чек лист. А модуль вв инъекция каз. Адматы аласыны оамды денсаулы сатау басармасы
Скачать 67.31 Kb.
|
Модуль А Арман Әлиханұлы Арманов 38 жаста, ревматология бөлімшесіне 12 күн бұрын жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жүгінді. Науқас үйленген 2 баласы бар. Науқас шыдамсыз, көбінесе жағдайын сылтауратып жанжалға түседі. Ауруханаға түскен кезде науқастың санасы айқын, үлкен буындардағы құрысулар мен ісінуге, кішкентай буындардағы ауырсыну мен 38.0 С температураның жоғарлауына шағымданды. АҚ 140/80 мм. сын.бағ.ст. Рѕ-97 мин. Катаральды құбылыстар жоқ. Науқас жүре алмайды. Оған жедел ревматоидты артрит диагнозы қойылды. Науқасқа дәрі - дәрмек тағайындағаннан кейін жалпы жағдайы жақсара бастады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жалпы қанағаттанарлық, бірақ ол әлі де өздігінен жүре алмайды және жақындарының қолдауын қажет етеді. Шығару сәтіндегі көңіл-күй нашар, қабылдаудың бірінші күніндегідей. Шығарар алдында пациент дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілік ерітіндіні (100,0 мл х 100,0 мг физиологиялық ерітіндідегі Преднизолон ерітіндісі минутына 45 тамшы жылдамдықпен тамшылатып күніне 1 рет) алуы тиіс. Задание 1. Жеке күтім жоспарында науқастың қажеттілігінің бұзылуын көрсетіңіз. 2. Жеке күтім жоспарында науқастың мәселелерін көрсетіңіз. 3. Жеке күтім жоспарында пациенттің күтімі кезінде пациенттің туыстарында туындауы мүмкін мәселелерді көрсетіңіз. 4. Тәуелді мейірбикелік араласуды орындаңыз. 5. Тәуелсіз мейірбикелік араласуды орындаңыз. 6. Туыстарыңызға пациенттің гигиеналық күтімі және үй жағдайында қауіпсіз бейімделу бойынша тренингтер өткізіңіз. Ескерту: мейіргер демалыстан кейін 1 күн жұмысқа шықты. |