Реферат13 микро. Аитв (вич) адам ораныш тапшылыны оздырышы
Скачать 27.65 Kb.
|
Реферат Тақырыбы: ВИЧ- қоздырғышы. Шешек, қутыру, арбо-, аденовирустар. Герпесвирустар. Орындаған:Серік.Е АИТВ (ВИЧ) – адам қорғаныш тапшылығның қоздырғышыАИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды. АИТВ қоғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ мен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды.АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды. АИТВ қоғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ мен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды. ЖИТС дегеніміз не? ЖИТС (СПИД) – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға (құрт ауруы-туберкулез, өкпе қабынуы) қабылдағыш болады. Ондай жұқпалы аурулар «оппортунистік» (қолайлы жағдайларды пайдалана білетіндер) деп аталады, себебі олар аам қоғаныш жүйесі әлсіреп ауру қоздырғышына қарсы түру қабілеті әлсіреген кезде пайда болады. Қазіргі кезде АИТВ жұқпасының даму қарқынын тоқтататын дәрі-дәрмектер бар. Басқа дәрі-дәрмектермен «оппортунистік» жұқпаларды алдын алу немесе емдеуге болады. Егер ерте анықтаса оның алдын алу және емдеу мүмкіндігі көбірек болады. АИТВ жұқтырған адамда бір немесе бірнеше оппортунистік ауру анықталып және CD4 клеткаларының мөлшері белгілі деңгейге дейін төмендесе, ЖИТС деген диагноз қойылады. АИТВ қалай жұғады? Қанға АИТВ қажетті мөлшерде түскенде жұғуы мүмкін. Құрамында АИТВ-ның жұғатын мөлшері бар организм сұйықтары, олар: Қан; Қынап сұйықтығы; Шәуіт; Ана сүті. Сілекей, тер, несеп құрамында қоздырғыш жұқтыратын мөлшерде болмайды. АИТВ зақымдалмаған тері арқылы немесе ауа арқылы тұмау қоздырғышы сияқты берілмейді. АИТВ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар: АИТВ жұғудың 3түрі 1) ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ-сақтанбаған (мүшеқапсыз) терең жыныстық қатынас; 2) ҚАН АРҚЫЛЫ Шприц, ине және басқа да инъекция құралдарын ортақ қолдану; Тату пирсинг үшін залалсыздандырылмаған құралдар қолдану; Бөгде адамның қырынатын заттарын, көзге көрінетін қан қалдықтары бар тіс щеткаларын қолдану нәтижесінде; Жұқпасы бар қан тапсырушының қанын құйғанда. 3) АИТВ-ОҢ НӘТИЖЕЛІ АНАДАН БАЛАҒА- жүктілік, босану және емізу кезінде. АИТВ жұқпайтын кездер АИТВ оң нәтижелі адамдармен тұрмыста араласу мүлдем қауіпсіз; Тер мен көз жасы арқылы; Жөтелгенде және түшкіргенде Ортақ ыдыс немесе төсек жабындарын пайдаланғанда Ортақ қауыз бен унитазды пайдаланғанда Спортпен ортақ айналысқанда Қоғамдық көліктерде Қол алысу немесе құшақтау кезінде Жануарлар арқылы немесе жәндіктер шаққан кезде Сүйіскен кезде сілекей арқылы АИТВ жұқтырған адам пайдаланған кітаптар, кеңсе керек-жарақтары, жиһаз, телефон арқылы АИТВ жұқтыру мүмкін емес. АИТВ-ны қалай анықтауға болады? Сыртқы кел бетіне қарап, адам АИТВ-ны жұқтырғанын білу мүмкін емес. АИТВ-ны анықтаудың жалғыз әдісі – қанды лабораторияда тексеру, яғни арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы денелер дегеніміз ол организмде қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар. Оң нәтижелі анализ дегеніміз ол адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді, яғни ол адам АИТВны жұқтырған. Теріс нәтижелі анализ, яғни АИТВ-ға қарсы денелер қанында анықталмаған. Теріс нәтиже қандай жағдайларда болуы мүмкін: Егер адам АИТВ-ны жұқтырмаған болса; Адам АИТВ-ны жұқтырған күнде де, адам қанында АИТВ-ға қарсы денелер пайда болып үлгермейді, сол себепті қан анализінің нәтижесі теріс болады («терезе кезеңі») «Терезе кезеңі» деген не? Ағзаға тест-жүйелерімен анықтауға жеткілікті мөлшерде қарсы денелер пайда болу үшін 25 күннен 3 айға дейін (сирек жағдайда – 6 ай) уақыт керек. Осы уақыт кесігін «терезе кезеңі» деп атаймыз. Бұл кезеңде тест нәтижесі теріс болады. Сондықтан 3 айлацн кеейін анализді қайталау керек. «Терезе кезеңі» қанда, шәуітте, қынап сұйықтықтарыда және ана