Главная страница
Навигация по странице:

  • АИТВ синдромы деген не АИТВ синдромы – АИТВ инфекциясының бастапқы сатысы, АИТВ-ны алғаш жұқтырған кездегі сәт.АИТВ-ны жұқтырғаннан кейін не болады

  • АИТВ инфекциясының бастапқы белгілері қалай болады

  • АИТВ инфекциясының дамыған фазасы қандай болады

  • АИТВ-мен ауырған ер және әйелдерді емдеудеайырмашылық бар ма

  • Кімдер АИТВ жұқтыру қаупіндегі топқа жатады

  • Балалар АИТВ-ны өз анасынан қалай жұқтырады

  • Қандай қатынас қауіпсіз болып саналады

  • Мен өзіме АИТВ-ын жұқтырып алдым деп қауіптенсем не істеуім керек

  • Міндетті түрде АИТВ-ны тексертуге баруым керек пе

  • Дәрігер қандай негіздерге сүйене отырып менде АИТВ бар деп есептейді

  • Маған АИТВ-ның бастапқы кезеңінде диагноз қойылғаны маңызды ма

  • АИТВ-на диагностика жасату үшнін мітдетті түрде дәрігерге баруым керек пе

  • Қандай дәрі-дірмектер АИТВ инфекциясына қарсы қолданылады

  • Бұл дәрі-дәрмектермен емделуді қашан бастау керек

  • Данабек Әли. Аитв деген не


    Скачать 19.01 Kb.
    НазваниеАитв деген не
    Дата10.01.2022
    Размер19.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДанабек Әли.docx
    ТипДокументы
    #327008


    АИТВ деген не?

    Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) адамның иммун жүйесіне шабуылдайды. Негізі қалыпты иммун жүйесі адамды түрлі аурулардан қорғап тұрады.

    2

    Суретте: Адамның иммун жүйесі

    АИТВ иммун жүйесін бұзады, осыған орай АИТВ-ны жұқтырған науқас бактериалық және вирустық инфекциялармен зақымданады. Бұл ауруға шалдыққаннан кейін, адам организмінің онымен күресуге шамасы жетпейді, сондықтан жазылу процесі әлсірейді. АИТВ – жұқтырылған иммун тапшылығының синдромының (ЖИТС) бастапқы сатысы болып тадылады.


    ЖИТС деген не?

    ЖИТС – АИТВ инфекциясының асқынуының салдарынан туындайды. АИТВ асқынып, соңғы сатысына жеткенде, ЖИТС-ке айналады. ЖИТС-пен ауыратын адамдардың организмі, АИТВ-мен ауыратын адамдардың организмімен салыстырғанда тіптен әлсіз болады, ауруға қарсы тұра амайды. Олар көбінесе осы инфекциядан немесе рактан қайтыс болады.


    АИТВ синдромы деген не?

    АИТВ синдромы – АИТВ инфекциясының бастапқы сатысы, АИТВ-ны алғаш жұқтырған кездегі сәт.


    АИТВ-ны жұқтырғаннан кейін не болады?

    АИТВ-мен зақымданғаннан кейін, вирусты организмнен жою үшін адамның иммун жүйесі оған қарсы шабуылдай бастайды. Вирус көшірмелерін көбейтпей тұрғанда, организм инфекциямен күреседі. Тіпті адам АИТВ-ын жұқтырып алса да өзін бұрынғыдай жақсы сезіне береді. Қан талдамасынан да ешқандай өзгеріс байқалмауы мүмкін.

    Дегенмен, осы уақыттарда вирус ақырындап лимфатикалық түйіндерге шабуылдай бастайды. Лимфатикалық түйіндер организмдегі иммун жүйесінің орталық өзегі болып табылады. Осылайша вирус ми жасушаларына шабуылдап, олардың ақырындап бұзылуына себеп болады.

    10-15 жылдың ішінде АИТВ көптеген иммун торларын жояды, соның салдарынан организм инфекциямен күресе алмай қалады. Вирус CD4(см. түсініктемесі төменде) деп аталатын иммун торларын зақымдайды. Егер CD4 иммун торларының саны 200мл-нан төмендеп кетсе, АИТВ ЖИТС-ке ауысады (негізі CD4 иммун торларының саны 600-1000-ға жуық болуы керек). ЖИТС-ке шалдыққан науқас, қауіпті инфекцияларға тап болады.

