эссе. Эссе. ай халыты да адір ттары зіні сзін сйлеп, кегін уар аыны мен батыры болады
Скачать 18.22 Kb.
|
М.Өтемісұлы Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры болады. Аумалы-төкпелі заманда қара бала сары қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен Махамбет болды. Махамбет - көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын. Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын. Намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тəнімен халқына арнап,еркіндік пен əділеттілікті ұран етіп,найза ұшын,қалам құдыретін шебер ұштастырды. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мəдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тəрізді.Қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дəстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Ауыз əдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дəстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен əділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Өз халқын, елін, жерін сүйген нағыз ердің басты мақсаты-ел басына күн түскенде «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу...» еді. Бойына туа біткен қайсарлығы арқылы досы Исатаймен біріге отырып, тәуелсіздік туын алғаш көтерді. Елінің азаттығы үшін ақберен ақын қаһармандық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етті, өзінің өткір тілді өрен жырларымен оларды күреске үндеді. Күрес-Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Ол қазақ әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал. Өзінің «Мұңайма» өлеңінде хан әскерлерінің халыққа көрсеткен қиянатын айта отырып, жасымауға, берік болуға шақырады. Ақ жұмыртқа сары уыз Әлпештеп қолдан өсірген Туған ұлдан не пайда- Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір ақ тусайшы Халықтың кегін қусайшы Артымыздан біздердің Ақырып теңдік сұрарға... Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, алмастай өткір жырлары халық санасына сахара тұрмысының мәңгілік алауындай шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын оятады. Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Махамбет ұлттық тұлға оның батырлығын ақындығын күйшілігін азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп дəріптеу керек. Махамбет сияқты батыр да ақын бабаларымызды ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз үшін күрескен Махамбет атамыздын рухына басымызды иіп, еліміз үшін курескені үшін елімізді одан əрі көркейту керек. Батыр бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің азаттығын алу болған еді,соны жадымыздан шығармай, əрқашан мақтан тұтып, болашақта елімізді көркейту – бізге парыз. |