сүтінде қоздырғыш басқа адамдарға жұқтыратын мөлшерде болады. Тексеруді қай жерден өтуге болады? Кез-келген ЖИТС мен күресу орталығында, АИТВ-ға тексеретін анонимді кабинеті бар емханаларда, АИТВ-ға ТЕГІН тексерілуге болады. Тексеру кезінде міндетті түрде тест алдындағы және тест соңындағы кеңес берілу керек. Онда өзіңді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға болады. Адамда АИТВ бар екенін білу неге қажет? Өз денсаулығына көбірек назар аударып, «оппортунистік» жұқпалардың алдын алып уақытында емді бастау үшін; Дер кезін арнайы ауру дамуын басеңдететін препараттарды қолданып, аурудың дамуын тоқтату үшін; өзіне жақын адамдарға, туыстарына, достарына жұқтырмау үшін; АИТВ-ны жұқтырған анадан жүктілік, босану, емізу кезінде балаға берілудің алдын алу үшін. Қандай жағдайларда АИТВ тест тапсыру қажет? Кездейсоқ адаммен мүшекапсыз жыныстық қатынасқа түсу; Стерилденбеген медициналык және медициналық емес құрал-жабдықтарды қолдану (денеге сурет салу, сырга тағу т.б.) Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну. Жыныстық жолмен берілетін инъекциялар табылғанда; Гепатит В және С табылғанда; Қалай жұғудың алдын алуға болады? Әб бір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану керек. Тек өзінің таза инъекциялық құралдарыңмен қолданып және басқа адамға пайдалануға бермеу керек; Денеге таңба салу (татуировка) және сырға салу (пирсинг) кезінде тек таза құралдармен қолдану керек; Қанмен және қан жұққан материалдармен жұмыс жасаған кездде ақсөл (латекс) қолғаптарын кию керек; Тек өзіңнің таза немесе жаңа жеке гигиена құралдарымен (қырыну құралдарымен, тіс жуатын щеткаларымен) пайдалану керек; Жүкті анадан балаға АИТВ берілудің алдын алу әдістерін пайдалану (қоздырғышқа карсыпрепаратты үктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде, емшекпен емізбеу) керек. Көпжылдық халықаралық АИТВ-мен күресудегі тәжірибе, АИТВ жұқпасының жаңа жағдайының жұқтыруының алдын алуда басты кедергі болып адамдардың хұқықтарының бұзылуы, АИТВ/ЖИТС байланысты екенін куәландырады. Дұрыс емес ақпарат, АИТВ берілуі туралы аңыздар, таңба және кемсітушілікті тудырады, адамдардың хұқықтары бұзылуының басты негізі АИТВЖИТС контексті болып табылады. Адамдардың хұқықтары АИТВЖИТС қатысты адамдардың абыройы мен теңдігімен шатысып жатады, әртүрлі мәдениет пен дәстүрлер мінезделген. Адамдардың хұқықтары принциптері арасында, АИТВЖИТС -ға қатысты, көбіне мынаны белгілейміз: Кемсітушілікке құқық; Еңбек етуге құқық; Жеке өмірге құқық; Тең білім, медициналық көмек алуға хұқық; Қоғамдық және мәдениетті өмірге хұқық. АИТВ жұқтырған адамдардың хұқықтары шектеулі (мысалы, АИТВ жұқтырған адам қанның, органдардың доноры бола алмайды). Аденовирусты инфекция – аденовирустың көптеген серотроптарымен шақырылатын, көбінесе аэрогенды жолымен жұғатын, организмде эпителиальды және лимфоидты клеткаларында қалыптасып, клиникасында тыныс алу жолдарының, көздің, ағзалардың қабаттарымен лимфоидты ағзалардың қабынуымен өтетін антропонозды жедел инфекция. ЭтиологиясыҚұрамында ДНК-3 тұрақты антигені (А,В,С) бар Adeuoviridae тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сы адамға патогенды. Аденовирустардың ерекшелігі – лимфотроптылық. Сыртқы ортада төзімді. ЭпидемиологиясыТаралымы өте кең, көбінесе бірен саран оқиғалар немесе эпидемиялық өршу түрінде тарайды. Аурудың көздері: ауру адам, қоздырғышты ауамен 25 күн, нәжіспен 2 айға дейін шығарады вирус тасымалдаушылар: қысқа мерзімді реконвалесценция кезеңінде транзиторлы (иммунды адамдарда) ұзақ (бірнеше айға дейін) сау адамдардың миндалиналарында Тарау жолдарыауа тамшылы (негізгі) алиментарлы тұрмыстық қатынас арқылы (қосымша маңызды) Ауыратындар көбінесе балалар. Жалпы ЖРВИ құрамында аденовирусты инфекция балалар арасында 2-24%, ересектер арасында 2-6% кезінде кездеседі. Мерзімі күз-қыс айлары. Иммунитет: аурудан кейін типті