    Белгілері


    АИТВ инфекциясының бастапқы белгілері қалай болады?

    АИТВ-ны жұқтырғанда бастапқыда ешқандай белгілері байқалмайды. Кейбіреулерде АИТВ тұмау тәрізді симптомдары сияқты көрінеді. Сол күйінде бірнеше аптаға дейін сақталып тұрады. Онымен мына белгілер байланысты болып келеді.

    • Қалтырау;

    • Бас ауруы;

    • Шаршаңқырай беру;

    • Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі;

    • Тамақ ауру

    • Бөртпе пайда болады.

    Егер адам бастапқыда АИТВ-мен залалданған болса, ол өз жағдайын білмейді де. Оған АИТВ жұқтырған адам да көрер көзге қалыпты көрініп, өзін жап-жақты сезініп жүре береді. АИТВ-ның симптомдары – мононуклеоз, тонзиллит, тұмау секілді аурулардың белгілеріне ұқсап келеді.


    АИТВ инфекциясының дамыған фазасы қандай болады?

    Ауру асқынғанда симптомдар да күшейеді және асқынады. Бұл белгілі бір уақытта білінуі мүмкін. Кейбіреулерде АИТВ-ның симптомдары тек 10 жылдан кейін біліне бастайды. Мұндай АИТВ-ның симптомдары мынадай болады:

    • Лимфатикалық түйіндер үлкейеді;

    • Іш өтеді;

    • Безгек пайда болады;

    • Жөтел пайда болады;

    • Демікпе пайда болады;

    • Өзінен өзі салмақ жоғалтады

    .


    АИТВ-мен ауырған ер және әйелдерді емдеудеайырмашылық бар ма?

    АИТВ ерде де, әйелде де бірдей болады. Инфекция жұқтырған адам ұзақ уақыт бойы қалыпты көрінісін бұзбай, өзін жақсы сезініп жүре береді. Узақ уақыт бойы екеуінің де иммундары ақырындап әлсірейді, содан организмдері басқа инфекциялармен күресу қабілетінен айырылады.

    Ер мен әйелдің залалданған АИТВ-ның айырмашылығы тек мынадай болады: әйелдерде иммун жүйесі әлсірегенде қосымша тағы бір аурулары пайда болады, ондай ауруларының бірі – қынаптық зеңді инфекциясы. Бұл өте қауіпті инфекцияға жатады. Бұл аурумен аурғанда төменгі ағзалар зақымданады (ағзадағы репродуктивті жүйенің инфекциямен зақымдануы) емделуі ауыр болады. Жатыр мойны ауруы тез асқынады, ракалды секілді (дисплазия) және рак (қауіпті ісік). Егер әйелде осындай АИТВ болса, оларды өкінішке қарай емдеу қиын.

    Қауіптің себептері мен факторлары


    АИТВ қалай жұғады?

    АИТВ адамнан адамға тек биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. Олар: қан, сперма, жатыр сұйықтығы сияқтылар. Залалданған анадан туған балалар жүктілік кезінде инфекциялануы мүмкін. АИТВ көбінесе мынадай жолдармен таралады:

     Инфекцияланған адаммен анал тесігі, жатыр және ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түскенде;

     Инфекцияланған адаммен ине немесе шприцтерді ортақ қолданғаннан;

    АИТВ-мен залалданған әйелдердің жартысынан көбі жыныстық қатынас жасасқан серігінен жұқтырған. Әйелдер еркекпен қатынас жасағанда жұқтырғанындай, басқа әйелмен қатынас жасаса да осылай жұқтырады. Инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасасқанда мүшеқапты дұрыс қолданбаса, әйелдерде АИТВ жұқтыру қаупі басым болады.


    Кімдер АИТВ жұқтыру қаупіндегі топқа жатады?

    Әуелбаста ЖИТС, АИТВ эпидемиялары белгілі топта, белгілі бір халық арасында тұйықталған, оған тап болатындар есірткі инесін қолданатындар, гомосексуалдар және гемофилиямен ауыратын науқастар (қан құрамы бұзылған, емдеу үшін тек қан құюды талап ете беретін ауру түрі) болатын. Гемофилиямен ауыратындар донорлық қан құю барысында АИТВ-мен залалданып қалған. Қазіргі уақытта донор қандары АИТВ-на қарсы тексеруден өткізіледі, егер қан АИТВ-мен залалданған болса, ол қан жойылады.

