Документ Microsoft Office Word. Ахметова Эльмира бт11 Тапсырма5 Механикалы діс
Скачать 28.4 Kb.
|
Ахметова Эльмира БТ-11 Тапсырма-5 1. Механикалық әдіс Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады. Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады. Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар. Су тұндырудың жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін төмендегідей әдістер және қондырғылар қолданылады. Олар лас суды жай аэрациялау, биокоагуляторлар, табиғи аэрациялау бар мөлдіреткіштер, мөлдіреткіш-шіріткіштер, екі қабатты тұндырғыштар, флотаторлар, мұнай ұстағыштар, май ұстағыштар. Тұндырғыштардың тұндыру эффектісі 60%, органикалық заттарды ұстау эффектісі - 10 15%-тен аспайды. Ағын суларды тазалаудың механикалық әдісінде ластаушыларды айыру үшін гравитациялық және ортадантепкіш күштер қолданылады Механикалық әдісте ағынды судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды,електерді, гидроциклондарды, т. б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды. Биологиялық әдіс Бұл әдісте әсіресе тұрмыстық қалдық суларды тазалауға пайдаланады. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге айналады. 250 мын халықы бар қалаға 15-20 гектар жерге биологиялық сүзгі жасап, астындағы қабатына қиыршықтас немесе ірі құмт төсеп үстіне биологиялық заттардан жұқа жапқыш сияқты қабат жасап, оған көзге ілінбейтын ұсақ организмдерды орналастырады. Ластанған суды осы организмдер мен қиыршақ тас қабаттарынан өткізіп тазалайды. Биологиялық тазалау әдісінін екінші түрі –аэротанктер . Олар темір беттоннан сұйық зат құятын ыдыс (резервуар ) түрінде жасалады ,ішіне тұнба балшық , лай салып оттекпен өмір сүретін, көзге ілінбийтін ұсақ организмдерді орналастырып, солар арқылы қалдық суларды ағызып тазалайды Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қорректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т. б.) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Ағынды суды тазалау үрдісі Биологиялық әдіс микроорганизмдердің қатысуымен екі процес жүреді: Аэробты және анаэробты үрдістер аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді. Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді. Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді. Ағынды судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда - биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізуге болады. Химиялық әдіс Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.Бұл әдіспен тазалағанда ермеген қалдықтың 95, еріген қалдықтардың 25% бөліп алуға болады. Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды тазартуға қолданбайды. Химиялық әдістер негізінен бейорганикалық қосылыстарды тазарту үшін қолданылады. Регенттік әдіске қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау, иондарды еруі қиын қосылыстарға айналдыру, бейорганикалық заттарды тұндыру жатады. Жиі қолданылатын әдіске қышқыл суларды негіздермен, күйдіргіш натримен, әкпен магнезитпен, сілті қалдықтарымен бейтараптау жатады, бұның ішінде ең көп қолданылатыны-калций гидрооксиді (сөндірілген әк) Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады. Физико-химиялық әдіс Физико-химиялық әдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады. Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген. Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар - бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады. Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет. 2. Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Оны тағаммен қатар тұтынуға болмаса да, тағам құрамына қосып пайдалануға болады. Бұл қосылыстар өсімдіктің әр-түрлі органдарында жиналады. Олардың мөлшері келесі факторларға тәуелді: климат, жергілікті экспозиция, өсімдіктің дамуының фазасы жане географиялық орны. Кейбір өсімдіктерде биологиялық белсенді заттар жерүсті бөліктерінде (бүршік, жапырақ, гүл, жеміс) жиналса, кейбіреуінде жер асты бойынша (тамыр) жиналуы мүмкін. Сол себепті, биологиялық активті заттарды бөліп алу үшін сол зат неғұрлым көп жиналған жерді алып, өңдеу қажет. Дәрілік өсімдіктер белсенді әрекет етуші заттармен қатар организмге қосымша заттарды да алып келеді: ақуыз, пектин, көмірсу, шайыр, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, гормондар және т. б. Бұл заттар фармокологиялық активтілік көрсетіп, организмге жақсы әсер етуі мүмкін. Қосымша әрекет етуші заттар организмге белсенді әрекет етуші заттардың сіңірілуі мен оның организмнен шығарылуына көмектеседі. Сонымен қатар организмдегі қан айналымын жақсартып, организмнің инфекцияларға қарсы тұруына көмектеседі. Қосымша әрекет етуші заттар кей-кезде белсенді әрекет етуші заттың дәрілік қасиетін жоғарылатып кей-кезде төмендетеді. Жалпы, биологиялык активті заттарды өсімдіктер мен қатар химиялық жолмен синтездеп алуға да болады. Осыған байланысты, табиғи және синтетикалық БАЗ деп ажыратылады. Табиғи биологиялық белсенді заттар - тірі ағзаның өмір сүруі барысында пайда болатын химиялық қосылыстар. Олар экзогенді және эндогенді болуы мүмкін. Дәрілік препараттар синтезінде осы топтар қолданылады. Яғни, көптеген дәрілік заттардың құрамында осы заттар бар. Экзогенді табиғи биологиялық активті заттарға жатады: каолиндер, фитонициндер, антибиотиктер, маразминдер, микотоксиндер және т. б. Эндогенді биологиялық активті заттарға жатады: ақуыздар, протеидтер, витаминдер, липидтер, ферменттер, көмірсулар, фитогормондар және т. б. Биологиялық активті заттарды синтездеу - нәзік органикалық синтез саласына жатады. Ең бірінші, сәйкесінше шикізатты таңдау керек. Маңызды шикізаттардың біріне - көмір, мұнай ал, біріншілік өңдеу өнімдеріне - көмірсулар жатады. Одан кейінгі минералды шикізаттар және ең күрделі өнімдер алу үшін ауылшаруашылық, микробиологиялық шикізаттарды өңдеп алуға болады. 3. Тағамдық қоспалар технологиялық функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 1) тамақ өнімдерінің дәмі мен хош иісін жақсартатын тағамдық қоспалар: тағамдық хош иістендіргіштер; дәмі мен хош иісін күшейткіштер, модификаторлар; тәтті дәм бергіштер (қантты алмастырғыштар және интенсивті тәтті дәм бергіштер); тағамдық қышқылдар; қышқылдықты реттегіштер; қанықтыру газдары. 2) тамақ өнімдерінің сыртқы түрін жақсартатын тағамдық қоспалар: тағамдық бояғыштар; бояуды тұрақтандырғыштар (бекіткіштер); ағартқыштар; жылтыратқыштар. 3) тамақ өнімдерінің консистенциясын реттейтін тағамдық қоспалар: эмульгаторлар; тұрақтандырғыштар; қоюлағыштар; қопсытқыштар; созылмалы ететін агенттер, темір түзуіштер (гель түзуіштер); еріткіш тұздар (эмульгациялайтын тұздар); көбіктендіргіштер; көбікті басушылар (көбіктенуге қарсы агенттер); толтырғыштар; нығыздалуға қарсы (түйірленуге қарсы) агенттер. 4) тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға ықпал ететін тағамдық қоспалар: консерванттар; қышқылдануға қарсы әсер ететін заттектер; тығыздағыштар (өсімдік тіндерін тығыздағыштар); ылғалды ұстаушы агенттер; газды орталар; 5) нан пісіруді жақсартқыштар (ұнды, қамырды, нанды жақсартқыштар). 6) кешенді тағамдық қоспалар; 7) тамақ өнімдерін өндіру процестерін жылдамдататын және жеңілдететін технологиялық қосалқы заттар: пісіп жетілуін жылдамдатқыштар; көбіктендіргіштер; көбікті басушылар (көбікке қарсы агенттер); флокулянттар; салқындатушы агенттер; таблеткілейтін құралдар; ферментті препараттар (ферменттер); пропелленттер; катализаторлар; пайдалы микроорганизмдердің тіршілігіне ықпал ететін заттар; жемістің қабығын аршуға арналған құрал; кептіргіштер; экстрагенттер; қопсытқыштар; эмульгациялайтын тұздар; сүзгіден өткізуді жеңілдететін заттар; тасығыштар, еріткіштер, сұйылтқыштар; капсулдауға арналған құралдар. |