Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ мақсаты

  • Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу.

  • Үй тапсырмасын тексеру. . Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

  • Мұғалім сыйы.

  • Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1 тапсырма. «Бір – бірімізді қалай танимыз» ойыны

  • 2 тапсырма. Сахналау.

  • Топпен ән айту. Жақсы адамдарым Әні: Ж.Төлебай, Сөзі: С.Ботабаев Үй тапсырмасы.

  • Қмж. Саба_ №22 __ндылы__ Д_рыс _рекет _асиеттер Шынайылылы_, жауапкер. Адамдар арасында мір сру нері


    Скачать 21.15 Kb.
    НазваниеАдамдар арасында мір сру нері
    Дата21.02.2022
    Размер21.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаба_ №22 __ндылы__ Д_рыс _рекет _асиеттер Шынайылылы_, жауапкер.docx
    ТипДокументы
    #368816

    Адамдар арасында өмір сүру өнері
    Сынып 11 «ә» Күні: 22.02.2022

    Сабақ № 22

    Құндылық: Дұрыс әрекет

    Қасиеттер: Шынайылылық, жауапкершілік, қайырымдылық

    Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамдар арасында өмір сүру өнері туралы түсіндіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

    Міндеттері:

    Білімділік: Адамдар арасында өмір сүру өнері туралы білімдерін тереңдету.

    Дамытушылық: Оқушылардың адамдар арасында өмір сүру өнерлерін шынайылық, жауапкершілік қасиеттері арқылы дамыту.

    Тәрбиелілік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға қайырымды болуға тәрбиелеу.

    Сабақ барысы:

    Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу.

    Амандасу, түгелдеу, 5Т ережесін еске түсіру, «Нұрға бөлену», «Хрустальная грусть» композициясы.

    Үй тапсырмасын тексеру..

    Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

    1. Эндрю Карнгеи Швабқа не үшін жылына мың доллар төлеп тұрған?

    2. Шваб өзінің ерекшелігін қалай түсіндіреді?

    3. Швабтың іс – әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

    4. Адамдардың өзара жақсы қарым - қатынаста болуы қандай құндылық арқылы көрініс табады?

    5. Өзің адамдармен жақсы қарым – қатынас жасау үшін қандай әрекеттер жасап жүрсің?

    Дәйексөз.

    «Өзіңе қаламағаныңды өзгеге де істеме, өзіңе қалай қарағанын қаласаң, өзгеге де солай қара» Конфуций

    Сұрақтар:

    1. Неге өзіңе қаламағаныңды өзгеге де істеме деген?

    2. Өзгелермен қандай қарым – қатынаста болу қажет? Не үшін?

    3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

    Мұғалім сыйы.

    ЖАҢҒЫРЫҚ (Сілтеме, https://angimeler.wordpress.com/page/2/)

    Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а! » деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: «Сен кімсің?» деп дауыстағанда, Ғаниға:»Сен кімсің?» деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: » Сен қорқақсың!» – деп  айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: «Сен қорқақсың!» деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: «Әке, бұл кім өзі?» деп сұрады. Әкесі: » Ұлым, менің сөзіме құлақ сал», – деді де тауға қарап тұрып: «Мен сені жақсы көремін!» деп айқайлады. Таудан: «Мен сені жақсы көремін!» деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: «Сен әдемісің!» деді. Жауап: «Сен әдемісің!» деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: «Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол

    Сұрақтар:

    1. Ғани неге ашуланды?

    2. Әкесіне неліктен басқа дауыстар естілді?

    3. Ғаниға әкесі қандай кеңес берді?

    4. Адамдар арасында шынайылық, жауапкершілік, қамқорлық қасиеттерді көрсету арқылы қандай құндылық жарыққа шығады?

    5. Өзіңнің дос құрбыларыңмен қарым – қатынаста болған жағдаяттарда сен неге басшылық жасайсың? Ар – ожданға ма, әлде ақылға ма?

    6. Сендер бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

    Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

    1 тапсырма. «Бір – бірімізді қалай танимыз?» ойыны Сиқырлы қорапшадан бір сыныпта оқитын балалардың есімдерін кезекпен алып шығып, олардың жақсы, жағымды жақтарын айтуы тиіс. Мысалы: Бұл – Ғайша, ол – кішіпейіл, әрі жақсы дос. Бұл – Досан, ол – сабырлы, әрқашан көңілді.

    2 тапсырма. Сахналау. Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік бұл –сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында сәлемдесудің түрлері көп. Олай болса мынадай тапсырмаларды орындайық. Ата, әжелердің амандық - саулық сұрасуын сахналау. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы сәлемдесуді сахналау. Өз құрбыларымен сәлемдесуді сахналау.

    1. Топпен ән айту.

    Жақсы адамдарым

    Әні: Ж.Төлебай, Сөзі: С.Ботабаев

    1. Үй тапсырмасы.

    103 бет, сабақ №4 тапсырма

    Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қойылады.

    - Оқушылар, бүгінгі сабағымыздағы шынайылық, жауапкершілік, қайырымдылық қасиеттерін жүрегімізге сақтайық. Күнделікті өмірде дұрыс әрекет құндылығын ұстанайық. Сау болыңыздар!


    написать администратору сайта