Главная страница
Навигация по странице:

  • - Адам дегеніміз кім Адам баласы не себепті өмірге келді - Адам қайдан, қалай жаратылды - Мен не істей аламын, не біле аламын

  • Философия Эссе. Дүйсен Ақниет 2003ОМ. Адам айдан, алай жаратылды


    Скачать 14.42 Kb.
    НазваниеАдам айдан, алай жаратылды
    АнкорФилософия Эссе
    Дата05.09.2020
    Размер14.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДүйсен Ақниет 2003ОМ.docx
    ТипДокументы
    #136772

    ЭССЕ

    Адам баласы сан ғасырлар бойы жер бетінде өмір сүріп келеді. Әрбір сағат, әрбір күн, әрбір мезгіл өткен сайын жаңа нәрселерді тану арқылы оның өмірге деген көзқарасы да өзгере түседі. Сол себептенде, ойлау мәдениетінің пайда болу тарихы - адамның пайда болу тарихымен қатар өркендеу үстінде деп нақты айта аламыз. Яғни, ойлау мәдениеті - адам баласының өзін айнала қоршаған ортаны, тіршілікті, жалпы дүниені танып, бейнелей алуының деңгейі.

    Философияда тура ойлау мәдениеті секілді - дүниеге деген көзқарас. Алайда, философия нақты дереккөздерге, ғылыми ұғымдарға сүйене отырып тұжырымдалған. Ұлы ойшыл Сократ айтып кеткендей: “Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”. Осылайша философия өзініңт метафизикалық сұрақтарымен әлі күнге дейін адам баласын тебірентіп келуде (грекше “метафизика “ - болмыс жөнінде тәжірибенің шеңбернен шығып кететн мәселелер). Яғни, сонау Шығыс елдерінде негізі қаланған сәттен бастап-ақ, барлық философтар:


    - Адам дегеніміз кім? Адам баласы не себепті өмірге келді?


    - Адам қайдан, қалай жаратылды?


    - Мен не істей аламын, не біле аламын?

    - Мен не нарседен үміттене аламын? деген секілді сұрақтарға жауап іздеуде.

    Ал бұл сұрақтардың жауабын философиялық көзқарасты, рационалды жүйелеуді, гуманистік пікір мен болжам жасауды ұштастыру арқылы ғана таба аламыз. Сонымен қатар, философия ұлттардың дамуында да әрдайым өз үлесін қоспақ. Тарихымызды зерделей отырып, бір мемлекет астына ұйысқан халықтың рухани мұрасын, әлеуметтік және саяси қағидаларын дүниеге деген көзқарастармен негіздей отырып мұрамызды игеруге өз үлесін қоспақ. Тіпті, Елбасымыздың өзі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында философияның рухани құндылықтарымызды қалыптастыруда үлкен роль атқаратынын айтқан болатын.

    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, философия ілімі - адамшылық жолында қараңғыдан алып шығар шамшырақ. Біз философиядан парасаттылықты, ақиқатты, еркінділікті, толеранттылық пен байыпты ойлауды таба аламыз. Және де ол өз-өзін сақтап қалу үшін, “Адам баласы мен дүниенің” шегіне жете білген жалпы қарым-қатынастардың шеңберінде әрдайым болуы тиіс.


    написать администратору сайта