    Қазір АИТВ инфекциясы кең таралып кетті. АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі – мына топтарда жиі кездесіп жатыр:

    • Гомосексуалистер

    • Бірнеше адаммен жыныстық қатынас жасайтын әйелдер

    • Жезөкшелермен қатынас жасайтын еркектер

    • Есірткі қолданғанда инені ортақ қолданатын нашақорлар

    • Есірткі немесе ақша үшін жыныстық қатынасқа баратын адамдар

    • Жыныс мүшелері арқылы ауру тарататындар

    • Жоғарыда айтылған қауіпті топтағы адамдармен қатынас жасайтын жандар


    Балалар АИТВ-ны өз анасынан қалай жұқтырады?

    Жас балалар АИТВ-ны анасының аяғы ауыр кезінде, босану кезінде және омыраумен емізу кезінде жұқтырады.

    Қазіргі уақытта балаларда АИТВ көбінесе мынадай жолдармен де келіп жатыр: жүкті әйелге және жаңа туылған сәбиге дәрілік препараттарды тағайындағаннан. Егер жүкті әйел өзінің инфекция жұқтырғанын білмесе, мұндай әдістердің пайдасынан гөрі зияны басым тиеді. Көптеген АИТВ мен ауыратындар бастапқы сатысында өзін ауру сезінбейді.

    Инфекциямен зақымданған науқасты анықтайтын ең тиімді әдіс – АИТВ-ға тест тапсыру керек .

    Егер сіз жүкті болып қалсаңыз, дәрігерден өзіңізге пренатальді скрининг дәрежесіндегі АИТВ-ға талдама жасауын өтініңіз. Егер сіз бала көтеруді жоспарласаңыз, алдымен өзіңіз, және жолдасыңыз АИТВ-ға қатысты тексеруден өтіңіз.


    Қандай қатынас қауіпсіз болып саналады?

    АИТВ бөгде адамның организіміне тереңдеп еніп кете алмайды, сондықтан күнделікті қарым-қатынаста ол бірден жұға қоймайды. АИТВ жәй жанасып өткенде, қол ұстасқанда, құшақтасқанда, қоғамдық бассейнде шомылғанда, қан тапсырғанда, ыстық ванна қабылдағанда, қоғамдық дәретхананы пайдаланғанда, телефон арқылы сөйлескенде, есік тұтқасын ұстасқанда бірден жұқпайды. Сондай-ақ АИТВ тамақ арқылы да, масаның немесе басқа да жәндіктің шаққанынан жұқпайды.

    Диагностикасы


    Мен өзіме АИТВ-ын жұқтырып алдым деп қауіптенсем не істеуім керек?

    Егер сіз АИТВ-ны өзіңізге «жұқтырып алдым ба?» деп күмәндансаңыз, дереу дәрігерге барып тексеріліңіз. Ерте қойылған диагностика, ерте қабылдаған дәрі-дәрмектер аурудың өршіп кетуін бәсеңдете тұрады. Егер сіз шынымен де АИТВ-ны жұқтырған болсаңыз, дәрігер сізге өзіңізді қалай күту керектігі жайында кеңестер береді.

    Қаншама АИТВ жұқтырған адамдар сау көрініп жүр, өзін тексеру мақсатында кез-келген вируспен зақымданған жандар міндетті түрде АИТВ-ға қан талдамасын өткізуі керек. Қан талдамасынан АИТВ кездескен адам – АИТВ-пазитивті деп аталады. Дәрігеріңізден АИТВ жасырын емдеу жолына қалай өту керек екенін сұрап, нақтылап түсініп алыңыз. Дәрігер сізге тексерудің нәтижелерін түсіндіріп береді.


    Міндетті түрде АИТВ-ны тексертуге баруым керек пе?

    Дәрігерлер төсек қатынасында белсенді 18-65 жас аралыңындағылардың барлығының тексеруден өткенін дұрыс деп санайды. Егер 18-ден төмен, 65-тен жоғары жастағылар жұқтыру қаупі жоғары топта тіркелген болса, олар да тексеруден өткені дұрыс. Жүкті әйелдердің де тексеруден өткені ләзім. Көбінесе тексеру барысында, АИТВ-на қарсы антиденелер, инфекция жұққаннан кейін 2-3 ай өткенде бір-ақ белгі береді. Себебі, бұл уақыт антидененің пайда болу уақыты болып саналады.


