Главная страница
Навигация по странице:

  • Диктант тақырыбы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналады. Ұйымдастырушылар

  • Мақсаты: Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай

  • Ашық диктантқа қатысушылар

  • Өткізу тәртібі

  • Диктант. Ереже Ашык диктант 20220329162647. Ахмет Байтрсыновты 150 жылдыына арналан барлы санаттаы азаматтар арасында тетін ашы диктант Тжырымдамасы


    Скачать 33.5 Kb.
    НазваниеАхмет Байтрсыновты 150 жылдыына арналан барлы санаттаы азаматтар арасында тетін ашы диктант Тжырымдамасы
    АнкорДиктант
    Дата24.05.2023
    Размер33.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЕреже Ашык диктант 20220329162647.doc
    ТипДокументы
    #1155411

    Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған

    барлық санаттағы азаматтар арасында өтетін ашық диктант

    ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

    Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай 2022 жылғы 1 сәуір мен 10 сәуір аралығында ашық диктант өткізеді.

    Диктант тақырыбы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналады.

    Ұйымдастырушылар:

    • Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

    • Қала және аудан әкімдіктері

    • Қазақстан халқы Ассамблеясы;

    • облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар, білім ордалары;

    Мақсаты:

    Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай әрбір азаматқа қазақ тіліндегі білімін тексеруге және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың мәдени мұрасы ретінде сауаттылық пен сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және арттыру.
    Ашық диктантқа қатысушылар:

    • этномәдени бірлестіктердің өкілдері;

    • жастар ұйымдарының өкілдері;

    • мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер;

    • қоғам белсенділері;

    • жастар;

    • барлық ниет білдірушілер.


    Өткізу тәртібі:

    Ашық диктантты қала және аудан әкімдіктері 2022 жылғы 1 сәуір мен 10 сәуір аралығында тиісті бағынысты мекемелермен бірлесе ұйымдастырады;

    - ауқымды түрде өткізуге шақыру хабарламаларын дайындауды ұйымдастырады;

    - диктант өтетін орындарды белгілейді;

    • ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамын бекітеді;

    • ашық диктантты оқитын адамды анықтайды (ашық диктантты оқитын адамның дикциясы анық әрі таза болуы тиіс, мүмкіндігінше жергілікті театрлардың әртістерін немесе филологтарды тартуды қарастыру қажет);

    • Қала және аудан әкімдіктері ашық диктанттың нәтижесі бойынша ақпарат жолдайды (ақпараттың мазмұны: қатысушы контингеттің құрамы, соның ішінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің саны және ашық диктантты жазушылардың деңгейі).

    • ашық диктанттың нәтижесін Басқарма жинақтап қорытындысын шығарады (қоса берілетін кестеге сәйкес);


    написать администратору сайта