Главная страница
Навигация по странице:

  • «Сұраққа жетіп ал»

  • «Галереяны шарлау» әдісі

  • «Ыстық орындық -1, 2» әдісі

  • «Бағдаршам»әдісі Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:Жасыл түс

  • Қызыл түс

  • «DEAL» әдісі D – Describe

  • A – Anallуse

  • «Кері байланыс бутерброды»

  • «Жетістік баспалдағы» әдісі

  • «Терминдер конверті» әдісі

  • «Тыңдайтын үшбұрыштар»әдісі

  • «Бөлмедегі заттар» әдісі

  • «Сұраққа жетіп ал» әдісі

  • «Менің есімімнің тарихы» әдісі

  • «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

  • «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі

  • ақылдың 6 ойлау қақпағы. Ақылдың алты ойлау қалпағы тасилдер. Аылды алты ойлау алпаы дісі


    Скачать 2.82 Mb.
    НазваниеАылды алты ойлау алпаы дісі
    Анкорақылдың 6 ойлау қақпағы
    Дата02.12.2022
    Размер2.82 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАқылдың алты ойлау қалпағы тасилдер.docx
    ТипДокументы
    #824204

    «Ақылдың алты ойлау қалпағы» әдісі
    Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.



    «Сұраққа жетіп ал»

    әдісі
    Оқушының өз бетінше

    жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру,

    сұрақ қою дағдыларын дамыту.



    «Галереяны шарлау» әдісі

    Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.



    «Өрмекші» әдісі

    Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.



    «Ыстық орындық -1, 2» әдісі

    Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.



    «Ашық микрофон» әдісі

    Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады



    «Шахмат» әдісі

    Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу.Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады.



    «Буклет» әдісі

    Ақпаратты жинақтау. Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады.



    «Желпуіш» әдісі

    Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру. Идеялар талқыланады, жинақталады.

    Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады.



    «Ұшақ» әдісі

    Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру. Идеялар талқыланады, жинақталады.



    «Бағдаршам»әдісі

    Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

    Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

    Сары түс – жаңа сабаққа

    көңілім толды.

    Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.



    «Бес саусақ» әдісі

    Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

    Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

    Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

    Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

    Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



    «Бұрыштар» әдісі

    Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, Таңдаған жауаптарын тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.



    «Гүлдер» әдісі

    Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?



    «DEAL» әдісі

    D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

    E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

    A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

    L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).



    «Домино»

    Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына жазба қалдырады.



    «Екі жұлдыз, бір тілек»

    Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.



    «Жақсылық тамшысы»

    Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.



    «Жұмбақ зат»

    Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
    Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.

    «Кері байланыс бутерброды»

    Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

    Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

    1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

    2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....


    «Көкпар» әдісі

    Топтық тапсырма: сұрақ- жауап арқылы білімін бағалау. Мұнда топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. Жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шар

    (1 балл) алады. Көп шар жинаған адам- көшбасшы.



    «Көңіл күй букеті»

    Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

    Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

    Сары түс – барлығы түсінікті

    емес.

    Жасыл түс – барлығы жақсы.


    «Кубизм» әдісі

    Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:

    Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).

    Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

    Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз)

    Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

    Қолдан (бұнымен не жасауға болады?)

    Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)



    «Алфавит» әдісі

    Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.



    «Ара ұясы» техникасы

    Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады.Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.



    «Жетістік баспалдағы» әдісі

    Оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.



    «Жеміс себеті»

    Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу.



    Жылдам фото»

    Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады. Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.



    «Терминдер конверті» әдісі

    Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.



    «Тыңдайтын үшбұрыштар»әдісі

    Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

    СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

    ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

    ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.



    «Пирамида тарихы» әдісі

    Жолдың номерін  сөздің санын  білдіретін,  «пирамидаға» сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:

    1) басты кейіпкердің

    аты  (тақырыптың);
    2) мінездеме немесе сипаттама;
    3) әрекеттің орны (пайдалану);
    4) проблема;
    5) жағдайдың өрісін сипаттау;
    6) проблеманы шешу үшін  не қолданылды.

    7) проблеманы шешу және  ары қарай не болатынын болжау.  


    «А,В,С» әдісі

    А-сұрақ қояды.

    В-жауап береді.

    С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

    Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

    Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.



    «Борт журналы» әдісі

    «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

    Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?



    «Бөлмедегі заттар» әдісі

    Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі.



    «Гүлмен тілек» әдісі

    Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.



    «Сұраққа жетіп ал» әдісі

    Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.



    «Менің есімімнің тарихы» әдісі

    (А.Ж.Егізбаев бойынша)

    Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.



    «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

    Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.



    «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі

    Оқушының ойлау қабілетін дамыту. Оқушының өзіне тест құрастыру арқылы уақытты тиімді пайдаланады. Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады.




    написать администратору сайта