    Дәрігер қандай негіздерге сүйене отырып менде АИТВ бар деп есептейді?

    АИТВ организмге еніп кеткеннен кейін, олар қанның «CD4 лимфоцит» деген ақ жасушаларына енеді. АИТВ CD4 жасушаларынан күн сайын миллиондаған өзінің көшірмелерін өндіреді. Зақымданған жаңа жасушалар бүкіл организмге таралады.

    Мына жолдар арқылы организм өзін қорғауға тырысады:

    1. Организм антиденелерді бөліп шырады (организм антиденелері вирустарға жабысады да, инфекцияның жеке көшірмелерінің өндірілуін бөгейді)

    2. Арнайы жасуша түзеді: Т-жендет жасушасы мен макрофаг деп аталатын жасушалар. Бұл жасушалар кейбір жаңа вируыстардан құтылу үшін организмге көмектеседі. Егер сіздің қаныңызде АИТВ-ға қарсы антиденелер пайда болса, біліңіз, сіздің организіміңіз сізді инфекциямен күресіп жатыр деген сөз. Бірақ, қажетті антиденелердің жиналып, қанды қорғау мүмкіншілігі, бірнеше айдың ішінде ғана болатын жағдай.

    Мұндай, АИТВ-мен инфекцияланған организмде қанды басып кететін антиденелердің саны аз болса, соның салдарынан талдама нәтижесі анықталмай қалуы мүмкін.

    Ауру симптомдарының білінуі кезінде қанда РНҚ АИТВ жоғары көрсеткіш көрсетіп тұрады. (РНҚ – «рибуноклеиінді қышқыл» деген сөздің қысқартылуы) РНҚ вирус активациясы кезінде егіледі. Ол «вирус жүктемесіне» тест өткізуге жол ашады. Ал бұл тест арқылы дәрігер сізде АИТВ инфекциясы бар ма, жоқ па біліп береді.

    Дәрігер алдымен сізде АИТВ-инфекциясының бар-жоғын анықтайды. Сіздің қаныңыз ИФА(иммунферментті анализ) әдісі бойынша тексеріледі. Егер осы талдаманың қортындысында инфекция бар болса, қаныңызды белогтық иммунблотиг әдісі бойынша қайта тексереді. Екі тесттің нәтижесінде де сізде АИТВ-инфекциясы көрініс беретін болса, дәрігер сізде АИТВ-инфекциясы бар деген диагноз қояды.

    Адамдағы АТИВ ЖИТС-на ұласып кетсе де оған 3 өлшем (критери) қояды. Үш өлшемнің болсын ЖИТС жайында белгі береді.

    • CD4 жасышаларының саны 200-ден төмен болса;

    • CD4 жасышалары пайызы 14%-дан төмен болса;

    • ЖИТС-байсланысты ауру кезінде .

    ЖИТС-байланысты ауру – бұл ауру, АИТВ-ын жұқтырған адамға қойылатын диагноз. 25-ке жуық аурулар ЖИТС-байланысты аурулар болып есептеледі. Оларға: пневмоцисті пневмоня (өкпе қабыну), саркома (ағза жасушаларынада өсетін қатерлі ісік) Саркома Капоши және сарқылу синдромы жатады. Егер АИТВ бар адамға ЖИТС-байланысты ауруы негізделетін болса, оған ЖИТС індеті деп диагноз қояды.


    Маған АИТВ-ның бастапқы кезеңінде диагноз қойылғаны маңызды ма?

    Иә. Қазіргі уақытта АИТВ емдейтін тәсіл жоқ. Организмнің антиденелер мен CD4 жасушаларының бөлінуі АИТВ өршіп керуін тек бәсеңдетіп тұрады, бірақ олардың шамасы вирусан толықтай құтылып кетуге жетпейді. Іс жүзінде өз-өзінен АИТВ-инфекциясына шабуылдағаннан сіздің иммун жүйеңізге аз уақыттық зиян келтіру мүмкін.