спецификалық иммунитет қалыптасады. ПатогенезіАденовирустар тыныс алу, ас-қорыту жолдарының, көздің шырыш қабаттарына түсіп, олардың эпителиальды клеткаларының ішінде көбейеді. Шырыш қабаттарда эксудациемен фибрин түсуімен, некроздануымен өтетін жергілікті қабыну процесі қалыптасады. Аденовирусты инфекцияда патологиялық процесс типті түрде жұтқыншақта (фарингит). Қабыну процессі жоғарыдан төменге қарай түсіп интерсициальды инфекцияланған шырыш төмен асқазанға, ішекке түсіп асқорыту жолын зақымдануы себебі болады. Шырыш қабаттарынан вирус қан тамыры арқылы қанға өтіп-вирусемияны тудырады. Вирус қанмен организмдегі моноциторлы макрофагальды жүйесі клеткаларынан қалыптасқан ағзаларға тарайды (лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр т.б.). Вирусемия мен қатар токсинемия айқын өтіп-интоксикация себебі болады. КлиникасыКлиникалық көріністері әр түрлі болады. Клиникалық түрлеріне қарай келесі түрлерін ажыратады: жедел респираторлы ауру (ринофарингит) жедел фарингит фарингоконьюктивиальды қызба жедел коньюктивит нератоконьюктивит рифаренготонзилит Инкубациялық мерзімі 4-14 күн, орташа 5-7 күн. Клиникасында 2 синдром бөлуге болады: интоксикация синдромы патологиялық процесс орналасуына байланысты синдром Сырқат жедел интоксикация және катаральды көріністерден басталады. Интоксикация синдромы аденовирусты инфекцияда көбінесе шамалы түрде өтеді. дене қызуы жоғарлайды, максимальді көрсеткіші 2-3 күн бойы ұзақтығы 1-12 күнге дейін адинамие енжарлық бас ауру бұлшық еттерінде ауырсыну Катаральды синдром жоғары аталған клиникалық түрлерне сәйкес фарингит, тонзиллит, ринит белгілерімен өтеді. Аурулардың көбінде коньюктивит белгілері болады. Ас қорыту жолы жағынан: жүрек айну құсу эпигастральды аймақтағы ауырсыну диарея болуына тиісті Лимфаденопатия-аденовирусты инфекциясын көрнекті белгісі (көбінесе мойын, жақ асты лимфа түйіндері) Ауруларда жиі бауыр мен көкбауырдың ұлғайғанын анықталады. Кейбіреуінде денеге бөртпе шығуы тиіс: розеолезды дақты дақты-папулезды петехиальды Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлерінің ерекшеліктері: Жедел респираторлы ауруең жиі кездесіп жеңіл өтетін түрі. Көбінесе ринит белгілерімен кейде ринотраксобронхит түрінде өтеді. Жедел фарингиттамағын жұтынған кезде ауырсынуымен, жұтқыншақ шырыштарының гиперемиясымен, бадамша бездерінің қабынуымен және тыныс алу жолдарының зақымдануымен өтеді. Фарингоконьюктивиальды қызбада қызба, интоксикация белгілерімен қатар коньюктивит қалыптасады. Коньюктивитбасында біржақты болып, 4-5 күннен кейін 2-ші көзіне түседі. Қабынуы-катаральды, фоликулярлы немесе қабыршақтанған түрінде болады. Коньюктивит басында клиникалық көрініс болғанда 2 аптаға дейін созылады. Кератоконьюктивит коньюктивалардың қабынуынан басталып қасаң қабаққа өтеді. Қасаң қабақта субэпителиальды қабыну ошақтары, кейде торлану анықталады. Өзгерістер 3-4 апта бойы сақталады. Асқынулары.Екіншілік инфекция қосылу себебінен пайда болатын – пневмония, ангина, отит т.б. Диагностикасы.көрнекті клиникалық белгілер (коньюктивит, ринофаринготонзиллит, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия) лабораторлы тексерулер: иммунофлюоресцентті әдіс (зақымдалған клеткалар ішінде антигенді анықтау) серологиялық әдіс (жұпты сары су әдісін қолданып) иммуноферментті әдіс (ИФӘ) вирусты нәжістен анықтау Дифференциальды диагнозАденовирусты инфекцияның клиникалық түрлеріне байланысты өткізіледі. Респираторлы түрінде – гриппен ж.б. ЖРВИ Фарингоконьюктивальды қызбада – ангиналармен, дифтериямен. Қабықшаланған коньюктивитте –көз дифтериясымен. ЕміАсқынбаған ағында аденовирусты инфекцияны – амбулаторлы жағдайда емдейді. Көбінесе клиникалық көріністеріне қарай симптоматикалық және патогенетикалық ем жүргізеді. Болжамы сауығу. Алдын алу.Дене шынықтыру (эпид.көрсеткіштері болса, шаралар) .Вакцина егу (теірі энтеральды вакцина) |