға 1 сағаттан бөлінді.

    10-11 cынып оқушылары жаратылыстану-математика бағыт бойынша таңдау жасады. 11- сыныбында тереңдетілген пәндер химия, физика аптасына аптасына 3-сағаттан оқытылады. Стандартты деңгейден 11 сыныбына «Графика және жобалау» аптасына 2 сағат бөлінді.


    написать администратору сайта