    Дегенмен, АИТВ-ны дәрі-дәрмек арқылы емдеу (дәрі-дәрмектердің бұл комбинациясы – антиретровирустық деп аталады) вирустың даму қарқындылығын бәсеңдетуге, иммунды жиенің ары қарай жұмысын ұзақ уақыт бойы жалғастырына септігін тигізеді. Міне сол үшін дәрігерлер АИТВ жұқтырған адамдарға ерте кезден емделу керетігін айтып жатыр.


    АИТВ-на диагностика жасату үшнін мітдетті түрде дәрігерге баруым керек пе?

    Дәрігер сіздің денсаулығыңыз және осындай құпиялы жағдайыңыз үшін кәдмгідей алаңдайды. Егер сіз АИТВ-ға қарсы тексерілгеңіз келсе, онда дәрігерге көрінуіңіз керек. Ол сізге тексерілуді бастау керектігін, немесе тексерілуге дейін қаншалықты күту керек екенін айтып береді.

    Есіңізде сақтаңыз, бір-ақ рет тексеру қорытындысынан сізде АИТВ-инфекциясы жоқ деп шығуы, сізде мүлдем инфекция жоқ, енді сіз болашақта онмен зақымданбайсыз деген сияқты сенімділік бермейді. Сіз дәрігерден АИТВ инфекциясына қарсы шараларды қолға алудың жолдарын сұрап, біліп алуыңыз.

    Емделуі


    Қандай дәрі-дірмектер АИТВ инфекциясына қарсы қолданылады?

    АИТВ инфекциясына қарсы бірнеше түрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Бәрінің мақсаты бір, бір комбинацияда организмдегі АИТВ-ның санын азайту үшін пайдаланылады. Терапияда жоғары белсенді антиретровирустық терапия (ВААРТ) деп аталатын бірнеше дәрілік препараттар қандағы АИТВ-ның санын азайту мақсатында қолданылады. Дәрігер терапияның әсерімен қандағы вирустық жүктеменің төмендеген дәрежесін анықтау үшін, сіздің осы дәрілерді қабылдау барысындағы жағдайыңызды назарында ұстауы керек. Дәрігер сізде жүрек айну, құсу, әлсіреу, ұю, периферикалық нейропатия (буынның және табанның ұюы) сияқты жанама әсерлердің болмағанына көзін жеткізу керек. ВААРТ кезінде қолданатын дәрілік препараттарға мыналар жатады:

    • Нуклеозидті кері транскриптаздың тежегіштері (НКТТ): АИТВ сау жасушаларға ене бастағанда, оған ДНҚ қолдану керек немесе өзіндік жеке көшірмелерінің шығартқызбау үшін осындай генетикалық материалдарды пайдаланған ләзім. Бұл дәрі-дәрмектер АИТВ-ның ДНҚ-ның сау тіндеріне еніп кетуінің алдын алады. ДНҚ—ның құралуынсыз вирус өзінің жеке көшірмелерін шығара алмайды.

    • Нуклеозидті емес кері транскриптазды тежегіштер: Осы топтағы басқа да препараттар ДНК жасушаларының АИТВ –ның көшірмелеріне айналуының алдын алуға бағытталған. Бірақ, олар өзге де жолдармен жүзеге асырылып жатыр.

    • Протеаз тежегіштері: Бұл топтағы дәрілер организмнің бойына АИТВ инфекциясымен зақымданған жасушалардың таралуын бөгейді.

    • Бірігу тежегіштері: Бұл дәрі-дәрмектер организмдегі сау жасушаларда АИТВ инфекциясының өңделуін тоқтатады. Бұл дәріні тек дәрігер ғана егеді.

    • Интеграза тежегіштері: Бұл дәрілер интегразаны бөгейді. Интеграз – АИТВ-ның вирусты ағуызы, сау жасушаларда АИТВ генетикалық материалдарының құралуына қатысады.


    Бұл дәрі-дәрмектермен емделуді қашан бастау керек?

    Мамандардың көпшілігі АИТВ инфекциясына қарсы дәрі-дәрмектерді CD4 жасушаларының саны 200-ден түспей тұрып қолданған дұрыс деп есептейді. Ал кейбір дәрігерлер өз науқастарына CD4 жасушаларының саны 200-ден 500-ге дейінгі аралықта болып тұрғанда қолдануды бастап кетеді екен. Сөз өз дәрігеріңізбен терапияға дейін қай уақытта дәрілерді қабылдау керектігін ақылдасып алғаныңыз жөн.


    написать администратору сайта