Главная страница

омривормв. Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл (Есеп). Ахмет байтрсынлыны туыланына 150 жылдыына арналан іс шара


Скачать 327.9 Kb.
НазваниеАхмет байтрсынлыны туыланына 150 жылдыына арналан іс шара
Анкоромривормв
Дата04.01.2023
Размер327.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАхмет Байтұрсынұлына 150 жыл (Есеп).docx
ТипДокументы
#872362


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС- ШАРА.

Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Дюсенова С.Г.

Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Іс- шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Өткізу тәсілі: дөңгелек үстел. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен түрлі фактілерді дайындап, мәліметтермен бөлісті. 10 сынып оқушысы Бекболат Мөлдір Ахмет Байтұрсыновтың «Анама хатын» ұсынды.





Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.

1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.

1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.



Анама хат

Қарағым, айналайын, қамқор анам

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сенi онда, менi мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай едi хақ тағалам

Бара алмай, өтiрiкшi болып әбден,

Семейдiң түрмесiнде отыр балаң.

Мал ұрлап, кiсi өлтiрген айыбы жоқ,

Өкiмет- өр зорлыққа не бар шараң

 «Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.

Оқ тиiп он ішiмде ой түсiрiп,

Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенiмнiң бәрi харам.

Адамнан туып, адам iсiн етпей,

Ұялмай не бетiммен көрге барам

Көп айтпай, қысқасынан сездiретiн

Балаңның мiнезi бар сөзге сараң.

Кетер деп «суға құлап, отқа түсiп»

Қайғы жеп, менiң үшiн болма алаң,

9 сынып оқушылары репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көріністі ұсынды.



Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, есте сақтау керек.


написать администратору сайта