ЭҚҚТ тест жауаптары 1 -150. Адамдар шін андай электр тогы ауіпті траты немесе айнымалы
Скачать 66.45 Kb.
|
139 Кернеуі 1000 в дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде рұқсат беруші болып кімді тағайындалуы мүмкін? a) Электр қауіпсіздігі бойынша IV төмен емес тобы бар жедел персонал қатарындағы қызметкерлер. b) Электр қауіпсіздігі бойынша III төмен емес тобы бар әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы қызметкерлер. c) Электр қауіпсіздігі бойынша III төмен емес тобы бар әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы қызметкерлер. d) Электр қауіпсіздігі бойынша IІІ төмен емес тобы бар жедел персонал қатарындағы қызметкерлер. 140 Жұмыс күні ішінде жұмыстағы үзіліс кезінде қауіпсіздік техникасының қағидалары талаптары a) Бригаданы жұмыс орнынан алып тастау қажет, бұл ретте жұмыс өндіруші (бақылаушы) жұмыс орнында қалады. b) Бригада жұмыс орнында қалады. c) Бригаданы жұмыс орнынан алып тастау керек. Бұл ретте наряд басшыда, жұмыс өндірушіде (бақылаушыда) қалады. d) Жұмыстың уақытша аяқталуы ресімделеді 141 Қауіптілігі жоғары үй-жайларда қолданылатын тасымалды (қол) шамдарды қоректендіру үшін қандай кернеу қолданылуы тиіс? a) 12 В жоғары емес. b) 42 В жоғары емес. c) 50 В жоғары емес. d) 127 В жоғары емес. 142 Қандай қызметкерлер жедел қызметкерге жатады? a) ) бекітілген электр қондырғыларына бекітілген көлемде жедел қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және дайындалған жөндеу қызметкерлер. b) Электр қондырғыларын жедел басқаруды және оларға қызмет көрсетуді (қарап шығу, жедел ауыстырып қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істеушілерге рұқсат беру және қадағалау, ағымдағы пайдалану тәртібімен жұмыстарды орындау) жасайтын қызметкерлер. c) электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, монтаждауды, реттеуді және сынауды қамтамасыз ететін қызметкерлер. d) электр жабдықтарында техникалық және жедел қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жөндеу, монтаждау және баптау жұмыстарын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметкерлер. 143 Ұйымның электр қызметкерлері қандай санаттарға бөлінеді? a) Әкімшілік-техникалық, жедел-жөндеу, жедел және жөндеу жұмыстарына; b) Әкімшілік-техникалық, жедел және жөндеу жұмыстарына; c) Жедел, жөндеу және жедел-жөндеу жұмыстарына; d) Әкімшілік, жөндеу және жедел қызметке; 144 Қандай электр қондырғыларында жұмыстар ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалуы мүмкін? a) кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында; b) кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларында; c) кернеуі 10 кВ дейінгі электр қондырғыларында; d) кез келген электр қондырғыларында; 145 Электр қондырғыларындағы қандай жұмыстар жоғары өрмелеу жұмыстарына жатады? a) Жер бетінен, жабыннан немесе жұмыс төсемінен 1,3 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар. b) Жер бетінен, жабыннан немесе жұмыс төсенішінен 2 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар. c) Жер бетінен, жабыннан немесе жұмыс төсенішінен 3 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар. d) Жер бетінен, жабыннан немесе жұмыс төсенішінен 5 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар. 146 Электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес қауіпсіздікті жарықтандыру не үшін қажет? a) Арнайы персоналмен қорғалатын аумақтардың шекараларын бойлай орнату үшін; b) Жұмыс уақытынан тыс уақытта аумақты жарықтандыру үшін; c) Жұмыс жарығын авариялық ажырату кезінде жұмысты жалғастыру үшін; d) Өндірістік үй-жайлардан тыс жарықтандыруды қамтамасыз; 147 Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында ток өткізгіш бөліктерде және олардың жанында кернеуді түсірмей жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік шаралары орындалуы тиіс a) жұмыс орнына жақын орналасқан кернеудегі басқа ток өткізгіш бөліктерді қоршау қажет; b)жұмыс орнындағы ток өткізетін бөліктерді жерге тұйықтағаннан кейін ; c) ұзын заттарды (құбырларды, баспалдақтарды және т.б.) енгізуге және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады; d) мұндай жұмыстарға тыйым салынады; 148 Қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс жүргізуді қандай құжат реттейді? a) ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстардың тізбесі; b) наряд-рұқсаттама; c) өкім; d) орындалатын жұмыстарға байланысты аталған құжаттардың кез келгені; 149 Электр техникалық персонал a) өз басқаруындағы технологиялық процестің негізгі құраушысы электр энергиясы (мысалы, электрмен дәнекерлеу, электр доғалық пештер, электролиз) болып табылатын, жұмысында қолмен басқарылатын электр машиналарын, тасымалды электр құралы мен шырақтарды пайдаланатын персонал және лауазымдық нұсқаулар арқылы осы қағидаларды білу белгіленген басқа да жұмыскерлер; b) электр қондырғыларының жұмыс режимімен монтаждауды, баптауды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді басқаруды жүзеге асыратын әкімшілік-техникалық, жедел, жедел-жөндеу және жөндеу персоналы; c) электр энергетика шаруашылығында технологиялық процесс жұмыстарын энергиямен қамтамасыз ететін персонал; d)энергетикалық қондырғылардағы қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленген электр энергиясын өндірістік процесте пайдаланатын персонал; 150 Жерге қосу құрылғысының тиімділігі неге байланысты? a) Желі кернеуінен b)Жерге қатысты фазалардың қарсыласу шамасынан Жерге тұйықтағыштың орналасу тереңдігінен Жерге тұйықтау құрылғысының кедергі шамасынан |